07-5

Директорлар кеңесі Комиттерінің қызметі

Директорлар кеңесінің қызметтерін нәтижелі орындалуына көмек беру мақсатында, өз атқарымдық міндеттері аясында мәселелерді қарастыру және маңызды және басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарды дайындайтын:

  • Аудит бойынша комитет;
  • Кадрлар және сыйақылар бойынша комитет;
  • Стратегиялық жоспарлау бойынша комитет.

Директорлар кеңесі жанындағы Комитеттер туралы қағидаға сәйкес, әр комитет Директорлар кеңесіне жыл сайынғы негізде орындалған жұмыстар туралы есеп береді.

2017 жылғы Директорлар кеңесінің Аудит бойынша Комитетінің қызметі

Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті (бұдан әрі-Комиет) өз қызметін 2017 жылғы 17 наурыздағы Қоғам Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (№2/2017 хаттама) «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша Комитеті туралы қағидаға сәйкес жүзеге асырады.

31.08.2016ж. «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің №6/2016 шешіміне сәйкес, Аудит бойынша комитетінің жаңа құрамы бекітілді:

Состав Комитета по аудиту
Аты-жөні Лауазымы Бастап Комитетте:
1 Хекстер Дэвид Ричард «Транстелеком» АҚ Тәуелсіз директоры, Комитет мүшесі 2016 жылғы 31 тамыздан
2 Досмукаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы «Транстелеком» АҚ Тәуелсіз директоры, Комитет мүшесі 2016 жылғы 31 тамыздан
3 Исекешев Ерлан Орынтайұлы «Транстелеком» АҚ Тәуелсіз директоры, Комитет төрағасы 2016 жылғы 31 тамыздан

Есепті кезеңде Комитет барлығы күндізгі болып табылатын 6 отырыс өткізді. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес, Комитетпен 13 мәселе қаралды, қарасытыралған мәселелер бойынша Қоғамның директорлар кеңесіне тиісті ұсыныстар берілді.

Есепті кезеңдегі Комитеттің отырысында, Комитеттің құзіретіне кіретін қызметтің барлық мәселелері қаралды.

Ішкі аудит мәселелері бойынша

  1. Ішкі аудит қызметінің сандық құрамы, өкілеттік мерзімі туралы, оның басшысының тағайындалуы, ішкі аудит қызметі басшысының лауазымдық жалақы көлемін және ішкі аудит қызметінің басшысына және қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары жайында ұсыныстар туралы.
  2. «Транстелеком» АҚ ішкі аудит қызметі жайында Қағиданы алдын ала келісу туралы.
  3. 2017 жылға «Транстелеком» АҚ ішкі аудит қызметінің Аудиторлық жоспарын алдын ала келісу туралы.
  4. «Транстелеком» АҚ ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің тағайындалуы, өкілеттілігін мерзімін және лауазымдық жалақы көлемін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы.
  5. «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесінің Аудит бойынша Комитетінің хатшысын тағайындау туралы.
  6. «Транстелеком» АҚ ішкі аудитті ұйымдастыру бойынша Басшылығын алдын ала келісу туралы.
  7. «Транстелеком» АҚ ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің тағайындалуы, өкілеттілік мерзімін және лауазымдық жалақы көлемін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы.
  8. 2017 жылғы 2 тоқсан үшін «Транстелеком» АҚ ішкі аудит қызметінің есебін алдын ала келісу туралы.
  9. «Басшылық қызметінің негізгі көрсеткіштер аудиті» тексерісінің қорытындысы бойынша «Транстелеком» АҚ ішкі аудит қызметінің аудиторлық есебін назарға алу туралы.
  10. 2018 жылға Транстелеком» АҚ ішкі аудит қызметінің Аудиторлық жоспарын алдын ала келісу туралы.

Қаржылық есептілік мәселелері бойынша

  1. «Транстелеком» АҚ жылдық қаржылық есептілігін алдын ала мақұлдау туралы.
  2. «Транстелеком»АҚ Салық есебі саясатын жаңа редакцияда алдын ала мақұлдау туралы.

Директорлар кеңесінің қызметі бойынша және ұйымдастырушылық мәселелер бойынша:

Комитет төмендегі мәселелерді қарап, Директорлар кеңесіне ұсыныстар берді:

  1. «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің аудит бойынша комитетінің ағымдағы отырысының Төрағасын тағайындау туралы.
Аудит бойынша комитет мүшелерінің 2017 жылғы мәжілістерге қатысуы
Аты-жөні Барлық мәжілістер, саны Мәжілістерге қатысуы, саны Мәжілістерге қатысуы, (%)
1 Хекстер Дэвид Ричард 6 4 67
2 Досмукаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы 6 5 83
3 Исекешев Ерлан Орынтайұлы 6 5 83

Есепті кезеңде аудит бойынша комитет тұрақты түрде ішкі аудит қызметінің жұмыстарына жетекшілік жасады, сондай-ақ жетекшілік ететін мәселелері бойынша Қоғамның өкілдерімен кездесулер өткізді.

2017 жылғы Кадрлар және тағайындаулар жөніндегі Комитеттің жұмысы

Директорлар кеңесінің Кадрлар және тағайындаулар жөніндегі Комитеті (бұдан әрі-Комитет) 2016 жылғы 31 тамыздағы «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен құрылды және өз жұмысын 2016 жылғы 31 тамыздағы №6/2016 хаттама Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Транстелеком» АҚ Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

31.08.2016ж. №6/2016 «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің жаңа құрамы бекітілді:

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің құрамы
Аты-жөні Лауазымы Бастап Комитет мүшесі:
1 Исекешев Ерлан Орынтайұлы «Транстелеком» АҚ тәуелсіз директоры, Комитеттің төрағасы 2016 жылғы 31 тамыздан
2 Досмукаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы «Транстелеком» АҚ тәуелсіз директоры, Комитеттің мүшесі 2016 жылғы 31 тамыздан
3 Хекстер Дэвид Ричард «Транстелеком» АҚ тәуелсіз директоры, Комитеттің мүшесі 2016 жылғы 31 тамыздан

Есепті кезеңде Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің 6 отырысы өтті: 5 күндізгі отырыс, 1 сырттай отырыс. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, Комитетпен барлығы 17 мәселе қарастырылды, қарастырылған мәселелер бойынша Қоғамның Директорлар кеңесіне тиісті ұсыныстар берілді.

Есепті кезеңде Комитет отырысында Комиетттің құзіретіне кіретін қызметтерінің барлық мәселелері қаралды.

Кадрлар мәселелері бойынша

Комитет төмендегі мәселелерді қарап, Директорлар кеңесіне ұсыныстар берді:

  1. «Транстелеком» АҚ Басқармасы Төрағасы мен Басқарма мүшелерін сайлау, өкілеттілік мерзімін анықтау, өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату және лауазымдық жалақы көлемін белгілеу;
  2. «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесі Ішкі аудит комитетінің ережесін жаңа редакцияда бекіту;
  3. Корпоративтік хатшыны сайлау, өкілеттілік мерзімін анықтау, оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату;
  4. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша 2017 жылғы 20 қаңтардағы «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне өзгерістер енгізу (№1/2017 хаттама).

Сыйақы мәселелері бойынша

Комитет төмендегі мәселелерді қарап, Директорлар кеңесіне ұсыныстар берді:

  1. «Транстелеком» АҚ орталық аппараты қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысы тәсімін бекіту;
  2. «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының әкімшілік-басқарушылық және өндірістік қызметкерлерінің еңбекақысы тәсіміне толықтырулар енгізу;
  3. «Транстелеком» АҚ басқарушы қызметкерлерінің жұмысын бағалау және сыйақы беру қағидасын жаңа редакцияда бекіту;
  4. «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасы мен Басқарма мүшелеріне 2016 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы беру көлемін есептеу және нақты мағынасымен қызметтің негізгі көрсеткіштер картасын бекіту туралы;
  5. «Транстелеком» АҚ Ішкі аудит қызметі басшысының жұмысын бағалау және сыйақы беру қағидасын бекіту;
  6. 2017 жылға арналған «Транстелеком» АҚ Ішкі аудит қызметі басшысының уәждемелік ПЭК картасын мақұлдау;
  7. «Транстелеком» АҚ басқарушы қызметкерлерінің жұмысын бағалау және сыйақы беру қағидасы» біріктірілген менеджмент жүйесінің жұмыс нұсақаулығын жаңа редакцияда бекіту;
  8. 2017 жылға арналған уәждемелік картаны бекіту және 2017 жылға арналған «Транстелеком» АҚ кейбір Басқарма мүшелерінің уәждемелік картасына өзгерістер енгізу;
  9. «Транстелеком» АҚ орталық аппаратының әкімшілік-басқарушылық және өндірістік қызметкерлерінің еңбекақыс төлеу туралы қағида» т біріктірілген менеджмент жүйесінің жұмыс нұсақаулығын жаңа редакцияда бекіту;
  10. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Басқарма Төрағағасына, мүшелеріне, Корпоративтік хатшыға және Ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне сыйақы төлеу.

Ұйымдастырушылық мәселелер бойынша және Директорлар кеңесінің қызметі мәселелері бойынша

Комитет төмендегі мәселелерді қарап, Директорлар кеңесіне ұсыныстар берді:

  1. «Транстелеком» АҚ Басқармасына қажетті түсініктеме беру (бұрын Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитеттің отырысында қарастырылған, Ішкі аудит қызметінің мәселелерін отырыстың күн тәртібіне қосу арқылы «Транстелеком» АҚ Басқармасына тиісті материалдарды мәні бойынша қарау құқығынсыз, «Транстелеком» АҚ Басқармасының Директорлар кеңесі отырысында бастама білдіруге рұқсат ету туралы түсіндіру);
  2. «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар және тағайындаулар жөніндегі Комитетінің күн тәртібін бекіту;
  3. «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесі Кадрлар және тағайындаулар жөніндегі Комитетінің ағымдық отырысының Төрағасын тағайындау.

2017 жылғы Комитеттің отырыстары:

Кадрлар және тағайындаулар бойынша Комитет мүшелерінің 2017 жылғы отырыстарға қатысуы
Аты-жөні Барлық мәжілістер, саны Мәжілістерге қатысуы, саны Мәжілістерге қатысуы, (%)
1 Исекешев Ерлан Орынтайұлы 6 5 83
2 Досмукаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы 6 5 83
3 Хекстер Дэвид Ричард 6 5 83

Комитет туралы ережеге сәйкес, Комитет 2017 жылы мақсаттарын, міндеттерін және қызметтік міндеттемелерін толық орындады.

2017 жылғы стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің жұмысы

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің қызметтік мақсаты мәселелерді егжей-тегжейлі қарау және қабылдайтын шешімдерінің сапасын жақсарту үшін Директорлар кеңесіне ұсыныстар беру болып табылады.

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 6/2016 хаттама шешімімен «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің құрамы бекітілді:

Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің құрамы (31.12.2017ж. жағдай бойынша)
Аты-жөні Лауазымы Бастап Комитет мүшесі:
1 Досмукаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы «Транстелеком» АҚ тәуелсіз директоры, Комитеттің төрағасы 2016 жылғы 31 тамыздан
2 Хекстер Дэвид Ричард «Транстелеком» АҚ тәуелсіз директоры, Комитеттің мүшесі 2016 жылғы 31 тамыздан
3 Исекешев Ерлан Орынтайұлы «Транстелеком» АҚ тәуелсіз директоры, Комитеттің мүшесі 2016 жылғы 31 тамыздан
4 Баймырзаұлы Аскар «Транстелеком» АҚ тәуелсіз директоры, Комитеттің мүшесі 2016 жылғы 31 тамыздан

2017 жылы Комитеттің 7 отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, Комитетпен барлығы 14 мәселе қарастырылды және қарастырылған мәселелер бойынша Қоғамның Директорлар кеңесіне тиісті ұсыныстар берілді.

Есепті кезеңде Комитет отырысында Комиетттің құзіретіне кіретін қызметтерінің барлық мәселелері қаралды.

Комитет төмендегі мәселелерді қарап, Директорлар кеңесіне ұсыныстар берді:

  • «Транстелеком» АҚ 2026 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту бойынша ұсыныстар енгізу;
  • «Транстелеком» 2016 жылғы «Транстелеком» АҚ бюджетін орындау бойынша есепті алдын ала мақұлдау;
  • «Транстелеком» АҚ Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды алдына ала қарау;
  • 2017 жылғы «Транстелеком» АҚ түзетілген бюджетін алдын ала мақұлдау;
  • Директорлар кеңесіне стратегияны іске асыру барысы туралы ақпараты, қызметтің негізгі көрсеткіштерінің стратегиялық мақсатты жетістіктері бар, қарауға ұсынылған құжаттарды алдын ала қарау;
  • 2018 жылғы «Транстелеком» АҚ бюджетін алдын ала мақұлдау;
  • «Транстелеком» на 2018-2022 жылдарға арналған «Транстелеком» АҚ Даму жоспарын алдын ала мақұлдау.

2017 жылғы стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеттің отырыстары:

2017 жылғы стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет мүшелерінің отырыстарға қатысуы
Аты-жөні Барлық мәжілістер, саны Мәжілістерге қатысуы, саны Мәжілістерге қатысуы, (%)
1 Досмукаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы 7 6 86
2 Хекстер Дэвид Ричард 7 6 86
3 Исекешев Ерлан Орынтайұлы 7 5 71
4 Баймырзаұлы Аскар 7 7 100

Комитет туралы ережеге сәйкес, Комитет 2017 жылы мақсаттарын, міндеттерін және қызметтік міндеттемелерін толық орындады.

Комитет отырысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер толықтай қаралды, Қоғамның Директорлар кеңесі қабылдаған салмақталған және тыңғылықты ұсынымдар берілді.