07-7

Басқарудың атқарушы органдары

Басқарма Төрағасы мен мүшелерін тағайындау, олардың міндеттемелері мен жауапкершілігі

Басқарма мүшелері «Транстелеком» АҚ Басқармасы туралы Ережеге сәйкес, Акционерлердің жалпы жиналысы мен Қоғам директорлар Кеңесінің мүддесін қорғауға және шешімдерін орындауға міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Қоғамның Жарғысына, Барсқарма туралы Ережеге сәйкес, «Транстелеком» АҚ директор Кеңесімен Басқарма мүшелерін тағайындау және олардың уәкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ сандық құрамы мен уәкілеттілік мерзімін анықтау жүзеге асырылады. Басқарама мүшелерінің саны бес адамнан аспауы тиіс.

Қоғам мен Басқарма мүшелері арасында еңбек шарттары (егер Басқарма мүшесі Қоғам қызметкері болып табылса, онда еңбек шартына Қосымша келісім жасалады) жасалған, ол Қоғам қызметінің басты көрсеткіштері бойынша мақсаттарға жетуге Басқарма мүшелері мен Төрағаны материалдық көтермелеуге тікелей тәуелділікті қарастырады.

Басқарма мүшелерінің міндеттері, құқықтар және міндеттемелері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен, Қоғам Жарғысымен, Басқарма туралы Ережемен, сондай-ақ еңбек шарттарымен белгіленеді. Басқарма мүшелері де Қоғамның құрылымдық бөлімше басшылары секілді қабылданған Басқарма шешімін уақытылы және сапалы орындауға, сондай-ақ, заңнамалармен белгіленген ақпараттарды ұсыну тәртібін бұзу нәтижесінде келтірілген Қоғам шығындарына жауапты болады.

Қоғам Басрқамасының құрамы (2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша):

Ф.И.О. Лауазымы
Надыров Жанболат Орақұлы Президент (Басқарма Төрағасы)
Жексембеков Данияр Тахирұлы Экономика, қаржы және қамтамасыз ету жөніндегі Вице-президент, Басқарма мүшесі
Адайбеков Елнар Русланұлы Даму және құқықтық мәселелер жөніндегі Вице Президент, Басқарма мүшесі
Байтуғанов Сакен Мадиханұлы Коммерция жөніндегі атқарушы директор, Басқарма мүшесі
Канапин Айдос Мағауияұлы Құқық мәселелері жөніндегі атқарушы директор, Басқарма мүшесі

Басқарма мүшелерінің тізімі

Надыров Жанболат Орақұлы

Президент (Басқарма Төрағасы)

Надыров Жанболат Орақұлы

1974 жылы 18 сәуірде Қарағанды облысында дүниеге келген.

1998 жылы Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін тәмәмдады, 2002 жылы Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша «Қаржы-экономист» біліктілігін иеленіп тәмәмдады.

Еңбек өтілін «Балхаш-Мыс» ӨБ 3-ші дәрежелі металшы болып бастады.

2002 жылғы сәуірден бастап тамызға дейін - басқарма басшысы, «КМТ» ЖШС-нің бас директоры.

2002 жылдың наурыз айынан 2004 жылдың қыркүйек айына дейін Қарағанды қаласындағы «ТПК Азия» ЖШС филиалының директор орынбасары.

2005 жылдың ақпан айынан 2006 жылдың наурыз айына дейін Атырау қаласындағы «АМО» АҚ Басқармасының Төраға орынбасары.

2007 жылдың сәуір айынан 2008 жылдың тамыз айына дейін Алматы қаласындағы «Нұрбанк» АҚ-ның Корпоративті бизнес басқармасының бастығы.

2007 жылдың тамыз айынан 2008 жылдың қыркүйек айына дейін Алматы қаласындағы «Нұрбанк» АҚ басқарушы директоры.

2008 жылдың қыркүйек айынан 2010 жылдың мамыр айына дейін Алматы қаласындағы «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

2010 жылдың мамыр айынан 2010 жылдың қазан айына дейін «Қазақстан Даму банкі» АҚ Өкілдігінің директоры.

2013 жылдың 26 қарашадан бастап «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Экономика және қамтамасыз ету жөніндегі вице-презиндент м.а. – Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

2014 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Қоғам Директорлар кеңесінің шешімімен Бірінші вице-президент м.а. – Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

2016 жылғы 17 қарашадан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Қоғамның Президенті болып тағайындалды.

2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Қоғамның Президенті болып қайта тағайындалды.

Левитанус Александр Владимирович

Өндіріс жөніндегі Вице-президент

Левитанус Александр Владимирович

1963 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының металллургия өндірісін автоматтандыру мамандығы бойынша аяқтаған.

2007 жылы Мемлекеттік университет-экономика жоғары мектебінің МВА - іскери басқару шебері MasterofBusinessAdministrator(MBA) N018281 мамандығы бойынша аяқтады.

2010 жылдан іскери басқару докторы Doctor of Business Administration (DBA) per N15. Протокол N16.

1983 жылдан 1991 жылдар аралығында «УМЗ» 5 разрядты бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша дәнекерлеуші.

1991 жылдан 1993 жылдар аралығында «ҮМЗ» ТББ шебері.

1995 жылдан 2012 жылдар аралығында «Raiting» ЖШС («Рейтинг» ЖШС) фирмасының директоры қызметін атқарды.

2002 жылдың 30 мамырынан 2008 жылдың 5 желтоқсаны аралығында «Raiting» ЖШС директорлар Кеңесінің Төрағасы болып қызмет атқарды.

2008 жылдың 02 шілдесінен бастап «ДК ҮМЗ» ЖШС, «ҮМЗ» ААҚ директоры болып жасады.

2012 жылдың 12 сәуірінен Қоғам директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес, Қоғам Басқармасының мүшесі-өндіріс жөніндегі вице-президенті м.а. болып сайланды.

2013 жылдың 13 наурыздан 2017 жылғы 20 қаңтарға дейін Қоғам Басқармасының мүшесі-өндіріс жөніндегі вице-президент қызметін атқарып келеді.

Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі(диплом №341).

2006 жылдың 8 желтоқсанындағы Жарлықпен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Жексембеков Данияр Тахирұлы

Экономика, қаржы және қамтамасыз ету жөніндегі Вице-президент

Жексембеков Данияр Тахирұлы

1988 жылғы 18 тамызда дүниеге келген.

London Metropolitan University-ін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады, өз еңбек жолын «Бухучет-НАП» ЖШС-да бухгалтердің көмекшісі болып бастады.

2012 жылы «Транстелеком» АҚ экономика және қаржы басқармасының ақша ағындарын жоспарлау және реттеу бөлімінің жетекші маманы болды.

Одан әрі жұмыс тәжірибиесін «ТауКен Самрук» ҰТК» АҚ менеджер болып жалғастырды.

2014 жылы «Транстелеком» АҚ экономика және қаржы басқармасының ақша ағындарын жоспарлау және реттеу бөлімінің бас маманы болды.

2015 жылы «Транстелеком» АҚ Сатып алу бөлімі басшысы болып ауысып, кейіннен Экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директордың м.а болды.

2016 жылғы 8 қарашадан бастап Экономика, қамтамасыз ету және коммерция жөніндегі Вице-президентінің м.а. лауазымына тағайындалды.

Біліктілік арттыру курстары: Бухгалтерлік есеп, Көшбасшылық әлеуетті дамыту, менеджерлерге арналған медиативтік құзіреттіліктер, «Самұрық Қазына» ҰӘҚ тобында сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, Кәсіпорындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, «Операцияларды тиімді басқару» (CIMA P1), TM Forum Инвойс №17184407 от 31.03.2016 ж., «Өзгерістерді басқару: стратегиялық көзқарас».

2016 жылғы 17 қарашадан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Қоғамның Экономика, қамтамасыз ету және коммерция жөніндегі Вице-президенті болып сайланды.

2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйке,с экономика және қаржы жөніндегі Вице-президент болды.

2017 жылғы 12 желтоқсаннан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, экономика, қаржы және қамтамасыз ету жөніндегі Вице-президент болып тағайындалды.

Адайбеков Елнар Русланұлы

Даму және құқықтық мәселелер жөніндегі Вице Президент

Адайбеков Елнар Русланұлы

1986 жылы 18 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келді. Kings College London, University of London BSc Computer Sciense мамандығы бойынша бітірді.

2008 – 2009 жылдары Алматы қаласындағы «Нұрбанк» АҚ жобалық менеджер болып жұмыс жасады.

2009 - 2010 жылдар Алматы қаласындағы «Нұр-Транс» АҚ тәуекел бөлімі басшысы қызметін атқарды.

2010 – 2011 жылдары Romania-дағы RompetrolGasSRLBucharest аға тәуекел менеджері болып жұмыс жасады.

2012 жылдан 2015 жылға дейін Romania, RompetrolGasSRLBucharest бас директорының орынбасары болды.

2015 жылғы 14 сәуірден бастап Қоғамның директорлар Кеңесі шешіміне сәйкес, Корпоративтік басқару және құқықтық мәселелер жөніндегі Вице-президенті – Қоғам Басқармасының мүшесі.

2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, даму және құқықтық мәселелер жөніндегі Вице-президент – Қоғам Басқармасының мүшесі болып тағайындалды.

Байтуғанов Сакен Мадиханұлы

Коммерция жөніндегі атқарушы директор

Байтуғанов Сакен Мадиханұлы

1974 жылы 14 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ химия-технологиялық Университетінің «Инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдады.

1996 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың сәуір айы аралығында Қазақстандағы "WrigleyGmbH" өкілдігінде түрлі позицияда жұмыс жасады.

2003 жылдың маусым айынан 2008 жылдың наурызы аралығында "GilletteGroup LLC" және "Procter&Gamble" жұмыс жасады.

2008 жылдан 2012 жылдар аралығында бизнесті дамыту жөніндегі аймақтық менеджер/"GSM Kazakhstan" ЖШС/»Қазақтелеком» АҚ/ "Кселл"АҚ директор қызметтерін атқарды.

2012 жылдың желтоқсан айынан "Корпорация Аю" ЖШС коммерциялық директоры.

2013 жылдың желтоқсанынан "ABConsult". ЖШС Атқарушы директоры қызметін атқарды.

2014 жылдың 29 сәуірінен Қоғам директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес, Қоғам Басқармасының мүшесі - коммерция жөніндені Атқарушы директор болып сайланды.

2015 жылғы 14 сәуірден бастап Қоғамның директорлар Кеңесі шешіміне сәйкес, Қоғам Басқармасының мүшесі болып қайта сайланды.

2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, телекоммуникациялық қызметтерді сату жөніндегі атқарушы директор болып тағайындалды.

2017 жылғы 12 желтоқсандағы Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, коммерция жөніндегі Вице-президент болды.

Сапронов Андрей Александрович

Жаңғырту және дамыту жөніндегі атқарушы директор

Сапронов Андрей Александрович

1967 жылы 31 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. Томскідегі Автоматтандырылған басқару жүйесі және радиоэлектрика институтын «электронды- есептеу аппаратураларын құрастыру және өндіру» мамандығы бойынша тәмәмдады.

2002 жылы Экономика және қаржы институтын «Экономикадағы менеджмент» мамандығы бойынша тәмәмдады.

1999 - 2003 жылдар аралығында Мини-АТС бөлімінің басшысы, «ComInTel» ЖШС-нің техникалық директоры болып жұмыс істеді.

2003-2012 жылдар аралығында Жоба жұмыстары бойынша атқарушы директор, Жобаларды жасау және енгізу Департаментінің директоры, бас техникалық сарапшы, Вице-президент, Бас техникалық директор, «Транстелеком» АҚ-ның бас инженері болып қызмет атқарды.

2012 жылғы 18 сәуірден Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен Қоғамның Жаңғырту және дамыту жөніндегі атқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

2015 жылғы 14 сәуірден бастап Қоғамның директорлар Кеңесі шешіміне сәйкес, Қоғам Басқармасының мүшесі болып қайта сайланды.

2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Хидуанов Жаркимбек Ишанбекұлы

Атқарушы директор - «Телекоммуникациялық желілерді пайдалану дирекциясы» филиалының директоры

Хидуанов Жаркимбек Ишанбекұлы

1956 жылы 25 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келді. Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Энергетика инженері» мамандығы бойынша тәмәмдады.

2000-2008 жылдар аралығында Қызылорда стансасының телеграф аға электрмеханигі, филиалдың басқарушы директорының орынбасары, «Қызылордатранстелеком» филиалының басқарушы директоры.

2008 жылы «Астанатранстелеком» филиалының техникалық директоры.

2008-2012 жылдар аралығында «Көкшетаутранстелеком» филиалының Басқарушы директоры болып жұмыс атқарды.

2013 жылдың 10 қаңтарынан бастап «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «Транстелеком» АҚ Атқарушы директоры – «Телекоммуникациялық желілерді пайдалану дирекциясы» филиалының директоры – Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

2015 жылғы 14 сәуірден бастап Қоғамның директорлар Кеңесі шешіміне сәйкес, Қоғам Басқармасының мүшесі болып қайта сайланды.

2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Канапин Айдос Мағауияұлы

Құқық мәселелері жөніндегі атқарушы директор

Канапин Айдос Мағауияұлы

1976 жылы 10 желтоқсанда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұрталды ауылында дүниеге келді.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

1999 - 2000 жылдары Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі салық және кеден басқармасы қазыналық саясат және болжау департаментінің кеден заңын дайындау бөлімінің жетекші экономисті болды.

2000 - 2001 жылдары "Гросс Ост Тайм" ЖШС директор м.а болып жасады.

2001 жылғы сәуірден шілдеге дейін Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі салық және кеден басқармасы қазыналық саясат және болжау департаментінің кеден заңын дайындау бөлімінің бас экономистінің міндетін атқарушы болды.

2001 тамыздан бастап 2003 жылға дейін "Темиртау" ТП жанындағы "Ай. Си.Эс. Инспекшн энд КонтралСервисед Казахстан" ЖШС аймақтық менеджері болып жұмыс істеді.

2003 – 2004 жылдары "Гросс Ост Тайм" ЖШС директорының орынбасары болып жасады.

2004 - 2006 жылдар аралығында Көлік және коммуникация министрлігі Заң департаменті Нормошығармашылық қызмет басқармасының басшысы, Заң департаменті құқықтық сараптау басқармасы заң жобаларын құқықтық сараптау бөлімінің бас маманы м.а болып қызметтер атқарды.

2006 – 2008 жылдары Қазақстан Республикасы сауда және индустрия министрлігі Бәсекелестікті қорғау Комитетінің бақылау және жауап беру басқармасының басшысы болды.

2008 - 2009 жылдары "OlympexAdvisers" ЖШС құқықытық қызмет департаментінің құқықытық мәселелер жөніндегі топтың заңгері болып жұмыс істеді.

2009 жылғы мамырдан қарашаға дейін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Тауар нарықтарын талдау департаменті директорының орынбасары болып қызметін ауыстырады. (Монополияға қарсы агенттік).

2009 жылғы желтоқсаннан 2010 жылғы шілдеге дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары жөніндегі комитетінің «Қ. Сәтпаев атындағы канал» РМК бас директорының орынбасары.

2010 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы тамызға дейін «Balkantau» ЖШС директорының орынбасары, бас менеджер қызметінде болған.

2013 қаңтардан 2013 мамырға дейін Қарағанды облыстық Әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.

2013 жылғы мамырдан 2014 жылғы маусымға дейін ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Заң департаменті директоры болып тағайындалды (Монополияға қарсы агенттік).

2014 жылғы маусымнан 2015 жылғы қаңтарға дейін "Ипотека АФ " АҚ Басқарма басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2015 маусымынан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласындағы «Транстелеком» АҚ Құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры м.а.

2015 жылғы 14 тамыздан Қоғамның директорлар Кеңесі шешімімен құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директор – Қоғамның Басқарма мүшесі болып таңдалды.

2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Қоғам Басқармасының мүшесі болып қайта сайланды.