07-11

Коррупцияға қарсы қызмет. Этика және адамгершілік

«Транстелеком» АҚ стратегиялық тапсырмаларының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет болып табылады. Компания ұлттық қауіпсіздіктің жүйелі қатерлерінің бірі болып қарастырылалын кез келген жемқорлықтың туындауымен күресуде.

«Транстелеком» АҚ мемлекеттік компания ретінде мемлекеттік саясатта сыбайлас жемқорлықпен қаралатын басымдылық және қағидалық бағытында бет түзейді, сондықтан да бұл аяда Қазақстан Республикасының қолданыстағы барлық заңнама талаптарына сәйкес тіркеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті басқару

ҚР Президентінің жариялаған 100 нақты қадам Ұлт жоспарында экономикалық дағдарыс жағдайындағы жемқорлыққа қарсы заңнамалық базаның жаңартылуы болды. Жаңа заңның басты ерекшелігі, ол кәсіпкерлік қызметті жемқорлықтан қорғауға кепілдік беріп қана қоймай, кәсіпкерлерді жемқорлыққа қарсы әрекет ететін субъект ретінде таниды. Демек, бизнес иелері енді жаңа заң бойынша, жемқорлыққа қатысты заңбұзушылықтардың орын алуына жол ашатын себептер мен жағдайларға тойтарыс беретін шараларды қолға ала алады.

Жемқорлыққа қарсы әрекет және алаяқтықпен күрес «Транстелеком» АҚ дамуының стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады.

2015 жылғы қарашада Қоғамда бекітілген жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы әрекет Саясатына сәйкес, компанияның барлық қызметкерлері оны басшылыққа алып, принциптерін мүлтіксіз орындайды:

  • Заңдылық;
  • Адамның және азаматтың бостандығы мен негізгі құқықтарын мойындау, қорғау және қамтамасыз ету;
  • Қоғам жұмысшылары қызметінің жариялылығы және ашықтығы;
  • Жемқорлық заңбұзушылықтарын жасаған жағдайдағы жауапкершілік;
  • Қоғам қызметкерлерінің алаяқтық пен жемқорлықтан аулақ болатын, лауазымдық міндеттерін атқаруда адалдық принциптері мен сатқындықтың болмауын қамтамасыз ететін құқықтық мәдениетінің қалыптасуы;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жүргізу;
  • Саяси, ұйымдастырушылық, ақпараттық насихатау, саяси-экономикалық, құқықтық, арнайы және басқа да шаралардың кешенді пайдаланылуы;
  • Компанияның, мемлекеттік органдармен, Қоғам контрагенттерімен Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету аясында қызмет атқару.

Саясаттың міндеттері:

  • Құқыққа қарсы әрекеттерді ескерту;
  • Қоғам қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, сондай-ақ Қоғамның қызметін реттеуші ішкі нормативтік құжаттарды қатаң сақтауға тәрибиелеу;
  • Алаяқтық пен жемқорлықты туғызатын жағдайлар мен себептерді жою.

Корпоративті басқару, сатып алуларды өткізу барысындағы клиенттермен, контрагенттермен және әріптестермен өзара байланыс, сондай-ақ, мемлекеттік органдармен қарым-қатынас салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша нақты шараларды жүзеге асыру мақсатында:

  • сыбайлас жемқорлық бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары барлық қызметкерлердің назарына жеткізілді;
  • қызметтерді ұсыну және сатып алуды жүргізу барысында тұрақты қадағалау жүргізіледі; (2017 жыл үшін қызметтерді ұсыну және сатып алуды жүргізу барысында нормативтік актілердің бұзушылық фактісі болған жоқ);
  • сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу процесін автоматтаныру үшін заманауи информациялық жүйені пайдаланып оның жариялылығын және қатысымдылығының жоспарларын дайындау уақытында қамтамасыз етілді.

Сатып алуларды өткізу мерзіміне сәйкес, Қоғаммен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ акцияларының елу және одан да көп пайызы (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама жататын ұйымдармен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алулар Ережесін сақтауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізілді.

2016 жылдан бастап Қоғамда Компанияда жұмыс істейтін кез келген қызметкер немесе Компанияның серіктесі ұжымдағы, филиалдардағы дайындалып жатқан немесе болған сыбайлас жемқорлық фактілері және мәселелік жағдайлар туралы айтуға және басшылыққа сұрақ қоюға болатын «Сенім телефоны» қолданысқа енгізілді. Нормативтік актісіне сәйкес, қызметкерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығау кезінде, бос лауазымдық орынға конкурстық іріктеудің жариялылығы, ашықтығы және айқындығын қамтамасыз ету бойынша бақылау жүргізеді. Конкурстық іріктеу қорытындысы туралы ақпарат ресми сайтта жарияланады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды дамыту департаментіне тоқсан сайын бос лауазымдық орынға кандидаттарды қарастыру жөнінде есеп жіберіледі.

Қазіргі таңда, Қоғамның орталық аппараты мен филиалдарында сыбайлас жемқорлықпен күрес жағдайының тұрақты мониторингі жасалды. 2014-2015 жылдары қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекеті жайлы шағым түскен жоқ. 2017 жылы «Тәуекелдер және қауіпсіздік» бағыты 18 қызметтік тексеру жүргізді, сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген жоқ.

Террорлық қауіптерге қарсы іс-қимыл

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында (2010 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1404 «Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қаулысы, 2013 жылғы 5 наурыздағы жиналыстың №2 хаттамасы) Қоғамда терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Ұйымдастырылған іс-шаралар:

  • 2017 жылы нысандарды терроризмге қарсы қорғанышпен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді;
  • жаңартылған әдістемелік материалдарды дайындау кезінде персоналдарды оқытуды ұйымдастыруға өзгерістер енгізілді;
  • Қоғам филиалдарының объектілерін қорғауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру жүйесіне талдау жүргізілді және теміржол көлігіндегі лаңкестік қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл туралы материалдар дайындалды.
  • 2014-2017 жылдарға арналған Қоғам филиалдарының маңызды нысандарын кезең-кезеңмен техникалық жабдықтаудың әзірленген және бекітілген жоспары бойынша жұмыс жүргізілуде.

Компания филиалдарында террористік қауіптің «сары» деңгейін енгізуіне байланысты халық арасында лаңкестік қауіп-қатерді белгілеу бойынша халықтың іс-қимыл тәртібі бойынша ұсынымдар таратылды. «Терроризмге қарсы тұру және темір жол көлігі объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту туралы» бұйрықтар шығарылды.

Компания 2015 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы терроризмге қарсы күрес орталығының штабы әзірлеген «Терроризм актісінің пайда болуы туралы ақпарат мониторингін жүргізу және халықты ақпараттандырудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережелерін» мемлекеттік органдарының қолдану тәртібін зерделеу бойынша сабақтар өткізді.

Режимдік, күзеттік және профилактикалық іс-шаралар:

  • Қоғам филиалдарының ғимаратында қол жетімділікті басқару және бақылау жүйесі бар, жаңа қабылданған қызметкерлерге электронды кіру карталарымен беріледі;
  • Қоғам нысандарында тәулік бойғы және күндізгі жеке күзет бекеттері орнатылды;
  • Бөгде заттарды анықтау үшін әкімшілік ғимараттарды, аумақтарды және желінің және кабельдік шаруашылықтың қоршауын жағдайын сайын тексеріледі;
  • Нысандар заманауи инженерлік және техникалық күзет жабдықтарымен қамтамасыз етілген, бейнебақылау және қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесімен жабдықталған;
  • Әкімшілік ғимараттарды терроризмге қарсы қорғаудың паспорттары әзірленді және бекітілді;
  • террорлық сипаттағы қауіп болған жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлердің әрекетін үйрету бойынша ай сайын жоспарланған сабақтар өткізіледі;
  • Қоғам филиалдарының нысандарында террористік акт жасау немесе қауіп төну жағдайында хабарландыру кестелері мен тізімдерін түзету және жаңарту.

Техникалық іс-шаралар:

  • Түнде объектілер аумағын жарықтандыру құралдарының жұмысқа қабілеттілігі үнемі қамтамасыз етіледі;
  • Терроризмге қарсы қорғаныс тақырыбы бойынша көрнекі үгіт-насихат жаңартылады;
  • Қоғам филиалдарының барлық нысандарында күзет дабылының жұмыс қабілеттілігі ай сайын тексеріледі;
  • Қоғам филиалдарында жеке қорғану құралдарының жағдайын тоқсан сайын тексеру және алдын-алу жүргізіледі;
  • Қоғам филиалдарының жертөлелеріне, төбелеріне және іргелес аумағына ай сайынғы тексеру жүргізіледі;
  • Бөгде заттардың бар екендігін білу үшін желілік байланыс құралдарына мерзімді тексеру жүргізу.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындауды қамтамасыз ету

Қоғам жүйелі түрде діни төзімділікті, өзара сыйластықты және діни экстремизмді болдырмауды насихаттау жұмыстарын жүргізеді.

Көрсетілген жұмыстар аясында келесі іс-шаралар жүргізілді:

  • Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресудің құқықтық негіздерін зерделеу бойынша дәрістер мен сабақтар өткізілді;
  • Қызметкерлер мен жас мамандармен терроризмге қарсы қорғаныс және діни экстремизмнің алдын алу бойынша сабақтар өткізу үшін филиалдардың шағын станцияларынан шығамыз;
  • Тұрақты негізде террористік және экстремистік сипаттағы әдебиеттің енуін болдырмау үшін бақылау жүргізілді;
  • Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жұмысшы персоналмен әрекеттер жасау бойынша тәжірибелік іс-шаралар жүргізілді;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарын, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдарын түсіндіре отырып, филиалдардың діни ахуалын зерттеу.