07-2

Компанияны басқару құрылымы

«Транстелеком» АҚ Жарғысына сәйкес, Компанияның басқару органы:

  • Акционерлердің жалпы жиналысы-Компанияның жоғары басқару органы;
  • Компанияны стратегиялық басқаруды жүзеге асыру үшін Компания акционерлерінің жалпы жиналысында сайланатын Директорлар кеңесі;
  • Компанияны жедел басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қоғамның директорлар кеңесі тағайындайтын Басқарма болып табылады.
Компанияны басқару құрылымы

Акционерлер туралы ақпарат

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы №280 «2014-2016 жылдарға жекешелендірудің кешенді жоспарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, «Транстелеком» АҚ бәсекелес ортаға жекешелендіруге және меншіктен шығаруға жататын компаниялардың қатарына кірді. 2015 жылғы 12 мамырда М.С. Мұқанов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында «Транстелеком» АҚ акциялар пакетінің 49% сату-сатып алу шартына қол қойылып, ол 2016 жылғы 16 маусымда күшіне енді. 2017 жылғы 31 желтоқсандағы құнды қағаздарды ұстау тізіліміне сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – 51%, М.С. Мұқанов – 49% акциялар пакетіне ие.

Акционерлердің жалпы жиналысы

Акционерлердің жалпы жиналысы Қоғамның жоғары басқару органы болып табылады. Компанияның Жарғысына және қолданыстағы ҚР заңының нормаларына сәйкес, акционерлердің қатысуы бірқатар маңызды корпоративтік шешімдер қабылдау үшін қажет.

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі Компанияның www.ttc.kz веб сайтында танысуға болатын «Акционерлердің жалпы жиналысы туралы Ережеде берілген.

Жылдық Акционерлердің жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес айдан кешіктірілмей өткізілуі тиіс. Аталған мерзім есеп беру кезеңінде Қоғам жұмысына аудит жасау аяқталмай қалған жағдайда 3 айға дейін созылуы мүмкін.

2017 жылы Акционерлердің жалпы жиналысы 31 тамызда өткізілді.