07-1
Корпоративтік басқару

Корпоративтік басқарудың негізгі принциптірі

Компаниядағы корпоративтік басқару туралы жалпы ақпарат

Компанияның Директорлар Кеңесі және атқару органы акционерлердің, инвесторлардың және менеджменттің мүддесін сәйкестендіру кезінде сәтті дамуды қамтамасыз ететін тиімді корпоративтік басқару жүйесін жасайды.

2016 жылы орта мерзімді 2016-2017 жылдарға арналған «Транстелеком» АҚ корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру Бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама іс-шаралары Директорлар кеңесінің, Корпоративтік хатшының, атқарушы органның, Ішкі аудит, тәуекелдерді басқару қызметтерінің әрекеттерін және тұрақты даму мен ашықтықты жетілдіруге бағытталған.

Дамудың негізгі курсы шеңберінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу кезінде Компания қызметін жетілдіру және ашықтығын қамтамасыз ету бойынша біршама жұмыстар жасалды.

Компанияда бұзушылықтар туралы мәліметтерді жинау және құпия түрде қарау механизмі жұмыс істейді. Жедел желі «Транстелеком» АҚ қызметкерлері тарапынан белгілі болған жемқорлық, алаяқтық, кемсітушілік, сондай-ақ басқа да Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларын бұзу фактілері туралы ақпараттарды құпия хабарлауға мүмкіндік береді.

2016 жылғы 4 тамызда «Транстелеком» АҚ акционерлерінің Жалпы жиналысының шешімімен бекітілген (№1 хаттама), Қоғамның корпоративтік басқару Кодексіне (бұдан әрі-Кодекс) сәйкес, Қоғамды корпоративтік басқару акционерлердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және сыйлау принципіне негізделген және Қоғамның тиімді жұмыс істеуіне, оның ішінде Қоғамның активін және Қоғамның қаржылық тұрақтылығын және табысын арттыруға ықпал етеді.

Кодекстің негізгі принциптері болып:

  • Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау приципі;
  • Қоғамды директорлар Кеңесі мен Басқарманың тиімді басқару принципі;
  • Қоғамның өзіндік қызметінің принципі;
  • Қоғамның жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы және обьективтілігі принципі;
  • Заңдылық және этика принципі;
  • Дивиденд саясатының тиімділік принципі;
  • Тиімді кадрлар саясатының принципі;
  • Қоршаған ортаны қорғау принципі;
  • Корпоративтік дау-дамайлар мен мүдделердің келіспеушілігін реттеу саясаты;
  • Жауапкершілік саясаты.

Осылайша, Қоғам акционерлерге менедмент жұмысын тиімді басқару және мониторинг жүргізу мүмкіндігін беретін және инвестициялық тартымдылықты арттыруға ықпал ететін халықаралық корпоративтік басқару стандартына толық сәйкес жұмыс жүргізеді.

Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру

«Транстелеком» АҚ корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында, Қоғамда корпоративтік басқару диагностикасы жасалды. Диагностика Компанияның корпоративтік басқару жүйесін диагностикалау нәтижесі бойынша, корпоративтік басқару деңгейінің ең озық әлемдік тәжірибеге сәйкестігі туралы Есепке сәйкес, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат» АҚ тобының компанияларында корпоративтік басқаруды диагностикалау Әдістемесіне сәйкес жүргізілді, Қоғамды корпоративтік басқару деңгейінің ең озық әлемдік тәжірибенің талаптарына сәйкестік рейтингі 41,2 % құраған.

Компанияны корпоративтік басқаруды диагностикалау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздікті жою бойынша ұсыныстарды орындау, сондай-ақ Компанияның корпоративтік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру мақсатында, Қоғам басқармасының шешімімен 2016-2017 жылдарға арналған корпоративтік басқаруды жетілдіру бой ынша іс-шаралар Жоспары бекітілді.

2017 жылы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды іс-шаралар:

  • Қоғамның даму Стратегиясы бекітілді;
  • Қоғамның ішкі құжаттарын өзекті ету және бекіту: Жарғыға өзгеріс енгізу, ДК туралы Ереже, «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің аудит жөніндегі Комитеті туралы ереже, Басқарма туралы ереже, Бюджет комитеті туралы ереже, ІАҚ туралы құжаттар пакеті, дивидент саясаты туралы Ереже, Салық есебі саясаты, ақпараттық саясат және т.б.;
  • Директорлар кеңесінің мүшелері үшін Қоғамның Директорлар кеңесі отырыстарында электрондық дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • Басқарма мен Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйлықақысы туралы ақпаратты ашу;
  • Корпоративтік интернет-сайтта ақпараттарды уақытылы беру;
  • «Комментарий менеджмента» ХҚЕС Нұсқаулығына сәйкес, қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы Компанияның есебі.

Жасалуына қызығушылық танытылатын келісімдер

Жасалуына қызығушылық танытылатын келісімдер, ҚР «Акционерлік қоғамдар» туралы Заңының 71 бабымен реттеледі. Заңның талаптарына сәйкес, жасалуына акционерлер, Директорлар Кеңесі немесе атқару органдарының мүшелері мүдделі келісімдерді Директорлар кеңесі немесе акционерлердің жалпы жиналысы мақұлдайды.

Қоғамның жарғысының 16 бабы 94 тармағының 22 тармақшасына сәйкес, Директорлар Кеңесінің ерекше құзіретіне ірі келісімдер және жасалуына Қоғамның мүддесі бар келісімдерді жасау туралы шешім қабылдау және жасалуына Қоғамның мүддесі бар келісімдер мен жасалған ірі келісімдер туралы тоқсан сайынғы есепті қарау кіреді.

2009 жылы 27 сәуірдегі «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген жасалуына ҚР «Акционерлік қоғамдар» туралы Заңымен ерекше талаптар қойылатын, «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін мекемелер арасында келісім жасау Ережесінің 10 тармағына сәйкес (№ 18 хаттама), тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу аясында, Келісімдер ҚР «Ұлттық әл-ауқат Қоры» туралы Заңының 19 бабына сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар Кеңесі бекіткен тәртіп бойынша жасалады.

Мысалы Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат Қоры» туралы Заңының 19 бабына сәйкес, Қор және Қорға акцияларының елу және одан көп (қатысу үлесі) пайызы тікелей және жанама жататын ұйымдармен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу Қордың Директорлар Кеңесі бекіткен Ережеге сәйкес жүргізіледі.

Компания жасалуына мүддесі бар келісімдерді анықтап және олардың жасалуын бақылап отырады. ҚР «Акционерлік қоғамдар» туралы Заңының 79 бабының 2-2 тармағына және 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді орналастыру қағидасына сәйкес, Қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет ресурсында ақпараттарды орналастыру тәртібін бекітті. Есептілікті тапсырудың біріңғай жүйесі арқылы Компания корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты таратады.

2017 жылы Қоғаммен жасалуына қызығушылық танытылатын келісімдер тізілімі Компанияның www.ttc.kz вебсайтындағы «Келісімдер туралы ақпарат» бөлімінде орналасқан.

Ірі келісімдер

Қоғамның Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 17 наурыздағы шешімімен (№2/2017 хаттама) «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Байланысты басқарудың бас орталығы» филиалымен қызметтер көрсету шарттар жасасу арқылы 2 ірі келісім жасалды.

Қоғамның Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 18 мамырдағы шешімімен (№3/2017 хаттама) «Grand Telecom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну туралы ұзақ мерзімді шарт жасасу арқылы ірі келісім жасалды.