08-2

Дивидендтік саясат және табысты бөлу

2016 жылдың 04 тамызында Жалпы жиналыста Қоғам шешімімен Дивидендті саясат бекітілді (№1 хаттамасы).

Қоғамның дивидендті саясатының мақсаты Акционерлер мен Қоғамның қызығушылықтарының балансын, дивиденттердің өлшемдерін анықтау кезінде ыңғайланудың болжамдылық пен тазалығының, оларды төлеу реті мен шарттарының балансын қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамның дивидендті саясатының негізгі қағидалары мыналар:

  1. Қаралымда жатқан Қоғамның барлық акция пакетіне дивидендтердің кепіл төлемінің қамтамасыз етілуі, және де Жалпы акционерлер жиналысының тапсырмасы бойынша шығымдар мен төлемдердің жүзеге асырылуы;
  2. Қоғамның қаражаты есебімен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың және түрлі жаңа қызметтердің қаражаттануының қамтамасыз етілу қағидасы.

Қоғамның дивидендтерді төлеу шарттары мыналар:

  1. Тәуелсіз аудиторлармен немесе үлестірілмеген пайдамен бекітілген қаржы есебіне сәйкес Қоғамның таза пайдасының (қорытынды пайдасы) болуы;
  2. Қолданыстағы заңнамада қарастырылған дивидендтердің төленуіне шектеулердің болмауы;
  3. Дивиденд өлшемі туралы Қоғамның Директорлар кеңесінің ұсынысы;
  4. Қоғамның акционерлерінің Жалпы жиналысының шешімі.

Қазақстан Республикасының Заңнамасына, Қоғамның Жарғысы мен Дивидендті саясаттың ережесіне сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесі қаржы есеп жылындағы Қоғамның таза пайдасының үлестіру реті туралы ұсынысты дайындайды.

Дивидендтің мөлшері туралы нақты шешімді Жалпы акционерлер жиналысы шешеді.

2017 жылғы 31 тамызда Қоғам Акционерлернің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, 2016 жылғы қызметтерінің нәтижесі үшін:

  • М. С. Мухановқа 2 124 910 мың теңге сомасында ақша қаражаттарын аудару;
  • Қарсы талаптарды өзара есептеу және «ҚТЖ» ҰК» АҚ мерзімі өткен берешегін 2,211,640 мың теңгеге мөлшерлес азайту жолымен иемденген акциялар пакетіне пропорциональды түрде 4 336 550 мың теңге көлемінде дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды..

2017 жылғы 16 қарашада М. С. Мухановқа 500 000 мың теңге көлемінде дивидендтердің бір бөлігі төленді. 31 желтоқсанда М. С. Муханов алдындағы дивидендтер бойынша берешек 1 518 664 мың теңгені құрады, ол дивидендтер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек құрамында көрсетілген.

2017 жылғы 30 қарашада «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымдарының кредиторлық берешегімен 2 211 640 мың теңге сомасына дивидендтер бойынша сомаларды есептеу жүргізілді.

2016 және 2017 жылдардағы 31 желтоқсанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ алдындағы дивидендтер бойынша берешек 644 160 мың теңгені құрады, ол дивидендтер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек құрамында көрсетілген.