07-13

Тәуекелдерді басқару

«Транстелеком»АҚ тәуекелдерді басқарудың Қоғамның беделіне және құнына кері әсер етуі мүмкін, тәуекелдердің деңгейін төмендету бойынша шараларды қабылдау және дер кезінде түзетуге бағытталған Қоғамды корпоративтік басқару жүйесінің негізгі компоненті ретіндегі маңызын жақсы түсінеді.

Қоғамда тәуекелдерді басқару саясаты тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесін енгізу арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі-ТКБЖ). ТКБЖ- бұл оның аясында Директорлар кеңесі, басқаратын қызметкерлер мен жұмысшылар әрқайсысы өз деңгейінде Қоғамның қызметіне ықпал ететін нақты оқиғаларды анықтауға қатысатын бірегей процеске біріктірілген өзара байланысты элементтердің жиынтығы.

ТКБЖ енгізу және жетілдіру Қоғамның стратегиялық және шұғыл мақсаттарына қол жеткізудің қажетті шарты және келешектегі маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

ТКБЖ негізгі мақсаты болып, қауіптер мен мүмкіндіктерді басқарудың тиімділігін арттыру табылады, ол капиталын арттыру процесіне оң ықпал етуі тиіс. ТКБЖ алдына мынадай мақсаттарды қойып отыр:

  1. Қоғамдағы тәуекелдерді анықтау, бағалау және басқарудың бірегей және кезекті тәсілдерін әзірлеу және тәуекелдер туралы ақпаратты вертикаль (басқару) және горизонталь (тәжірибе алмасу) бойынша ақпарат алмасу процедурасын жеңілдету;
  2. Қоғам үшін нақты және түсінікті критерийлер негізінде Қоғамдағы тәуекелдерді басқару сапасын жасау және бақылау мүмкіндіктерін қалыптастыру;
  3. активтерді және олардың нарықтық құнын есепке алу жүйесін құруға және акционерлер капиталын бағалауға қажетті ақпарат базасын қалыптастыру;
  4. пайда болған тәуекелді жағдайларға жедел әрекет жасау, сыртқы және ішкі ортаның өзгерістерін бақылау;
  5. тәуекелдердің деңгейін төмендету немесе үшінші тарапқа беру мақсатында тәуекелдерді басқару бойынша мақсатты бағытталған жұмысты ұйымдастыру;
  6. Қоғамның тәуекелдері туралы ақпаратты жүйелеу және ары қарай жинақтау, бизнестің басқарымдылығын арттыру;
  7. Тәуекелдерді басқаруды оңтайландыру және тиімділігін арттыру арқылы Қоғамның капиталын арттыру.

ТКБЖ тиімді жұмыс жасауы үшін Қоғамда базалық методологиялық құжаттаманы енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Қоғамның тәуекелдері Қоғамның Директорлар кеңесі бекітіп, жүйелі түрде жаңартылып тұратын тәуекелдер Реестрінде көрсетіледі.

Реестрдің әрбір тәуекелі оны жүзеге асыру мүмкіндігінің деңгейі және салдарының көлемі бойынша бағалау процедурасынан өтеді. Одан басқа жыл ішінде Қоғамның тәуекел-менеджерлерімен қосымша қаржылық тәуекелдер, негізгі тәуекелдер, пайда болған тәуекелдер бойынша есеп дайындалды, сондай-ақ Қоғамның бизнес-процесін бақылау жұмыстарын жүргізді.

Қоғамда Қоғамның тәуекелдерін басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру және қолдау бойынша шешім қабылдайтын, Басқарма жанындағы орган болып табылатын Тәуекелдер бойынша Комитет жұмыс жасайды. Тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру аясында 2017 жылы келесідей негізгі шаралар өткізілді:

  1. «Транстелеком»АҚ негізгі тәуекелдерін сипаттамасы мен талдауы және Директорлар кеңесіне арналған «Транстелеком» АҚ тәуекелдерін төмендету бойынша бағдарламалар мен жоспарларды жүзеге асыру бойынша мәліметтер көрсетілген тәуекелдерді басқару бойынша тоқсан сайынғы есебі дайындалды.
  2. Қоғамда тәуекелдер-мәдениетін дамыту және тәуекелдер бойынша біліктілікті арттыру мақсатында 2017 жылы тәуекелді-үйлестірушілеріне арналған семинар өткізілді «Тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесі» (тәуекелдер жүйесі, сәйкестендіру, шаралар бойынша жалпы ақпарат және т.б.).

Қоғамда ықпал ету саласы мен пайда болу көзі бойынша өткен жылға тәуекелдердің келесідей жіктеуі жасалды:

  • Стратегиялық тәуекелдер – даму және жұмыс жасау стратегиясын анықтау және жүзеге асыру кезіндегі жіберілген олқылықтар, саяси ортаның, аймақтық коньюнктураның өзгеруі, саланың төмендеуі және басқа да жүйелік сипаттағы сыртқы факторлардың салдарынан шығындардың пайда болу қаупі;
  • Қаржылық тәуекелдер – капиталдың құрылымына және қаржылық тұрақтылықтың төмендеуімен байланысты тәуекелдерді қамтиды.Қаржылық тәуекелдер нарықтық тәуекелдерді(пайыздық және валюталық мөлшерлемелер, табиғи ресурстарға бағалардың ауытқуы),өтімділік тәуекелдері, несие тәуекелдерін (корпоративтік контрагенттерге, екінші деңгейлі банктер және басқа елдердегі талаптар бойынша) қамтиды;
  • Операциялық тәуекелдер – шығындардың пайда болуы, жұмысшалар (персоналды қосқанда) тарапынан жіберілген ішкі процестерді жүзеге асыру барысындағы қателіктер немесе кемшіліктер нәтижесіндегі өндірісте орын алатын оқыс оқиғалардың пайда болу қаупі,ақпараттық жүйелер мен технологиялардың (технологиялық тәуекелдер),өндірістік қауіпсіздік және сыртқы оқиғалардың салдарынан пайда болатын тәуекелдер;
  • Құқықтық тәуекелдер – ҚР резиденті емес тұлғаларға, басқа мемлекеттердің заңдарына және ішкі ережелер мен процедураларға қатысты ҚР заңының талаптарының сақталмау салдарынан шығындардың пайда болу қаупі.

Қоғам қызметінің негізгі көрсеткіштері мен ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге әсер ете алатын стратегиялық, операциялық және басқа да тәуекелдерді бағалауға және бақылауға аса көңіл аударады.

Тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау нәтижесі бойынша Қоғамның жұмысына және стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге кері әсер ететін келесідей негізгі тәуекелдер анықталды:

Валюталық тәуекел

Бұл тәуекел валютаның бағамының қолайсыз өзгеруімен байланысты. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамда жағымсыз курстық айырмашылық туындады – 275 631мың теңге. Қоғамда бухгалтерлік есепте жағымсыз курстық айырмашылық қаржы құралдары бойынша валюталық құралдарды (есеп шоттардағы қалдықтар), қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша, сыйақылар бойынша және дебиторлық берешектер бойынша қайта есептеу нәтижесінде туындады.

Күрделі салымдар Жоспарының орындалмау қаупі

Бұл тәуекел бойынша 2017 жылы жүргізілген негізгі шаралар: инвестициялық жобалар бойынша жұмыстардың жоспарланған көлемінің жоспар-факторлық орындалуын ай сайын талдау, күрделі шығындардың баптары бойынша ауытқулар себебін анықтау.2017 жылы күрделі салымдарды иемдену 19,26% құрады.

Қызмет көрсететін локомотивтердің санының азаю қаупі

Бұл тәуекел ИТД филиалында 2015 жылы анықталған жаңа тәуекел болып табылады. 2016 жылғы 17 қарашадағы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген(№ 9/2016 хаттама), 2017 жылға «Транстелеком» АҚ түзетілген бюджетіне сәйкес, 2017 жылғы 12 ай үшін ЭДТ АБЖ жобасы бойынша табыстар жоспарын иемдену 104 % құрады.

Бар клиенттерді (тапсырыс беруші) жоғалту қаупі

Бұл тәуекел бар клиенттерді жоғалтуды, Қоғамның табыстары мен таза кірістерінің азаюын, Қоғамның беделіне нұқсан келу қаупін қамтиды.2017 жылдың қорытындысы бойынша ірі тапсырыс берушілерді жоғалту, бұл тәуекелден келтірілген шығын болған жоқ.

Әлеуметтік дағдарыс қаупі

Бұл тәуекелді басқару шеңберінде , шығыстар бюджеті және еңбек Жоспарына сәйкес, «Еңбек ақы төлеу және ынталандыру» аясында, Қоғамда жыл сайын еңбекақы көлемін арттыру жоспарлануда, жоғары технологиялық жабдықтарға және магистарльды желіге қызмет көрсететін білікті мамандар үшін еңбекақы айтарлықтай өсетін болады. Білім мен тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білікті мамандар арасынан ішкі кадрлар резерві дайындалады; ынталандыру құралы ретінде, өз қызметкерлерінің мансаптық өсуін жүзеге асырады.

Магистральдық кабель және желілік-кабельдік құрылымдардың механикалық бүліну қаупі

Қоғам қорғау және түсіндіру жұмыстарын күшейту, жолдың айналу және айналма, жер бағытын белгілеуді күшейту, кәбіл төсеу және берма құрылымы бойынша жұмыстарды орындау іс-шараларын жүргізеді. Сондай-ақ магистарльдық кабелдің және желілік-кабельдік құрылымдардың механикалық бүлінген жерлерін уақытылы күрделі жөндеуден өткізу.

Байланыстың ұзақ уақытқа жоғалуы:

  • Берілетін трафиктің көлемінің азаюына;
  • Байланыс белгілерінің берілу сапасының төмендеуіне;
  • Қоғамның табысының азаюына әкеп соқтыруы мүмкін.

2017 жылдың қорытындысы бойынша магистральдық кабель және желілік-кабельдік құрылымдардың бүлінуінен келген шығын 3 036 мың. теңгені құрады.

КЖЖ ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасыз орындалуы немесе орындалмау қаупі

Бұл тәуекелдің шығу себебі:

  1. ағымдағы жөндеу жұмыстарының жоспарын және материалдарға тапсырысты дұрыс жасамау;
  2. материалдардың дер кезінде жеткізілмеуі жатады.

Бұл тәуекелді басқару шеңберінде, Қоғам сатып алулар жоспарын орындауды бақылау, КЖЖ-ғы апаттық жағдайларды жою бойынша жылдам шаралар қабылдау, ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша Қоғам бюджетінің бабтарын жасау, сондай-ақ шаруашылық қызметті қызқы кезеңдеге дайындау жүргізілуде.

Тұтынушылар тарапынан дұрыс жоспарланбау каупі

Бұл тәуекел операциялық тәуекел болып табылады және сату жоспарын орындау кезінде Қоғам қызметінің негізгі көрсеткіштеріне әсер етеді. Өткен жылы бұл тәуекел бойынша «ҚТЖ»ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен еншіліес ұйымдарының байланыс қызметіне кететін жоспарлы шығындарының салыстыру актісін қарау, келісу бойынша іс-шаралар жүргізілді. Нақты деректерге сүйенсек, 2017 жылы Қоғам байланыс қызметін ұсынудан толық алынбаған сомасы 2 279 299 мың теңгені құрады.