06-2

Мүделлі тараптармен өзара әрекеттестік

Мүдделі тараптармен белсенді сұхбат қағидасын іске асыра отырып, Қоғам өз қызметінің ашықтық пен айқындылығының ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуге тырысады. Қоғам мүдделі тараптардың сұрақтары мен тілектеріне жауап қайтара, өз қызметінің барлық аспектілері бойынша елеулі ақпаратты дер кезінде ұсына отырып, барлық мүдделі тараптармен белсенді байланысты ұстанады.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттестікке «Транстелеком»АҚ-ның ықпалы

Мүделлі тараптармен өзара әрекеттестік – бұл «Транстелеком»АҚ-ның оң бедел қалыптастыру және стратегиялық мақсаттарға жету, ұзақ мерзімді құнын құру үшін қажетті жағдайлар туғызудың кепілі. Сыртқы және ішкі стейкхолдерлермен сындарлы қатынастарды орнату ең әділ және тұрақты әлеуметтік дамытуды, бедел мен тәуекелдерді үздік басқаруды, бизнес – орта мен нарықты кешенді басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Мүделлі тараптар Компанияны қалай көреді, олардың қажеттілігі қандай және бизнестен және әлеуметтік, экологиялық және қайырымдылық бастамалардан не күтетінін бізге білу маңызды

Мүдделі тараптармен қандайда болмасын өзара әрекеттестік үрдісінде Компания басшылыққа алатын негізгі қағидалар - әлеуметтік серіктестік, өзара тиімді ынтымақтастық, сыйластық, ашықтық және сенімділік.

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттестің негізгі қағидалары мен басымдылықтары Компанияның корпоративтік құжаттарында: Корпоративтік әдеп кодексі мен Корпоративтік басқару кодексінде көрсетілген. Корпоративтік басқару механизмдері мен процедураларының жаңасын құра және қолданыстағысын тұрақты жетілдіре отырып, «Транстелеком» АҚ барлық стейкхолдерлердің құқығын қорғауды және мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге тырысады.

Корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес Компанияның барлық стейкхолдерлері осы немесе басқа топтың әсер ету деңгейін көрсететін Мүдделі тараптардың картасында байқалатын болады. Сонымен, Компания Компанияның қызметіне стейкхолдардың тікелей немесе жанама әсер ететіндігіне, сондай-ақ оларға Компанияның әсер етуіне байланысты стейкхолдардың «жақын» және «алыс» шеңберін белгілеуді жоспарлайды.

Өзара әрекеттестікке ықпал келесі қағидаларға негізделген:

  • тұрақты сындарлы сұхбат;
  • серіктестік;
  • өзара тиімді ынтымақтастық;
  • сенімділік және адалдық;
  • ашықтық және айқындылық;
  • өзіне алған міндеттерді орындау.

Компанияның негізгі мүдделі тараптары- қызметкерлер, кәсіподақтар, акционерлер, жеткізушілер, тұтынушылар, мемлекеттік органдар, БАҚ және жергілікті қауымдастық.

Мүделлі тараптармен өзара әрекеттестік

Акционерлер және инвесторлар

Қоғам Компанияның үнемі дамуына және акционерлердің мүддесінде оның құнын арттруға бағытталған. Компания корпоративтік басқарудың үздік тәжірибиесін қолданады және өзінің беделіне нұсқан келтірмеуге тырысады. Қоғам барлық акционерлерге Компания мен оның қаржылық жағдайы туралы ақпаратқа бірдей қолжетімділікті ұсынады, сондай-ақ акционерлердің құқықтарын тең сақтайды. Ақпараттың негізгі көзі міндетті ашуға жататын құжаттар, Жылдық есеп, қаржылық есеп, корпоративтік интернет-сайт болып табылады.

«Транстелеком» АҚ Жарғысына сәйкес Компания басқаруды акционерлердің жалпы жиналысымен жүргізеді. Компанияның Басқармасы мен Директорлар кеңесі акционердің құқығын сақтайды және қорғайды. Меншік иелері Компанияның тек қаржылық нәтижелеріне ғана мүдделі емес, ол үшін қаржылық емес көрсеткіштері: Компанияны басқарушылық сапасы туралы куәландыратын, корпоративтік басқарушылық, клиенттер мен жеткізушілермен қарым-қатынасы, өндірістік қауіпсіздігі және жергілікті әрекеттестіктерді дамытудағы үлесі де маңыздырақ.

Персонал

Компания мен персонал арасындағы өзара әрекеттестік адам капиталын дамытуға және ынтымақтастық негізде қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған.

Қызметкерлердің еңбекақысы, әлеуметтік пакеті және әлеуметтік кепілдері, қызметтік өсуі, еңбек жағдайы және қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының заң нормаларына толығымен сәйкес келеді, еңбек шартымен, «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ-ның Кадрлық саясаты мен Іскерлік этика кодексімен реттеледі. Компания әр қызметкердің үлесін бағалайды және бастамашылықты, жауапкершілікті және шамшылдық мақсаттарға жетуді көтермелей отырып, кадрлармен қарым-қатынасты сыйлау мен ынтымақтастық негізде құрайды. Осы қағидалар қызметкерлерге олардың тиімділігін арттыруға және кәсіби жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі.

2017 жылы Компания қызметкердің қызығушылығына, қанағаттанушылығына және ниеттілігіне ерекше көңіл бөлді.

Қызметкерлердің қызығушылық деңгейін зерттеу нәтижелері өзекті мәселелерді анықтауға және дер кезінде оқиғаға ықпал етуге көмектеседі. Бәсекелестіктің өсуі жағдайында білікті және мүдделі қызметкерлер тұрақты бизнес-үрдістерді қолдау мен дамытудың қозғаушы күші болып табылады, сондықтан Компания осы саладағы жұмысты жалғастыруды жоспарлайды.

Жеткізушілер және тұтынушылар

Компанияның ұзақ мерзімді табысы Компанияның айналысындағы сыртқы факторларды кешенді есепке алмай мүмкін емес. Негізгі сыртқы факторлар ішінде - жеткізушілер және тұтынушыларды тұрақты дамыту.

Компания сенімді және адал серіктес және жеткізушілер мен тұтынушылар алдында өз міндеттемелерін уақытылы орындайды. «Транстелеком» АҚ анық, адал бәсекелестік қағидаларын ұситанады және жемқорлыққа қарсы әрекет етеді. Компания бәсекелестіктің жағымсыз әдістерін қолданбайды және келісімдерге қатыстпайды. Компания ұзақ мерзімді іскери ынтымақтастыққа бағытталған және ашық сұқбаттасуға дайын және екінші тараптың ұстанымын ескере отырып өз серіктестеріне барлық қажетті ақпаратты ұсынады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттарына және стандарттау жүйесінің Корпоративтік стандарттарына сәйкес Компанияда қызметтер сапасын бақылау жиі өткізіледі.

Мемлекеттік органдар

Компания жауапкершілік, адалдық және өзара мүдделерін сақтау қағидаларына негізделген мемлекеттік билік және өзін-өзі басқару органдарымен тұрақты және сындарлы өзара қарым-қатынасты құру мен қолдауға тырысады. «Транстелеком» АҚ Қазақстан Республикасының заңдары мен заң актілеріне өзгертулер енгізу бойынша комитеттерге және жұмыс топтарына белсенді қатысады, Қазақстанның автоматтандыру және роботты техника қауымдастығымен ынтымақтастықта. Компания Астана қаласы әкімінің 2014 жылдың 15 қыркүйегіндегі №180-1526 қаулысымен бекітілген Іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Астана-Экспо 2017» халықаралық көрмесіне дайындалуға белсенді атсалысуда. Қоғам Астана қаласының әлемнің 50 ақылды қаласы және т.б. рейтингісіне кіру бойынша жобаларды жүзеге асыруда.

Компания ешқандай саяси партиялар мен саяси тұлғаларды қолдамайды, Компанияның заңдық тұрғыдан бөлек, еліміздің жағдайы үшін ерікті түрде қайырымдылық және демеушілік қызмет көрсетеді.

Жергілікті қоғамдастық

Жергілікті қоғамдастық Компания үшін негізгі ресурстардың көзі болып, орта қалыптастыруға Компанияға елеулі ықпал етеді. «Транстелеком»АҚ жергілікті қоғамдастық үшін аймақтарды көгалдандыру және көріктендірумен, инфрақұрылымдарды дамытумен, денсаулық сақтауды қолдаумен, мәдени іс-шараларды өткізумен, жұмыс орындарын қамтамасыз етумен, біліммен байланысты бірқатар жобаларды іске асырады. Жергілікті қоғамдастықпен өзара әрекеттестік Компания үшін - бұл қатысу аймақтарында психолгиялық жағдай мен ахуалға оң әсер ететін жүйелі қызмет.

2017 жылы Компания жергілікті тұрғындар есебінен 100 % жұмыс орындарымен қамтамасыз етті.

БАҚ

«Транстелеком» АҚ ақпаратты ашу ережелерін сақтай отыра, Компания айқындылықтың жоғарғы деңгейін қолдайды, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен сындарлы диалогты қолдайды.

Мүдделі тұлғалардың көпшілігіне қолжетімді ақпаратты таратудың маңыздырақ арнасы болып Компанияның ресми Интернет-сайты (http://www.ttc.kz), соның ішінде сайттың бөлімі «Компания туралы» (http://ttc.kz/ru/About/press-center/mass-media-about-us/). табылады. Бұл ресурстарда Компанияның соңғы жаңалықтарымен, Компания жұмысының қаржылық және өндірістік көрсеткіштерімен, есептілігімен және басқа да пайдалы ақпаратарымен, сонымен қатар «Транстелком»АҚ –ның басқару және бақылау органдары қызметінің реттеуші құжаттарымен: Жарғы, Директорлар кеңесі туралы ереже, Басқару жөніндегі ережемен танысуға болады. Мүдделі тұлғалардың барлығына бірдей қолжетімді ақпарат қағидасын ұстана отырып, «Транстелеком» АҚ ресми сайта орналастырылған үш тілде: орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі ақпаратты жариялайды.

Тұтынушының жеке өміріне қол сұқпаушылық

«Транстелеком» АҚ клиенттер туралы ақпараттың қорғалуына және жеке өміріне қол сұқпаушылық мәселелеріне аса жоғары мән береді. Осы мақсаттардың әрқайсысы үшін Қоғаммен компания клиенттері мен тұтынушыларының деректеріне авторландырылған кіру мүмкіндігі бар бір топ қызметкерлер анықталған. Сонымен қатар, Қоғам үшін клиенттік база стратегиялық және коммерциялық құпия болып табылады.

«Транстелеком»АҚ–на қатысты жоқ тұлғаларға Клиенттік база деректері туралы ақпаратты ашу тек Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талабы бойынша жүзеге асырылады.

Қоғамда есептілік кезеңінде клиенттер туралы деректердің жоғалу жағдайы болған емес, сондай-ақ тұтынушылардың жеке өміріне қол сұқпаушылықтың бұзылуына және тұтынушылар туралы деректердің жоғалуына қатысты арыздар байқалған жоқ.