07-4

2017 жылғы Директорлар кеңесінің қызметі

Мәжіліс саны және Директорлар кеңесі мүшелерінің мәжілістерге қатысуы

2017 жылы «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 11 мәжілісі өткізілді, оның 8 күндізгі, 3 сырттай өтті. Корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесіне сәйкес, Директорлар кеңесінің сырттай мәжілістерінің саны ең аз деңгейге теңелді.

«Транстелеком» АҚ қызметтерінің негізгі қырлары бойынша барлығы 72 мәселе қарастырылды, 16 тапсырма беріліп, оның барлығы орындалды.

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің 2017 жылғы Директорлар кеңесінің мәжілістеріне қатысуы туралы ақпарат

№ р/с Аты-жөні ДК мәжілістеріне қатысуы %
1 Орынбасаров Б.П. 8 дің 11 72%
2 Әлиев Н.Р. 10 дің 11 91%
3 Мұханов М.С. 11 дің 11 100%
4 Баймырзаұлы А. 11 дің 11 100%
5 Исекешев Е.О. 10 дің 11 91%
6 Досмұқаметов К.М. 8 дің 11 72%
7 Дэвид Хекстер Ричард 10 дің 11 91%
№ р/с Аты-жөні ДК мәжілістеріне қатысуы %

2017 жылғы Директорлар кеңесі мен Басқарманың қараған маңызды мәселелері

2017 жылы Директорлар кеңесімен қаралған маңызды мәселелер

Есепті кезеңде Директорлар кеңесінің отырысында стратегиялық мәселемен қатар өзінің құзіретіне кіретін қызметтің ағымдағы мәселелері де қаралды. Мәселелер тізілімі мен олардың шешімі Директорлар кеңесі отырысының шешімдері мен хаттамаларда көрсетілді.

Даму стратегиясы

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес, 2017 жылғы 20 қаңтарда «Транстелеком» АҚ 2026 жылға дейінгі даму стратегиясын бекітілді (№1/2017 хаттама).

Есепті кезеңде Директорлар кеңесі жұмысының маңызды бағыттарының бірі жаңа ұзақ мерзімді «Транстелеком» АҚ 2026 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту болып табылды (бұдан әрі – Стратегия). Стратегияны әзірлеу аясында Стратегия жобасын талқылау бойынша көп жұмыстар жасалды, ол үш негізгі бағытты іске асыруды қамтиды:

  1. Тіркелген байланысты, телеграф байланысын, көтерме сауданы, ұялы байланысты қамтитын телекоммуникациялық қызметтерді дамыту;
  2. АТ-қызметтерді (біріңғай сервис орталығы, managed security service provider (MSSP), бұлттық сервис-провайдер), АТ-жобаларды (Логистикалық саладағы АТ-жобалар), болашағы бар нарықтағы салалық АТ жобаларды (мұнай газ секторы, таукен металлургия саласы, қорғаныс өндірісі, білім беру, денсаулық сақтау, банк секторы, ақылды қалалар) қамтитын Ат-қызметтерді дамыту);
  3. Корпоративтік басқаруды жетілдіру, процесстік басқаруды дамыту, кадрлық потенциалды арттыуды қамтитын ішкі түрлену.

Даму стратегиясы Компанияның ұзақ мерзімді сомасын арттыруға бағытталған және он жылдық кезеңге миссияны, елестетуді, дамудың стратегиялық бағытын, мақсаттар мен міндетерді анықтайды. «Транстелеком» АҚ елестетуі - «Серіктестер мен клиенттердің күткенінен асып түсу арқылы, инфрақұрылымдық мүмкіндіктер мен пайдалы АТ шешімдерді құру» болып табылады.

Ішкі аудит қызметін құру

2016 жылғы 18 қазандағы «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен, жұмысын 2017 жылғы 1 ақпаннан бастап бастайтын, Қоғамның орталық аппаратында жаңа құрылымдық бөлімше Ішкі аудит қызметі құрылды. 2017 жылғы 20 қаңтардағы «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен, құрамында үш адамы бар Ішкі аудит қызметі жасақталды, Ішкі аудит қызметінің басшысы болып Исамадиева Диляра тағайындалды (№1 хаттама). Есепті кезеңде 9 аудиторлық тексеріс жүргізілді.

Минск қаласында және Мәскеу қаласында «Транстелеком» АҚ өкілдігін құру

«Транстелеком» АҚ бизнесін әрі қарай дамыту және жаңа сыртқы нарыққа шығу үшін географиялық аумағын кеңейту бойынша іс-шаралар жүргізу қажет, осыған байланысты, Директорлар кеңесі 2017 жылғы 27 желтоқсанда Беларусь Республикасының Минск қаласында және Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында «Транстелеком» АҚ өкілдіктерін ашу туралы шешім шығарды (№11/2017 хаттама).

Минск қаласындағы және Мәскеу қаласындағы өкілдіктермен орындалатын негізгі міндеттер:

  1. Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында орналасқан, компанияның қолданыстағы серіктестерімен жұмыс жасау;
  2. бірлескен жобалар бойынша ықтимал серіктестерді іздеуге қатысу;
  3. бизнесті дамытудың жаңа болашағы бар бағытын іздеу мақсатында Беларусь Республикасының және Ресей Федерациясының ІТ және телекоммуникациялық нарығын талдау.

Есепті кезеңде Директорлар кеңесімен келесі бағыттарды реттеуші бірқатар негізгі мәселелер қарастырылды:

Қаржы-шаруашылық қызметі
  • «Транстелеком» АҚ жылдық акционерлердің жалпы жиналысын шақырту туралы;
  • «Транстелеком» АҚ жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту туралы;
  • «Транстелеком» АҚ 2016 жылғы таза табысын бөлу тәртібін, «Транстелеком» АҚ бір қарапайым акциясына есептеуде дивидент мөлшерін «Транстелеком» АҚ акционерлердің жалпы жиналысына қарауына ұсыну;
  • жасалуына Компания қызығушылық танытқан мәмілелерді жасау.
Стратегиялық даму
  • «Транстелеком» АҚ 2026 жылға дейінгі Даму стратегиясын бекіту;
  • «Транстелеком» АҚ 2016 жылғы бюджетін орындау бойынша есебін қарау;
  • 2018 жылға «Транстелеком» АҚ бюджетін бекіту;
  • «Транстелеком» на 2018-2022 жылдарға Транстелеком» АҚ даму жоспарын бекіту.
Корпоративтік басқару
  • «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасы мен оның мүшелерінің лауазымдық еңбекақы көлемін, уәкілеттілік мерзімін анықтау және сайлау;
  • «Транстелеком» АҚ Төрағасы мен Басқарма мүшелері және Ішкі аудит қызметінің басшысы үшін 2017 жылға арналған мақсатты мәндермен қызметтің негізгі көрсеткіштерінің карталарын бекіту;
  • «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің тапсырмасын орындау туралы есепті тыңдау;
  • «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитет Қағидасын бекіту;
  • «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының құрылымын және жалпы қызметкерлер санын бекіту;
  • Акционерлердің жалпы жиналысына қарауға берілетін, «Транстелеком» АҚ Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» мәселені алдын ала қарау және мақұлдау;
  • Акционерлердің жалпы жиналысына қарауға берілетін, «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесі туралы қағидаға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» мәселені алдын ала қарау және мақұлдау.
Ішкі аудит
  • Ішкі аудиттің сандық құрамын, өкілеттілік мерзімін, оның басшысын сайлау, Ішкі аудит қызметі басшысының лауазымдық еңбекақы көлемін белгілеу және Ішкі аудит қызметі басшысына және қызметкерлеріне қойылатын білікті талаптарды анықтау;
  • 2017 және 2018 жылдарға Компанияның Ішкі аудит қызметінің аудиторлық жоспарын бекіту;
  • Тоқсан сайын Директорлар кеңесі Ішкі аудит қызметінің есебін тыңдайды.
Тұрақты даму саласында
  • «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының әкімшілік-басқарушылық және өндірістік персоналдарының лауазымдық еңбекақы тәсімін бекіту;
  • «Транстелеком» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің тұрғын үйді бөліп төлеуге алу, баспанаға мұқтаж ретінде есепке тұру және тұрғын үй жағдайын жақсарту қағидасын жаңа редакцияда бекіту;
  • «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының әкімшілік-басқарушылық және өндірістік персоналдарына еңбекақы төлеу туралы қағида» біріктірілген менеджмент жүйесінің жұмыс нұсқаулығын жаңа редакцияда бекіту;
  • «Транстелеком» АҚ филиалдар туралы ережесіне енгізілген өзгерістерді бекіту.

2017 жылы Басқармамен қаралған негізгі мәселелер

Басқарма заңнама мен Қоғам Жарғысына сәйкес, заңнамамен және Қоғам Жарғысымен Қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылмайтын оның қызметінің кез келген мәселесі бойынша шешім қабылдау жатады.

Есепті кезеңде Қоғам Басқармасының 24 отырысы өткізілді, Қоғам Басқармасының құзіретіне жататын 11 мәселе қаралды.

Директорлар кеңесімен акционерлердің Қоғамға қатысты пікірлерін есепке алу бойынша шаралар қабылдау

Акционерлердің Қоғамға қатысты пікірлерін есепке алу үшін Директорлар кеңесінде Қоғамның екі акционерінің өкілдері саны бірдей.

Акционердің өкілдері Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ойларын әзірлейді және оны Директорлар кеңесінің отырысында айтатын болады. Бұл жағдай Директорлар кеңесі отырысының хаттамасына жазылып, Директорлар кеңесінің басқа да мүшелерімен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру кезінде ескерілетін болады. Акционерлер өз өкілдері арқылы Директорлар кеңесінде, акционерлердің мүддесін қозғайтын мәселелерді «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінде қарауға енгізуге бастама жасауға құқылы.

Кеңес акционерлер мүддесінің өкілдігі болып табылады және акционерлерден түскен өтініштер мен шағымдарды өзінің отырыстарында қарап жылдам жауап қайтаруы қажет.

Есепті кезеңде Директорлар кеңесінің мекенжайына Қоғамға қатысты акционерлердің пікірлері түскен жоқ.