07-6

2017 жылғы Корпоративтік хатшының қызметі туралы есеп

Корпоративтік хатшы туралы туралы Ереже

Корпоративтік хатшы туралы туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) 2016 жылғы 17 қарашада Директорлар кеңесінің шешімімен қабылданды (№9/2016 хаттама). Ережеге сәйкес, Қоғам Директорлар кеңесінің және Басқарманың мүшесі болып табылмайтын Корпоративтік хатшыны Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындайды және Қоғамның Директорлар кеңесіне бағынады.

Корпоративтік хатшының негізгі міндеттері:

  1. Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының корпоративтік басқару саласындағы Заңнамасын, листинг қағидасын (қор биржасындағы құнды қағаздарға қатысты) Жарғыны, Корпоративтік басқару кодексі мен Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ корпоративтік басқару саласындағы саясат пен практиканы жетілдіру;
  2. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің тиімді қызметін қамтамасыз ету;
  3. Қазақстан Республикасының Заңнамасына, Жарғы және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес, акционердің жалпы жиналысының шешім қабылдауын қамтамасыз ету;
  4. Қоғам туралы маңызды ақпаратты сақтауды, ашу мен беруді, сондай-ақ ақпараттық мөлдірліктің жоғары деңгейін ұстап тұруды қамтамасыз ету;
  5. Қоғам мен акционердің жалпы жиналысының, сондай-ақ Қоғам органдары арасында нақты және тиімді өзара әрекетті қамтамасыз ету.

2017 жылғы Корпоративтік хатшының жұмысы

2017 жылы «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 11 мәжілісі өткізілді, оның 8 күндізгі, 3 сырттай өтті. Корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесіне сәйкес, Директорлар кеңесінің сырттай мәжілістерінің саны ең аз деңгейге теңелді. «Транстелеком» АҚ қызметтерінің негізгі қырлары бойынша барлығы 72 мәселе қарастырылды. Сонымен қатар, Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің 7, Кадрлар және тағайындаулар жөніндегі Комитеттің жұмысы 6 отырысы болды.

Корпоративтік хатшы Қазақстан Республикасының Заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес, Директорлар кеңесіне/Комитеттеріне қарауға Қоғамның құрылымдық бөлімшелері ұсынған материалдарға талдау жасалды.

Есепті кезеңде, Директорлар кеңесінің тиімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында Корпоративтік хатшының қызметімен қамтамасыз етілгендер:

  • Директорлар кеңесінің, Комитеттердің отырыстарын ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті материалдарды жасау және тарату (отырыс өткізу туралы хабарлама, отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер жобасы, алдын ала танысуға арналған құжаттардың жобалары және т.б.).
  • Директорлар кеңесіне, Комитеттерге қарауға берілген құжаттарды белгіленген тәртіпте уақытылы ресімдеу; Директорлар кеңесі атынан сұраныстар дайындау және хаттарға жауап беру, Директорлар кеңесімен бекітілген, құжаттарды тарату.
  • Отырыстарды сырттай өткізуді ескере отырып, тиісті бюллетендер жасалды, Директорлар кеңесінің мүшелеріне дауыс беру үшін бюллетендер жіберу (беру), толтырылған бюллетендерді, Директорлардың жазбаша пікірін алу және оларды Директорлар кеңесінің Төрағасына жіберу қамтамасыз етілді.
  • Директорлар кеңесі/Комитеттер отырысына арналған материалдарды ағылшын тіліне аудару, сондай-ақ Директорлар кеңесі/Комитеттер күндізгі отырыстарын орыс тілінен және/немесе ағылшын тіліне синхронды/ тізбектелген аударма жасау қамтамасыз етілді.

Тұтастай алғанда, есепті кезеңде Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің тиімді қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ Директорлар кеңесінің, акционердің жалпы жиналысының және Қоғам Басқармасының арасында нақты және тиімді өзара әрекетті қамтамасыз ету бойынша міндеттерін қосқанда, Қоғамның ішкі құжаттарында қарастырылған көптеген міндеттер мен қызметтерді жүзеге асырды.

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы қызметі «Транстелеком» АҚ тұрақты жұмысын сақтау және оны Қазақстан Республикасындағы ірі байланыс операторы ретінде дамыту, Қоғамның инвестициялық және капиталдық тартымдылығын арттыру, активтерге иелік ету, инвестициялық және қаржы-шаруашылық қызметін қоланыстағы бақылауды қамтамасыз ету, басқарудың ішкі механизмдері нәтижиелігін және ашықтығын жақсарту, бақылау жүйесін жетілдіру және Қоғамда басқару органдарының есеп беруі, акционерлердің құқығын сақтау үшін қажетті шараларды қабылдауға бағытталды.

Қоғамның Директорлар кеңесі туралы қағидаға, Жарғыға, Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, Директорлар кеңесі 2017 жылы мақсаттарын, міндеттерін және қызметтік міндеттемелерін толық орындады.