07-9

Ішкі аудит қызметі

«Транстелеком» АҚ ішкі аудиттің ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін Ішкі аудит қызметі (ІАҚ), Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді. ІАҚ қызметіне Қоғам Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті жетекшілік етеді. Қызметтің басшысы мен қызметкерлері Қоғамның Директорлар кеңесімен тағайындалады.

Ішкі аудит қызметінің міндеті Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуі үшін Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасына өз міндеттемелерін жүзеге асыруда көмек көрсету болып табылады.

Қызметтің негізгі мақсаты Директорлар кеңесі мен Аудит бойынша комитетке Қоғамда ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін жақсартуға бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру болып табылады.

ІАҚ туралы Ережемен ІАҚ мақсаты, өкілдігі және жауапкершілігі, сондай-ақ біліктілік талаптары анықталды. ІАҚ туралы Ереже Халықаралық кәсіби стандарттар негізінде әзірленген. ІАҚ туралы Ереже «Транстелеком» АҚ бизнесінің арнайы қажеттіліктеріне толықтай сәкес келеді.

Директорлар кеңесінің ІАҚ әкімшілендірген есеп беруі және функционалдық есеп беруі келесі шарттармен жүзеге асады:

  1. ІАҚ қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, қызметтерін және тәртібін регламенттеуші, ішкі аудит саласындағы ережелер мен басқа да саясатын Директорлар кеңесіне бекітуге (Аудит бойынша комитетпен алдын ала қарау);
  2. жылдық тәуекел-бағдарланған аудиторлық жоспарларды Директорлар кеңесіне бекітуге (Аудит бойынша комитетпен алдын ала қарау);
  3. жылдық аудиторлық жоспардың орындалуы туралы тоқсандық және жылдық есепті және ішкі аудит қызметі туралы басқа ақпараттарды Директорлар кеңесіне ұсыну (Аудит бойынша комитет);
  4. ішкі аудит бөлімшесінің басшысын және қызметкерлерін тағайындау, жұмыстан боасту, сыйлық ақы беру туралы шешімдерді Директорлар кеңесіне бекітуге (Аудит бойынша комитетпен алдын ала қарау);
  5. ІАҚ өкілдіктерін елеулі шектеу немесе ішкі аудитті жүзеге асыруға кері әсерін тигізетін басқа да шектеулерді Директорлар кеңесіне қарастыруға (Аудит бойынша комитет) ұсынады.

ІАҚ басшысымен ІАҚ жұмысын реттеуші ішкі құжаттар әзірленді (Ереже, ішкі аудитті ұйымдастыру бойынша Нұсқаулық және т.б.), аталған құжаттар қарастырылды, Аудит бойынша комитетпен және Директорлар кеңесімен алдын ала мақұлданған.

ІАҚ өз қызметін Қоғамның Директорлар кеңесімен жыл сайын бекітілетін және қажет болу шараларына қарай қайта қаралатын, жылдық тәуекел-бағдарланған аудиторлық жоспарлар негізінде жүзеге асырады.

ІАҚ үнемі қызметтің жалпы қабылданған стандарттарына жәнеүздік тәжірибелерге сәйкес, ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалауды жүргізеді.

2017 жылы ІАҚ нақты саны 3 адамды құрады году.

2017 жылғы 17 наурыздағы «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Жылдық аудиторлық жоспарға сәйкес (№2/2017хаттама), 2017 жылы 9 аудиторлық тексеріс жүргізілді. Аудиторлық тексерістің негізгі бағыттары - телекоммуникациялық процесстерді, ақпараттық технологияларды, инвестициялық қызметтер мен комерциялық процесстерді қосқанда, Қоғам қызметінің әртүрлі салаларындағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару процедураларының тиімділігін бағалауға қатысты болды.

Барлық аудиторлық тексерістердің нәтижелері бойынша, келісілген және аудит нысаныдарымен орындауға қабылданған 78 ұсыныс берілді. ІАҚ аудиторлық тексерістер барысында берілген ұсыныстарының орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Аудиторлық тексерістердің нәтижелері және мониторинг бойынша ІАҚ есебі тоқсан сайын Қоғамның Директорлар кеңесіне қарауға ұсынылады.