07-14

Сапаны басқару

Интегрирацияланған менеджмент жүйесі

Жаңа инфотелекоммуникациялық сервисті дамыта және қазіргі қызметтерді клиенттерге ұсына отырып, нарықтағы бәсекелі артықшылықты қамтамасыз ету үшін Қоғам өз қызметтеріне елеулі назар аударады.

Қоғам ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 50001:2011 менеджмент жүйелері саласында басқару жүйесін дамыту және жұмыс қалпында ұстап тұру арқасында корпоративтік басқару және менеджменттің үздік технологияларының халықаралық талаптарына сәйкес болуға тырысады.

ISО 9001:2008 стандартының шеңберінде «Транстелеком» АҚ-да 2005 жылдан бастап сапа менеджмент жүйесі (әрі қарай мәтінде - СМЖ) сәтті әзірленді, енгізілді және сертификатталды. 2017 жылы Қоғам ISO 9001:2015 сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандартының жаңа нұсқаларына сәйкес, қайта сертификаттаудан өтті.

ISО 14001:2004 ХС талаптарына сәйкес, Қоғамда 2013 жылдан бастап экологиялық менеджмент жүйесі жұмыс істеп келеді. 2017 жылы МС ISО 14001:2015 халықаралық стандартының жаңа нұсқаларына сәйкес, экологиялық менеджмент жүйесі қайта сертификаттаудан өтті.

2014 жылы Қазақстан Республикасының «Энергияның сақталуы мен энергия тиімділікті өсіру туралы» Заңының атқарылуы шеңберінде Компанияда энергия менеджмент жүйесінің енгізілуі, құрылуы бойынша жұмыстар өткізілді. Диагностикалық энергиялық талдау өткізілді, Компанияның энергетикалық тиімділігін өсіру мен энергия сақталымы бойынша техникалық шаралар тізімі дайындалды. 2015 жылы энергетикалық менеджмент жүйесінің сертификациясы МС ISО 50001:2011 (ISO 50001:2011) ХС халықаралық стандарттың талаптарының сәйкестігіне өтті.

Қайта сертикаттау нәтижелері бойынша келесі сертификаттар алынды:

ISO 9001:2015, стандарттың талаптарының сәйкес, халықаралық сертификат, IQNet сертификаттау органдардың халықаралық ассоциациясының мүшесі болып табылатын, «Русский Регистр» сертификаттау ассоциациясымен берілді.

ISO 14001:2015, стандарттың талаптарының сәйкес, халықаралық сертификат, IQNet сертификаттау органдардың халықаралық ассоциациясының мүшесі болып табылатын, «Русский Регистр» сертификаттау ассоциациясымен берілді.

ISO 50001:2011, стандарттың талаптарының сәйкес, халықаралық сертификат, IQNet сертификаттау органдардың халықаралық ассоциациясының мүшесі болып табылатын, «Русский Регистр» сертификаттау ассоциациясымен берілді.

Сондай-ақ, СТ РК ISO 14001:2016, СТ РК ISO 9001:2016 и СТ РК ISO 50001-2012 ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкест Қазақстандық сертификат, қазақстан Республикасының техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде тіркелген.

Қоғамдағы МИЖ дамуы «Транстелеком» АҚ Сапа саласындағы саясаты, Экология мен Энергетика саласындағы саясатпен анықталған мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Сертификаттардың әрекеті барлық менеджмент жүйесіне таралады. ISO 9000 сериясының стандарттары қызметтер сапасына емес, қызметтер сапасына қанағаттанатын клиенттермен байланысты мақсаттарға қол жеткізуді орнататын және қамтамасыз ететін басқару жүйесіне талаптарын қояды. Қазіргі уақытта осы серияның ISO стандарттары ең таралғаны болып есептеледі – олар қазір барлық әлемде танылған және 140-тан астам елдерде ұлттық стандарт ретінде қабылданған.

Сертификаттың болуы нарықтың түрлі сегметтерінде көшбасшы қалпын жеңіп алу мен оны ұстап тұру үшін маңызды, кәсіпкерліктің сәтті және тиімді дамуына септігін тигізеді, және тұтынушылардың үнемі өсіп тұратын талаптарына тиісті қызмет көрсететін «Транстелеком» АҚ мүмкіндіктері туралы куәландырады.

Қоғамда сертификатталған қызметтердің болуы техникалық стандарттар мен нормаларға сәйкес келетін және тұтынушылардың талаптарына жауап беретін жоғары сапаға кепіл беретін телекоммуникациялық қызметтерді Компанияның ұсынатыны қосымша дәлел болады.

Қоғамда жыл сайын менеджмент жүйесінің инспекциялық аудиті жүргізілді.

Интегралданған менеджмет жүйесінің ішкі аудиті (далее - МИЖ)

Процестерді түзету мен талдау, жұмыс істеу мониторингі жүйесінің үнемі өлшенуі арқылы МИЖ нәтижелігі қамтамасыз етіледі. Есеп жылында «Транстелеком» АҚ Қоғамындағы сапа менеджментінің жүйесінің әрі қарай жетілуі бойынша жұмыстар жалғастырылды.

ISO 9001:2008 ХС, ISO 14001:2004 ХС, ISO 50001:2011 ХС стандарттарының талаптарына сәйкес ұйым ішкі аудитттерді МИЖ жоспарланған шаралар мен нағыз стандарттың талаптарына, және,ұйыммен бекітілген МИЖ талаптарына, және де оның енгізілуі мен бір қалыпта ұстап тұруының жұмыс қалпында болуының нәтижелілігін анықтау үшін жүргізеді.

Стандарттардың талаптарының орындалуы мақсатында 2017 жылға МИЖ ішкі аудиттерінің кестесі жасалды және бекітілді.

«Қоғамдағы МИЖ ішкі аудитінің жүргізілу кестесін бекіту туралы» Даму және құқықтық мәселелер бойынша Вице-президенттің бұйрығына сәйкес, ішкі аудит «Алматытранстелеком», «Өскементранстелеком», «Қостанайтранстелеком» филиалдарында жүргізілді. Кестенің негізінде Қоғамдағы құрылымдық бөлімшелердегі ІА өткізілу жоспары бекітілді.

Өткізілген ішкі аудиттің нәтижелері бойынша аудит жасап жатқан жаққа әр тексерілген филиал үшін есеп жіберіледі. Анықталған ақаулар бойынша ақауларды жою бойынша Шаралар жоспары және де табылған ақаулар бойынша есеп дайындалды.

«Ұйымдастыру арқылы дамыту» бағытының және Филиал қызметкерлері «СМЖ ішкі аудиті ISO 9001:2015 ХС Жаңа түрі», «Ішкі аудит ISO 50001:2011 ХС халықаралық стандарттың талаптарына сәйкестелген Энергетика менеджмент жүйесі» бағдарламасы бойынша Қазақстандық ұйымда теориялық дайындықтан өтті.

2017 жылғы тамызда Қоғамда инспекциялық аудит өтті, ИМЖ қолданыста қолдау тапқаны, үнемі жақсару принципіне сәйкес дамып жатқаны, тұтастай алғанда нәтижелі екені және аудитордың критерийлеріне сәйкес келетіні анықталды.

«Кайдзен/ұқыпты өндіріс»

Президент Н. А. Назарбаевтың Қазақстан еліне жолдауында 2050 жылға дейін 30 жоғары дамыған ел қатарына кіреміз деп алдымызға үлкен мақсат қойды. Елбасымыз өз жолдауында мемлекеттік секторда корпоративті басқару үрдістері мен менеджменттің заманауи құралдарын енгізу керектігін атап өтті. Заманауи экономиканың алдында өндірісті дамыту мен бәсекелестікті жоғарылату міндеттері тұр. Дамыту барысы жеделдетілген замануи өміртәжірибе жүргізу,бар жақсыны алу мен дамыту міндетін қояды. Ұйымның жұмысын жақсарту бойынша әлемдегі тәжірибенің ең сәттісі «Кайдзен/Ұқыпты өндіріс» жүйесі болып табылады.

«Транстелеком» АҚ 2015 жылдың қыркүйек айында «Кайдзен/ Ұқыпты өндіріс» қозғалысы жұмысын бастады.

Корпоративтік мәдениетті өзгерту арқылы Компания қызметкерлерінің қызығушылығын арттыру мақсатында, 2017 жылы «Транстелеком» АҚ филиалдарының тиіміділігін бағалаудың геймификация жүйесі (бұдан әрі- геймификация) қолданысқа енгізілді.

Геймификация – компанияның бизнес-мақсаттарына жетуін жеделдету және процесстерді тиімдірек ету арқылы ішкі қызығушылықтарды арттырып, белсенді ету жолымен нәтижеге жетуге ынталандырудың заманауи әдісі болып табылады. Тиіміділікті бағалаудың бұл жүйесі филиалдардың қызметін барлық жағынан бағалайды, әділ бағалауды жүргізу үшін нәтижелерді салыстыруға, объективті және жүйелік бағалауға мүмкіндік беретін ұстанымдар қабылданды.

01.04.2017 жылдан бастап 30.09.2017 жылға дейін өткізілген Геймификацияның бірінші кезеңінің қорытындысына сәйкес:

  • 1 орын – «Астанатранстелеком»;
  • 2 орын – «Алматытранстелеком»;
  • 3 оырын – «Қостанайтранстелеком» филиалдары жеңімпаз атанды.

Талдау осы іс-шараға қызметкерлердің қызығушылықтары жоғары екенін көрсетті, нәтижесінде осы іс-шараны тұрақты түрде өкізу туралы шешім қабылданды.