07-3

Қоғамның Директор кеңесінің есебі

Директорлар кеңесінің құрамы

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің қағидасы Директорлар кеңесін тиімді басқару принципін жүзеге асыру үшін 2016 жылы әзірленді және бекітілді. Директорлар кеңесінің қағидасы Директорлар кеңесінің құрамын, құрау тәртібін және қызметін, дәрежесін және оның Компанияның басқа органдарымен өзара әрекеттесу тәртібін, Директорлар кеңесі мүшелерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктерін, сондай-ақ оларды сайлау және өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын анықтайды.

«Транстелеком» АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен 2016 жылғы 4 тамызда №1 «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамы – 7 адам және өкілеттілік мерзімі – 3 жыл болып бекітілді. 2017 жылда Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болған жоқ.

2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша директорлар Кеңесі құрамы:

Толық аты Лауазымы
Орынбасаров Бауыржан Пазылбекұлы Қоғамның директорлар кеңесінің Төрағасы; акционер мүддесінің өкілі ретінде;
Әлиев Нұрәлі Рахатұлы Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі; акционер мүддесінің өкілі ретінде
Мұханов Марлен Сәбитұлы Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі; акционер мүддесінің өкілі ретінде
Баймырзаұлы Асқар Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі; акционер мүддесінің өкілі ретінде
Досмұқаметов Қанат Мұхаметкәримұлы Тәуелсіз директор, Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі;
Исекешев Ерлан Орынтайұлы Тәуелсіз директор, Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі;
Хекстер Давид Ричард Тәуелсіз директор, Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі;

«Транстелеком» АҚ директорлар кеңесі мүшелерінің тізімі

Орынбасаров Бауыржан Пазылбекұлы

Директорлар кеңесінің Төрағасы - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі Вице-президенті

Орынбасаров Бауыржан Пазылбекұлы

«Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің құрамына 2016 жылғы 19 ақпанда алғаш рет сайланды (2016 жылғы 19 ақпандағы № 02/7 «ҚТЖ» ҰК» АҚ хаттамасы).

2016 жылғы 4 тамыздағы «Транстелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен қайтадан «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды (№ 1 хаттама).

Туған жылы: 1970 жылғы 22 қазан.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі, соның ішінде негізі және қосымша:

1993 жылы - Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын тасымалдарды ұйымдастыру, және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын 1993 жылы Батыс Қазақстан темір жолынан бастады.

1994 - 1997 ж.- Қызылорда ст. паркі бойынша кезекші, Алматы 2 станциясының кезекшісі, Алматы жол бөлімшесінің поезд диспетчері;

1997 - 2004 ж.- «Қазақстан темір жолы» РМК жол диспетчері, жетекші инженер, бас маман, Бас тасымалдар басқармасының бөлім бастығы. «Қазақстан темір жолы» РМК Бас директордың бірінші орынбасарының көмекшісі, Бас директордың бірінші орынбасарының кеңесшісі, Тасымалдар процесін үйлестіру басқармасының бас инженері;

2004 - 2010 ж.- Тасымалдар дирекциясының бас инженері, «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының бас инженері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қарағанды жол бөлімшесі» филиалының директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Тасымалдар процесі дирекциясы» филиалының директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Алматы жол бөлімшесі» филиалының директоры;

2010 - 2014 ж.- «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры - Бас инженері, Пайдалану жұмысы жөніндегі басқарушы директор;

2014 жылғы ақпан-сәуір айлары аралығында - «Қазтеміртранс» АҚ Басқармасы Төрағасының (Президент) міндетін атқарушы;

2014 - 2016 ж. - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Вице-президенті;

2016 – 2017 ж. – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инженері;

2017 жылғы сәуір айынан бастап - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі Вице-президенті

Әлиев Нұрәлі Рахатұлы

«Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі

Әлиев Нұрәлі Рахатұлы

2016 жылғы 4 тамыздағы «Транстелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен алғаш рет «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды (№ 1 хаттама).

Туған жылы: 1985 жылғы 1 қаңтар.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі:

2001-2002 жылдары – АҚШ, Калифорния штаты, Малибу, Пепперд университеті.

2002-2003 жылдар - Австрия, Вена халықаралық университеті.

2003-2005 жылдар – Қазақстан, Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Экономика және қаржы бакалавры.

2006 жыл – АҚШ, McCOMBS бизнес мектебі, Техас университеті. Маркетингтік стратегиялар (EMBA бағдарламасы бойынша оқу курсы).

2005-2006 жылдар - Австрия, Вена «ИМАДЕК» университеті. Бизнес-әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолы:

2003-2004 ж. - "SUCDENЕТ DENREESSA" КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ халықаралық сауда департаментінің қызметкері, Франция.

2005 ж. – «САХАРНЫЙ ЦЕНТР» АҚ халықаралық бөлімнің басшысының орынбасары/халықаралық бөлім басшысы, Қазақстан.

2005-2006 ж. - «САХАРНЫЙ ЦЕНТР» АҚ Президенті.

2007-2010 ж. – Алматы қаласы «НҰРБАНК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы/ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасры/ төрағаның орынбасары.

2008-2013 ж. – Астана қ. «ҚАЗАҚСТАН ДАМУ БАНКІ» АҚ Басқарама мүшесі - Басқарушы директор.

2013-2014 ж. - «Транстелеком»АҚ-ң Президенті.

2014-2016 ж. - Астана қ. әкімдігі. Әкімнің орынбасары.

Қоғамдық қызметі:

2013 жылдан бастап – «Ана үйі» қоғамдық қорының қамқорлық кеңесінің мүшесі.

2015 жылдан бастап – «Қазақстан машина жасау одағы» Үйлестіру кеңесінің мүшесі.

2016 жылдан бастап – «AstanaInvest» Бірлестігінің Қамқорлық кеңесінің төрағасы.

2016 жылдан бастап - «ZHANARTU» қайырымдылық қорын құрушы.

2017 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясының президенті.

Мұханов Марлен Сәбитұлы

«Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі

Мұханов Марлен Сәбитұлы

2016 жылғы 4 тамыздағы «Транстелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен алғаш рет «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды (№ 1 хаттама).

Туған жылы: 1982 жылғы 17 қаңтар.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі, соның ішінде негізі және қосымша:

2003 жылы - О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, мамандығы «Құқық және экономика негіздері» Жезқазған қ.

2014 жылы- AlmatyManagementUniversity Алматы қаласы, Корпоративтік басқару Магистрі.

Еңбек жолы:

2003 жылы – «Қазақстан халық банкі» АҚ-ң орта және шағын бизнеске несие беру бөлімінің маманы, Жезқазған қаласы;

2004 жылы – «Нұрбанк» АҚ АФ орта және шағын бизнеске несие беру бөлімінің жетекші маманы;

2005 жылы – «Банк Центр Кредит» АҚ орта және шағын бизнеске несие беру бөлімінің бастығы;

2006 жылы – «Нұрбанк»АҚ Корпоративтік бизнесті басқару бөлімінің басшысы;

2007 жылы – «Нұрбанк»АҚ Корпоративтік бизнес басқармасының басшысы;

2008 жылдың мамырынан осы кезге дейін – «Capitalholding» ЖШС Бас директоры.

Баймырзаұлы Аскар

«Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі - «ҚТЖ» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және сот-арыз талап жұмыстары Департаментінің құқықтық қамтамасыз ету тобының басшысы

Баймырзаұлы Аскар

2016 жылғы 4 тамыздағы «Транстелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен алғаш рет «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды (№ 1 хаттама).

Туған жылы: 1985 жылғы 9 қаңтар.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі, соның ішінде негізі және қосымша:

2006 жылы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, мамандығы – юриспруденция, Алматы қ.

2008 жылы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, юриспруденция магистрі, Алматы қ.

2010 жылы – Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті, экономика факультеті Алматы қ.

Еңбек жолы:

2011 -2016 ж. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ң құқықтық қамтамасыз ету Департаментінің бас менеджері.

2016 жылдан осы кезге дейін - «ҚТЖ» ҰК»АҚ құқықтық қамтамасыз ету және сот-арыз талап жұмыстары Департаментінің құқықтық қамтамасыз тобының басшысы.

Исекешев Ерлан Орынтайұлы

Тәуелсіз директор, «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі

Исекешев Ерлан Орынтайұлы

2016 жылғы 4 тамыздағы «Транстелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен алғаш рет «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды (№ 1 хаттама).

Туған жылы: 1968 жылғы 1 шілде.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі, соның ішінде негізі және қосымша:

1992 жылы – Алматы энергетика институты, «Өнеркәсіптік қондырғылар және технологиялық кешендерді автоматтандыру және электр жетегі» мамандығы бойынша инженер-электрик;

2003 жылы - «Тұран» университеті «Салық және салық салу» мамандығы бойынша экономист;

2003 жылы – «Орталық азия және Кавказ елдеріне қажетті энергетикалық өнеркәсіп» семинары (Жапония, Токио қ.);

2003 жылы – «Малайзиияда энергетиканың дамуы» семинары (Куала-Лумпур, Малайзия қ.);

2004 жылы – «Ырықтандырылған нарық жағдайында энергетикалық бірлестікке өту процесінде энергетикалық компанияларды және станцияларды басқару» семинары (Англия, Лондон қ.);

2010 жылы – Париж қ. «НЕС» Франциялық бизнес мектебі. «InternationalExecutiveMBA», маманданды – «Мұнай, Газ, Энергетика саласындағы Менеджмент».

Еңбек жолы:

1992 - 1993 ж. - Орал қаласы, «Қазақгаз» мемлекеттік холдингтік компаниясының жабдықтарын комплектациялау инженері;

1992 – 2000 ж. - Табыс ЖШС директоры, Алекс ЖШС директоры, «Алекс» ЖШС директоры, «Рауан» ЖШС қаржы директоры;

1993 - 2000 ж. - «Қарағанды Пауэр» ЖШС қаржы директоры, Атырау қаласында Мұнай химия зауытының директорының орынбасары, коммерциялық құрылымдарында басқарушы қызметін атқарған;

2000 – 2002 ж. - Астана қ. «Астана энергосервис» ААҚ «Астанаэнергосервис» ЖШС директорының орынбасары;

2002 - 2005 ж. - Қарағанды қаласы, «Қарағанды Жылу» ЖШС коммерциялық директоры;

2005 ж. - Қарағанды қаласы, «Қарағанды Жарық» ЖШС Бас директоры;

2005 - 2007 ж. - Қарағанды қаласы, «Қарағанды Жылу» ЖШС Бас директоры;

2007 - 2008 ж. – Қарағанды әкімінің Коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары;

2008 жылы - «Ithmaar-KazynaCISRegionalEnergyFund» энергетика саласында Инвестициялық қорды дамыту және құру мәселелері бойынша «KazynaCapitalManagement» АҚ Басқарамасы Төрағасының кеңесшісі;

2009 - 2011 ж.- «FalahPartners» инвестициялық қордың басқарушы серіктесі;

2009 - 2012 ж. –Тәуелсіз директор, «Самұрық – Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;

2011 жылдан осы кезге дейін - «ISSCorporation ЖШС көпбағытты холдингті компанияның директорлар кеңесінің Төрағасы.

Досмұқаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы

Тәуелсіз директор, «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі

Досмұқаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы

2016 жылғы 4 тамыздағы «Транстелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен алғаш рет «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды (№ 1 хаттама).

Туған жылы: 1973 жылғы 22 желтоқсан.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Білімі, соның ішінде негізі және қосымша:

1994 жыл – қазақ мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы: Бизнес және менеджмент.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолы:

1994 - 2000 жылдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жетекші, бас экономисті, линцензия беру бөлімінің басшысы, методология бөлімінің басшысы, банктік қадағалау басқарамасы басшысының орынбасары, банктік қадағалау Департаменті директорының орынбасары;

2000 - 2003 ж. – ҚР Ұлттық банкінің Үйлестіру басқармасының басшысы (Астана қаласы);

2003 - 2003ж. – ҚР Ұлттық Банк қаржылық қадағалау Департаменті директорының орынбасары;

2004- 2006 ж. – Қаржылық мекемелер және қаржы нарығын реттеу Агенттігінің төрағасының орынбасары;

2006 - 2007 ж. - «SAFC» Инвестициялық компанияның басқарушы директоры;

2007 - 2007 ж. - «КазАгро» Ұлттық холдингі АҚ Басқарамасының төрағасының орынбасары;

2007 - 2009 ж. - «DeltaBank»АҚ Басқарма Төрағасы;

2009 - 2009 ж.- «Deloitte TCF» ЖШС басқарушы директоры;

2009 - 2012 ж. – ҚР Қаржы Министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасы;

2012 – 2012 ж. – «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры;

2012 - 2015 ж. – Еуразия даму банкінің басқармасының Төрағасының орынбасары;

2015 – 2015 ж. - «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма Төрағасының орынбасары;

2016 жылдан осы кезге дейін – «Полиметалл Евразия» ЖШС бас директоры.

Әртүрлі жылдарда:
«Пана Иншуранс» СК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; Қазақстан даму банкі АҚ, «Экспорт-несие сақтандыру корпорациясы» «КазЭкспортГарант» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Альянс Банк» АҚ, ВТБ Банк АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің мүшесі.

Хекстер Давид Ричард

Тәуелсіз директор, «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі

Хекстер Давид Ричард

2011 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарамасының шешімімен алғаш «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің құрамына сайланды. 2016 жылғы 4 тамызда акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің құрамына қайтадан сайланды (№ 1 хаттама).

Туған жылы: 1949 жылғы 11 наурыз.

Азаматтығы: Ұлыбритания және солтүстік Ирландия біріккен корольдігі.

Білімі, соның ішінде негізі және қосымша:

1970 ж. – Оксфорд университетінің философия, саясат және экономика бөлімдерінде оқыды. Гумманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесі бар.

1973 ж. – Кранфилд менеджмент мектебінен МВА магистр дәрежесін алды.

2008 ж. – Лондон Университеті жанындағы Лондон Университеттік колледжі – заң және саясат теориясы.

2011 ж. – Биркбек (Лондон университеті) – этика және саяси философияны оқыды. Философиия магистрі.

2016 ж. – Лондондағы Мария патшайым университеті, Саяси философия саласындағы философия докторы.

Еңбек жолы:

1970 - 1992 ж. – Citibank-те әр түрлі лауазымдарды атқарды.

1992 - 2004 ж. – Еуропа қайта құру және даму банкінде жұмыс істеді.

2002 - 2004 ж. - Small Business Bank Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазіргі уақытта Piraeus Bank S.A.Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директоры, Bank Zachodni WBK Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директоры, «Private Equity New Markets» Қадағалаушы кеңесінің төрағасы болып табылады.

Тәуелсіз директорларды, Басқарма Төрағасын және Директорлар кеңесі Комитеттерінің мүшелерін іріктеу критериилері

«Транстелеком» АҚ Жарғысындағы 90 тармақтың 8) тармақшасына сәйкес Директорлар кеңесінің құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның Төрағасын және мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Директорлар кеңесі мүшелеріне өз міндеттемелерін орындағаны үшін төленетін сыйлық ақы көлемін, шарттарын және шығындар өтемін бекіту Акционерлердің жалпы жиналысының құзіретіне жатады.

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің қағидасына сәйкес, Директорлар кеңесі мүшелерінің міндеттерін орындау және Қоғам мен Акционерлердің жалпы жиналысының мүдделері үшін Директорлар кеңесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, іскери және салалық ортада біліктілігі, оң жетістіктері мен мінсіз абыройы болуы керек.

Бүгінгі таңда, Директорлар кеңесінде Компанияның мүддесінде және барлық акционерлерге және тұрақты даму принциптеріне әділ қарым-қатынасты есептеумен тәуелсіз, объективті және тиімді шешімдерді қабылдауды қамтамасыз ететін тәжірибе мен білімнің дағдылар балансы сақталады.

Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына кіретіндер:

  • тұрақты даму саласындағы сарапшылар – Орынбасаров Б.П., Әлиев Н.Р., Баймырзаұлы А;
  • экономика, қаржы және аудит саласындағы сарапшылар – Давид Ричард Хекстер, Досмұқаметов К.М.;
  • коммерция және сату саласындағы сарапшылар – Мұханов М.С., Исекешев Е.О.

Тәуелсіз директорлар Компанияның корпоративтік басқару, тәуекел-менеджменті опреацияларын жүзеге асыратын халықаралық басқару, стратегиялық даму, саланың қыр-сырын білу тәжірибесін енгізеді. Сонымен қатар, барлық директорлардың қаржылық есептілік және аудит, бизнесті жоспарлау және жобаларды басқару саласында білімдері бар. Тәуелсіз директорлар Директорлар кеңесі комитеттерін басқарады, олардың жұмысына белсенді қатысады, барлық акционерлердің мүддесін ескере отырып объективті шешімдер шығаруды қамтиды.

Қоғамның Тәуелсіз директорлары есепті кезеңде «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 1 бабында қарастырылған тәуелсіз критериймен толықтай сәйкес келді:

  • «Транстелеком» АҚ еншілес тұлғасы болып табылмайтын және оны Директорлар кеңесіне сайлағанға дейін үш жыл бойына олай болып табылмаған (аталған акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лаузымында болғаннан басқа);
  • «Транстелеком» АҚ еншілес тұлғаларына қатысты еншілес тұлға болып табылмаған тұлға;
  • Директорлар кеңесіне сайлағанға дейін үш жыл бойына «Транстелеком» АҚ лауазымды тұлғаларымен не Компанияның ұйымдырымен-еншілес тұлғаларымен және аталған тұлғалармен бағыныстылықта болмаған тұлға;
  • Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын тұлға;
  • аталған акционерлік қоғам органдарының отырысында акционердің өкілі болып табылмайтын және директорлар кеңесіне сайлағанға дейін үш жыл бойына олай болып табылмаған тұлға;
  • аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде «Транстелеком» АҚ аудитіне қатыспайды және директорлар кеңесіне сайлағанға дейінгі үш жыл бойына осындай аудитке қатыспаған тұлға.

Директорлар кеңесі туралы қағидада тәуелсіз директор лауазымына кандидаттарға қосымша талаптар бекітілді, сондай-ақ Компанияның тәуелсіз директорлары сәйкес келеді:

  • тәуелсіз директор, директорлар кеңесі жанындағы мүшелік міндеттеріне байланысты, белгілі салада арнайы дағдысы болуы қажет;
  • қоғам директорлар кеңесінің тиісті комитетіне мүше болған кезінде сараптамалық пікірді қамтамасыз ету үшін корпоративтік қаржы, аудит және ішкі бақылау, стартегия және/немесе тағайындау және/немесе сыйлықақы беру мәселелері бойынша саладағы ерекшеліктер; міндеттемелерді реттеу; Ұлттық және халықаралық нарықта бәсекелестікті дамыту сияқты көлемі мен сипаты Қоғамның операцияларына ұқсас, ұйымдастыруға тән негізгі мәселелер бойынша жалпы ақпараттарды білуі керек;
  • іскерлік және/немесе салалық ортада оң жетістіктер/мінсіз абыройға ие, жоғары этикалық нормаларды сақтайды. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстары, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте әкімшілік құқық бұзушылығы болмауы керек;
  • Директорлар кеңесінің жұмысына тек Директорлар кеңесінің отырысы кезінде ғана емес, сонымен қатар Директорлар кеңесі отырысының тиісті материалдарын оқу үшін де жететін уақыты болуы керек.

Аудит бойынша Комитет және сыйақы жөніндегі Комитет 100% Тәуелсіз директорлардан тұрады, стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті үш Тәуелсіз директордан және бір Директорлар кеңесінің мүшесінен құралады, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 53-1 бабы 3 тармағына сәйкес, Төрағасы Тәуелсіз директор болып табылады.

Тәуелсіз директор болып табылатын Комитеттің мүшелері үшін тәуелсіздік критериилері жоғарыда айтылған талаптарға сәйкес келеді.

Басқарма Төрағасы үшін тәуелсіздікті іріктеу критериилері заңнамен және Қоғамның ішкі құжаттарымен қарастырылмаған.

Директорларға сыйақы беру

Директорлар кеңесінің құрамындағы акционерлер өкілдері сыйақы алмайды.

Тәуелсіз директорлар Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі міндеттерін орындағаны үшін Акционерлердің жалпы жиналысының 2016 жылғы 4 тамыздағы №1 хаттама шешімімен бекітілген сыйақы алады.

Тәуелсіз директор ауырып қалу, демалыста, іссапарда болу себебінен тікелей отырыстарға қатыспай қалған кездерін қоспағанда, есепті кезеңде Директорлар кеңесінің өткізілген барлық тікелей және сырттай отырыстарының жартысынан азына қатысқан жағдайда тіркелген сыйақы төленбейді.

Тәуелсіз директордың Қоғамның Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі комитеттерінің тәуелсіз директордың тұрғылықты жерінен тыс жерде өткізілген отырыстарына баруымен байланысты (жол жүру, тұру, тәуліктік шығыстар) шығыстары өтеледі.

Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесінің комитеттері және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің, Басқарманың, Ішкі аудит қызметінің және оның басшысының жұмысын бағалау

Директорлар кеңесі туралы қағидаға сәйкес, Директорлар кеңесі өзінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің жұмысын бағалауды жүзеге асырады.

Директорлар кеңесі бағалауды:

  1. сауалнама, интервью және т.б. арқылы өз күшімен;
  2. корпоративтік басқару рейтингі бар, кәсіби ассоциациялардың және ұйымдардың кеңес берушілерін тарта отырып;
  3. аралас тәсілді қолдана отырып: кеңес берушілердің тарапынан процесті үйлестіргенде өз күшімен жүргізуі мүмкін.

2017 жылғы жұмыстарын бағалауды 2018 жылғы бірінші жарты жылдықта жүргізу жоспарлануда.

Қоғам Басқармасының жұмысын бағалау мақсатында, 2017 жылғы 25 қыркүйекте Директорлар кеңесі: «Транстелеком» АҚ басшы қызметкерлерінің жұмысын бағалау және сыйақы беру ережесін бекітті. Осы аталған ереже негізінде, 2017 жылғы 8 қарашада «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасы мен Басқарма мүшелеріне 2016 жылдағы жұмыстарының қорытындысы бойынша сыйақы беру көлемін есептеу және нақты мағынасымен қызметтің негізгі көрсеткіштер картасы бекітілді және 2017 жылға «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасы мен Басқарма мүшелерінің уәждемелік картасы және Қызметтің негізгі көрсеткіштер паспорты бекітілді (№9/2017 хаттама).

Ішкі аудит қызметі басшысының жұмысын бағалау 2017 жылғы 12 желтоқсанда «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген, «Транстелеком» АҚ Ішкі аудит қызметі басшысының жұмысын бағалау және сыйақы беру ережесі негізінде жүзеге асырылады (№10/2017 хаттама). Директорлар кеңесінің осы отырысында «Транстелеком» АҚ Ішкі аудит қызметі басшысының 2017 жылға ҚНК картасы бекітілді.