06-1
Тұрақты даму

Кіріспе

«Тұрақты даму – бұл қазіргі кезеңнің қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтың қабілетіне қауіп төндірмейтін, өзінің меншікті қажеттілігін қанағаттандыратын даму» -деп 1987 жылы Қоршаған орта мен даму жөніндегі БҰҰ –ның халықаралық комиссиясы осындай анықтама берген, және осыны Компания өз қызметінде басшылыққа алады.

Тұрақты даму «Транстелеком» АҚ бизнес-страгегияның ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл принцип біздің инновацияға, жаңа өнімді әзіллеп, енгізуге жол ашады. Компания президенті, Директорлар кеңесі мен «Транстелеком» АҚ Басқармасы бірлесіп тұрақты даму саласында стратегиялық басшылықты іске асырады, ал қызметкерлер арасынан мамандар нақты бағдарлама мен бастаманы жүзеге асырады.

Тұрақты даму саласындағы Қоғам қызметі көбінесе телекоммуникациялық саланың ерекшелігімен анықталады. Бүгінгі күні ақпараттық технологиялар компанияның барлық саласында дерлік қолданылады және қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылады. Телекоммуникациялық нарықта кәсіби құзіреттіліктің жоғары деңгейімен ұштасқан жаңа заманауи технологияларды қолдану мүмкіндігі Қоғамға жұмыс сапасы мен қазақстандықтардың өмірін жақсартуға мүмкіндік береді.

«Транстелеком» АҚ қауымдастыққа салымы

Атауы Өлш.бірлік 2015 2016 2017
Акционерлер
Дивидендтер млн тг. 472225 1263059 4336550
Қызметкерлер
Қызметкерлердің жалпы саны тыс. чел. 3,241 3,427 3,267
Еңбекақы төлеу бойынша шығындар млн тг. 4495977 5482953 6177799
Оқуға инвестициялар млн тг. 70,257 129,88 271,236
Зейнетақы қорына енгізілген қаражаттар млн тг. 404874 522876 557583
Еңбек қауіпсіздігін арттыруға кеткен шығындар млн тг. 71,694 85,624 70,223
Мемлекет
Табысқа салынған салық млн тг. 1044815 1140485 1 497 537
Басқа салықтар млн тг. 835167 987350 1607552
Қоғам
Мүшелік жарналар, кәсіподақтық төлемдер, қайырымдылық бағдарламалар млн тг. 30342 39696 43596
Қоршаған орта
Экологиялық бағдарламаларға кеткен шығындар млн тг. 998 1023 1012
Атауы Өлш.бірлік 2015 2016 2017

«Транстелеком» АҚ 3000 астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Компанияның қызметкерлері – тұрақты өсуді жасайтын ең маңыздысы, және Компания қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасауға айрықша көңіл бөледі. Компанияның кадрлық саясаты кадр әлеуетін нығайтуға, ынталандырудың тиімді жүйесінің құрылуына және қызметкердің толыққанды дамуы үшін жағдай туғызуға бағытталған. «Транстелеком»АҚ-да Корпоративтік басқару кодексін, Кадрлық саясатын, қоршаған ортаны қорғауды қоса, тұрақты даму саласындағы компанияның іс-әрекетін реттеуші құжаттары әзірленді, сонымен қатар Компанияның әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын белгілейтін Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясаты әзірленіп жатыр. «Транстелеком» АҚ-ның қысқа және ұзақ мерзімді жоспарларының құрамдас бөлігі міндетті энергиялық тиімді және экологиялық таза технологияларды енгізу.

Тұрақты даму саласындағы «Транстелеком»АҚ-ның іс-әрекеті өзіне қолайлы еңбек жағдайын туғызуды, жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны қорғауды, аймақтарды әлеуметтік –экономикалық дамытуды қолдауды, халық өмірінің сапасын жақсартуды қосады. Компания өзінің мүдделі тараптарының экономикалық, экологиялық және әлеуметтік қағидаларын қатаң ұстанады және бұны болашақтағы инвестициясы ретінде қарастырады.

Тұрақты дамуды басқару құрылымы

Тұрақты даму қағидаларын енгізу Адами ресурстарды дамыту бағытымен, Ұйымдастыру арқылы дамыту бағытымен, Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бағытымен өзара әрекеттестікте жүзеге асырылады.

Адами ресурстарды дамыту бағыты (бұдан әрі – АРД) тұрақты даму көзқарасынан әлеуметтік-маңызды мәселелерді қамтиды. Оның ішінде негізгі мәселелер: қызметкерді оқыту және дамыту, өнімді және жағымды жұмыс ортасын құру, қызметкерлерді ынталандыру және қолдау болып табылады. Тұрақты даму қағидаларының сәтті енгізілуін қадағалау үшін, сондай-ақ жақсартуға арналған әлеуетті бағыттарын анықтау үшін АРД Компания қызметкерлерімен жыл сайын сауал-сұрақ және сауалнама жүргізеді.

Еңбекті қорғау, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметке Компанияның барлық құрылымдарындағы қолданыстағы қоршаған орта және еңбекті қорғау қызметтерінің жалпы жұмысын үйлестіретін және бақылайтын, әдістемелік көмек көрсететін Ұйымдастыру арқылы дамыту бағытымен, Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бағытымен жүзеге асырылады. Одан басқа, Ұйымдастыру арқылы дамыту бағыты Компанияның кәсіпорындарындағы экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша деректерді жинайды және талдайды, соңында Сапаны жақсарту жөніндегі кеңеске ұсынылатын осы жұмыс нәтижелері бойынша есеп дайындайды.

«Транстелеком»АҚ-ның барлық құрылымдық бөлімшелерінде қоршаған орта және еңбекті қорғау қызметтері жұмыс істейді, сондай-ақ кешенді және мақсатты тексерістер жиі жүргізіледі.