07-8

2017 жылғы Қоғам Басқармасының отырыстары

Компанияның Басқарма қызметі Жарғыда, корпоративті басқару кодексінде және Басқарма туралы Ережеде жазылған ұстанымдармен белгіленеді. 2017 жылы Басқарманың 25 мәжілісі өткізілді, онда атқарушы орган құзырындағы Қоғам Жарғысына қарасты 101 мәселелер қарастырылып, сол бойынша шешімдер қабылданды. Басқарма өз қызметін акционерлердің жалпы жиналысына және Қоғамның директорлар Кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.

Аты-жөні Барлық мәжілістер, саны Мәжілістерге қатысымы, саны Ескерту
Надыров Жанболат Орақұлы 25 21 2016 жылғы 14 желтоқсандағы №10/2016, 2017 жылғы 20 қаңтардағы №1/2017 Директорлар кеңесінің шешімімен қайта тағайындалды
Левитанус Александр Владимирович 3 3 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3/2015 Директорлар кеңесінің шешімімен қайта сайланды (2017 жылғы 20 қаңтардағы №1/2017 Директорлар кеңесінің шешімімен уәкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды)
Жексембеков Данияр Тахирұлы 23 23 2016 жылғы 17 қарашадағы №9/2016, 2017 жылғы 20 қаңтардағы №1/2017, 12.12.2017 жылғы №10/2017 Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалды
Адайбеков Елнар Русланұлы 25 22 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3/2015, 2017 жылғы 20 қаңтардағы №1/2017 Директорлар кеңесінің шешімімен сайланды
Байтуғанов Сакен Мадиханұлы 23 16 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3/2015, 2017 жылғы 20 қаңтардағы №1/2017 Директорлар кеңесінің шешімімен сайланды
Канапин Айдос Магауияұлы 25 25 2015 жылғы 14 тамыздағы №7/2015, 2017 жылғы 20 қаңтардағы №1/2017Директорлар кеңесінің шешімімен сайланды
Сапронов Андрей Александрович 3 3 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3/2015 Директорлар кеңесінің шешімімен қайта сайланды (2017 жылғы 20 қаңтардағы №1/2017 Директорлар кеңесінің шешімімен уәкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды)
Хидуанов Жаркинбек Ишанбекұлы 3 3 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3/2015 Директорлар кеңесінің шешімімен қайта сайланды (2017 жылғы 20 қаңтардағы №1/2017 Директорлар кеңесінің шешімімен уәкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды)
Аты-жөні Барлық мәжілістер, саны Мәжілістерге қатысымы, саны Ескерту

Басқарма мәжілісіндегі қарасырылған өзекті мәселе болып табылады:

  1. ОА пен филиалдардың штат кестесін бекіту (өзгерістер мен толықтырулар енгізу);
  2. Ішкі құжаттарды бекіту:
    • «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының жаңа құрылымдық бөлімше бойынша бос орындарын алмастыру ережесі» біріктірілген менеджмент жүйесінің жұмыс нұсқаулығы;
    • «Транстелеком» АҚ орталық аппараты әкімшілік-өндірістік персоналдарының лауазымдық еңбек ақы және сыйақы көлемін белгілеу ережесі» біріктірілген менеджмент жүйесінің жұмыс нұсқаулығы;
    • «Қызметкерді іріктеу туралы Ереже» біріктірілген менеджмент жүйесінің жұмыс нұсқаулығы жаңа редакцияда;
    • «Транстелеком» АҚ қаржы көрсеткіштерін талдау әдістемесі» біріктірілген менеджмент жүйесінің жұмыс нұсқаулығы;
    • «Транстелеком» АҚ Инвестициялық комитеті туралы Ережесі;
    • «Транстелеком» АҚ Бюджеттік комитеті туралы Ережесі;
    • «Транстелеком» АҚ Техникалық кеңес туралы Ережесі жаңа редакцияда;
    • «Транстелеком» АҚ айналымдағы капиталдарымен жұмыс бойынша комиссия туралы Ереже жаңа редакцияда;
    • «Транстелеком» АҚ жақсарту бойынша Кеңесі туралы Ереже;
    • «Транстелеком» АҚ GREEn қозғалысы туралы Ереже;
    • «Транстелеком» АҚ қаіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы саясаты;
    • «Транстелеком» АҚ қаржы саясаты жаңа редакцияда;
    • «Транстелеком» АҚ жобаларды басқару саласындағы саясаты;
    • «Транстелеком» АҚ ақпараттық саясаты.
  3. бектіу:
    • 2016 жылғы жұмыстарының қорытындысы бойынша «Транстелеком» АҚ Басқармасының құрамына кірмейтін, орталық аппараттың атқарушы директорлар қызметтерінің нақты мағынасымен негізгі көрсеткіштер картасын;
    • «Транстелеком» АҚ Басқармасының құрамына кірмейтін, орталық аппараттың басшы қызметкерлерінің 2017 жылға уәждемелік картасын;
    • «Транстелеком» АҚ Тәуекелдер жөніндегі комитет құрамын жаңа редакцияда.
  4. Сатып алу мәселелері бойынша:
    • «TNS-Intec» ЖШС-нен бір көзден алу тәсілімен ҚҚС есептегенде 104 753 600 (жүз төрт мың жеті жүз елу үш мың алты жүз) теңгеге «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ локомотивтерінде Локомотив деңгейіндегі «Энергодиспетчерлік тарту» автоматты басқару жүйесі жабдықтарын іске қосу-жөндеу жұмыстарын сатып алу жүзеге асырылды;
    • қызметтерді сатып алу жүзеге асырылды:
      1. «Русский регистр Евразия» ЖШС-нен бір көзден алу тәсілімен ҚҚС есептемегенде жалпы сомасы 1 900 000 (бір миллионтоғыз жүз мың) теңгеге энергетикалық менеджмент жүйесі бойынша инспекциялық аудит жүргізуді сатып алу жүзеге асырылды;
      2. «Русский регистр Евразия» ЖШС-нен бір көзден алу тәсілімен ҚҚС есептемегенде жалпы сомасы 2 850 000 (екі миллион сегіз жүз елу мың) теңгеге сапа менеджменті жүйесі бойынша қайта серификатталған аудит жүргізуді сатып алу жүзеге асырылды;
      3. «Русский регистр Евразия» ЖШС-нен бір көзден алу тәсілімен ҚҚС есептемегенде жалпы сомасы 2 850 000 (екі миллион сегіз жүз елу мың) теңгеге экологиялық менеджмент жүйесі бойынша қайта серификатталған аудит жүргізуді сатып алу жүзеге асырылды.
    • Халықаралық сот органдарында және арбитраждарда мүдделерді ұсынуға байланысты, Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP –дан бір көзден алу тәсілімен ҚҚС есептемегенде жалпы сомасы 85 000 АҚШ долларына заңдық консультатциялық қызметтерді және өкілеттік қызметтерді сатып алу жүзеге асырылды;
    • «Corporate Business Systems» ЖШС-нен бір көзден алу тәсілімен ҚҚС есептемегенде 798 376 909 (жеті жүз тоқсан сегіз миллион үш жүз жетпіс алты мың тоғыз жүз тоғыз) теңгеден аспайтын сомаға серверлік лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алу жүзеге асырылды;
    • «Corporate Business Systems» ЖШС-нен бір көзден алу тәсілімен ҚҚС есептемегенде 156 034 145,40 (жүз елу алты миллион отыз төрт мың жүз қырық бес) теңге 40 тиыннан аспайтын сомаға үш жыл мерзімге (жылына 52 011 381,80 теңге) Microsoft SQLSvrEntCore ALNG LicSAPk MVL 2Lic CoreLic лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға құқық беретін 20 лицензияны ұсыну қызметін сатып алу жүзеге асырылды;
    • «Астана Новые Технологии-2008» ЖШС-нен бір көзден алу тәсілімен ҚҚС есептемегенде жалпы сомасы 172 984 401 (жүз жетпіс екі миллион тоғыз жүз сексен төрт мың төрт жүз бір) теңгеге телекоммуникациялық жабдықтарды жөндеу/жаңарту бойынша жұмыстарды сатып алу жүзеге асырылды.

Басқарма мүшелеріне сыйақы беру

Басқарма мүшелеріне сыйақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Транстелеком» акционерлік қоғамының Жарғысына және «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басшы және басқарушы қызметкерлерінің қызметін бағалау және сыйақы беру Типтік Ережелеріне сәйкес әзірленген, «Транстелеком» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерінің қызметін бағалау және сыйақы беру Ережелеріне (бұдан әрі- Ереже) сәйкес жүргізіледі.

Ереже мынадай принциптерге негізделеді:

  • «Қазақстан Teмip жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының және Қоғамның мүддесін қорғайтын тапсырмаларды орындауға байланысты сыйақы беру;
  • сыйақы көлемінің принциптерін анықтаудың қарапайымдылығы және айқындылығы;
  • сыйақы көлемі басшы қызметкерлердің Қоғамдағы қызметінің нәтижелеріне байланысты.

Басшы қызметкерлердің қызметтерінің тиімділігін анықтау процедурасы келесі кезеңдерден тұрады:

  • уәждемелі ПӘК таңдау, мақсатты мәселені жолға қою;
  • уәждемелі ПӘК бекіту;
  • нәтижелелік мониторингі;
  • нақты нәтижелілік есебі және бекіту.

Уәждемелі ПӘК нақты көрсеткіштерге Қоғамның стратегиялық мақсаттарын жіктеу жолымен мақсатты түрде ПӘК картасы түрінде әзірленеді. Бұл ретте әрбір ПӘК-ке ПӘК паспорты әзірленеді.

Жұмыс нәтижелері бойынша (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сыйақы беру), сондай-ақ жылдық қызмет нәтижелері бойынша қол жеткізілген табыстарға материалдық ынталандыру мақсатында сыйақы төленеді, жұмыс тиімділігін арттырудың тұрақты сипаты жоқ және орташа еңбекақыны есептеу кезінде ескерілмейді.

Қызметтің тиімділігін бағалау Компанияның қаржылық-шаруашылық жұмысының тиімділігін (Корпоративтік ПӘК) және басқарма мүшелері қызметінің жеке бағыттары бойынша нәтижеге жету деңгейін (жеке ПӘК) сипаттайтын ПӘК негізінде жүзеге асырылады.

Корпоративтік ПӘК Қордың Басқарма мүшелерінің барлығы үшін бірыңғай болып табылады. Жеке ПӘК жетекшілік ететін бағыттары бойынша мақсаттарға жетуге бағытталыған.

Корпоративтік және жеке ПӘК шекті және мақсатты мәнге, сондай-ақ «Шақыру» мәніне ие. Шекті мән - лауазымдық міндеттер адал атқарылған жағдайда жоғары ықтималдылықпен қол жеткізілетін қызмет нәтижесінен ең аз күтуді сипаттайтын ПӘК мәні. Мақсатты мән - қызметтің жоғары нәтижелерінің күтілетін деңгейін сипаттайтын ПӘК мәні; «Шақыру» Қоғамның жоғары мақсаттарын іске асыруға ықпал ететін қызметтің аса үздік нәтижелерін сипаттайтын ПӘК мәні.

Сыйақы берудің мөлшерлі көлемі басшы қызметкерлердің жылдық жұмыс қорытындылары бойынша жалақының 4 еселенген жылдық сомасынан (лауазымдық жалақы) артық болмайды.

Есептік жылы Компанияның шешуші басқа қызметкерлеріне төленген сыйақы көлемі(жалақының және ақшалай формадағы сыйақының барлық түрінің жиынтық көлемі) 338 971,059 мың теңгені құрады.

ПӘК атауы Өлш.бір. 2017 Нәтижелігі
Жоспар Факт 2017 жыл
Өндірістік көрсеткіштер
1 "Транстелеком" АҚ қызметкерлерінің жұмыс өнімділігі мың.тг./адам 24 111 23 801,1 96,8
2 Өткен жылмен салыстырғанда кең жолақты интернет желісіне қолжетімділікті қолданатынушылар санының өсуі % 100 114,62 125
3 Магистарльдық желінің сенімділік деңнейі % 99,3 99,83 125
Қаржы көрсеткіштері
4 EBITDA margin % 27,96 28,93 106,9
5 Таза пайда мың.тг. 5 549 941 5 331 602 90,2
6 ROE – өз капиталының табыстылығы % 22,71 21,91 91,2
ПӘК атауы Өлш.бір. 2017 Нәтижелігі
Жоспар Факт 2017 жыл