06-3

Персонал

Персонал құрылымы

Қоғам қызметкерлері «Транстелеком» АҚ негізгі жетістігі «байланс» қызметі нарғында көшбасшылық жағдайда жетістікте басты актив болып табылады. Қоғам нарқта жоғары бәсекелестік жағдайында жұмыс жасайды және телекоммуникациялық компаниялар клиенттер үшін тарифтер мен қызметтің өзіндік құнын төмендету арқылы нарықты жаулап алу үшін күреседі, бұл жағдайда сапалы қызмет көрсетуді ұсыну бойынша барлық мәселе жоғары біліктілікті кадрларға байланысты. Тұрақты негізде талантты қызметкерлерді қызықтыру, ұстап қалу, оқыту, дамыту жүргізіледі, сондықтан «Транстелеком» АҚ ерекшелігі – әр қызметкердің және бүтін компанияның мүмкіндігін ашатын мүмкіндіктер құру.

«Транстелеком» АҚ қызметкерлерге әділ және бәсекеге қабілетті сыйлық ақы ұсынады, жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа және қолданыстағы ынталандыру құралдарына көп көңіл бөледі, сондай-ақ жұмыс жасау, кәсіби және жеке даму үшін қолайлы жағдай жасайды.

Еңбек төлемі – компания мен оның қызметкерлері арасындағы маңызды аспектілердің бірі. Үздік қызметкерлер жұмыс жасағысы келетін жұмыс беруші болуға тырысу, өзге аспектілерден бөлек, әр қызметкердің еңбегін бағалаудың ашық және әділ әдістерін және тиісті сыйлық ақы беруді енгізуді жобалайды.

Қоғам қызметкерлерінің саны 2015-2017 ж.

3241
3427
3267
2015
2016
2017

Қоғам қызметкерлерінің саны 2017 жылғы 31 желтоқсанда 3 267 адамды құрады, 2016 жылы бұл көрсеткіш 3 427 адамды, 2015 жылы 3 241 адамды құрған болатын. 2017 жылы алдыңғы жылмен салыстарғанда персонал санының азаюы өткізілген қайта құрылымдауға байланысты.

Қоғам өз қызметіне өндірістік персоналдың тиімді жұмысына арқа сүйейді. Өндірістік персоналдың саны жалпы персонал санының 90% құрайды.

Еркектер және әйелдерінің саны за 2015-2017 г.

Еркектер және әйелдерінің саны за 2015-2017 г.

Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасына сәйкес әйелдер үшін де және еркектер үшін де тең бәсекелестік шарттары жасалуы тиіс. Сондай ақ, әйел қызметкерлерінің жалпы үлесі 2017 жылы қызметкерлердің жалпы санының 52% құрады.

Персоналдың бойынша құрылымы, адам

Персоналдың бойынша құрылымы, адам

2017 жылғы мәліметтер бойынша жалпы персонал санының 36% жасы 30 дейінгілер. Жасы 31 мен 50 жас аралығындағы қызметкерлер үлесі - 45%, 51 жастан асқан қызметкерлер – 19% құрады.

Жаңа қызметкерлерді бейімдеу

Компанияның әрбір жаңа қызметкері тиімді еңбек қызметіне, компанияның бекітілген ішкі процедураларымен танысу, ұжыммен өзара қарым-қатынас жасау үшін талап етілетін қажетті ақпаратты алу мақсатында бейімделу кезеңінен өтеді.

Жаңа қызметкерлер үшін Компанияда бейімделу кезеңі бірнеше бөлімнен тұрады. Бұл жаңа қызметкерді ресімдеу және ұжыммен таныстыру, компанияның нормотивтік құжаттарымен танысу және тестілеу үшін, жеке жұмыс жоспарын құрып, оның тікелей жетекшімен орындалуын бағалау үшін жаңа қызметкерге Green корпоративтік порталына қолжетімділік беріледі.

Жаңа қызметкерлер үшін бейімделу кезеңінде жаңа қызметкерлерге компания туралы көп ақпарат беру, компанияда жұмыстардың артықшылығы туралы, компанияның құрылымы, миссия, елестету және құндылықтар туралы мәліметтер беру мақсатында «Welcome-тренинг» - «ТТС-ға қош келдің!» кіріспе танысу курсы өткізіледі.

Кіріспе тренинг командалық, рөлдік және іскери ойындарды қосқанда интерактивті режимде өткізіледі, бейнесюжеттер талқыланады және бірден бірнеше мақсатты қамтиды:

  • жаңа қызметкердің жұмысына сіңіп кетуін жеделдету;
  • компанияға және оның қағидаларына жақсы қарым-қатынас қалыптастыру;
  • Клиенттерге қатысты жаңа қызметкерлердің бағдарлануын арттыру;
  • жаңа қызметкерлердің біркелескен жұмыстарға икемін арттыру;
  • компанияда жұмыс істеудің артықшылығын сызып көрсету.

2017 жылы орталық аппараттың жаңа қызметкерлері үшін 7 тренинг өткізілді, оған 154 адам қатысты.

Ұжымдық шарт және кәсіподақ ұйымы

«Транстелеком» АҚ кәсіподақ ұйымдарымен ұжымдық шарт жасайды. Ұжымдық шарттың әрекет ету мерзімі кәсіподақ мүшелері мен оған байланысты жұмысшыларға белгіленген тәртіпте таратылады. Қызметкерлердің құқығын қорғау аясында ұжымдық шарт өзіне, еңбек жағдайына әсерін тигізуі мүмкін Қоғам қызметіндегі барлық болған өзгерістердің жүзеге асуы туралы қызметкерлері мен оның таңдаулы өкілдеріне алдын ала аз уақытта хабарлайды Сонымен бірге, ұжымдық шарт келесі аспектілерді реттейтін мәтінді қамтиды:

  • форманы, жүйені және еңбек төлемі көлемін;
  • некеге тұрған қызметкерлерге, зейнетке шыққанда, баласы дүниеге келгенде және отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болғанда және т.б өтемақы төлеу;
  • қызметкердің жұмыс уақыты және демалыс уақыты;
  • қызметкерлерге кепілдік және әлеуметтік қорғау.

31.12. 2017 жылғы мәліметтер бойынша «Қазақстандық теміржолшылар, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Қоғамның Кәсіподағы) филиалында Қоғам бойынша 14 алғашқы кәсіподақ ұйымдары тіреуде тұр. Кәсіподақ ұйымының мүшесі болып табылатын қызметкерлердің жалпы саны - 3057 адам немесе 94 % оның ішінде 52 адам еңбекті қорғау инспекторлары.

Өткен жылы еңбекті қорғау инспекторлары - 767 тексеріс жүргізді, нәтижиесі бойынша құрылымдық бөлімше жетекшілеріне 602 ұсыныс беріліп, оның 537 белгіленген мерзімде орындалды. Аталған кезеңде еңбек заңын бұзуға жол берілмеді.

Еңбек шарты жасалған қызметткерлер үлесі, % және адам
Еңбек шарты жасалған қызметткерлер үлесі, % және адам
  • 94
    Еңбек шарты жасалған қызметткерлер үлесі – 3 057 адам.
  • 6
    Еңбек шарты жасалмаған қызметткерлер үлесі – 210 адам.

Оқыту және біліктілік арттыру

Қоғамның тұрақты және серпінді дамуы оның қызметкерлерінің біліктілігі мен өз мамандықтарының шеберлеріне тікелей байланысты. Қоғамның кадр саясаты басты бағыттарының бірі персоналды білім деңгейін жоғарылату және персонал дағдысын қалыптастыруға бағытталған оқыту және дамыту болып табылады.

Қызметкерлерді оқыту саясаты «Транстелеком» АҚ қызметкерлерін мамандандырылған дайындықты ұйымдастыру Ережесі жинағына негізделген, онда персоналды мамандығына сай дамытудың мақсаты, міндеті, шарты, әрекеттерді және бағдарламаны іске асыру әдісі бар. Бағдарламада шыңдалуға және жаңа теориялық және практикалық білім алуға мүмкіндік беретін біліктілік арттыру курсы, семинарлар, тренингтер, ғылыми-техникалық конференциялар, симпозиумдар, дөңгелек үстел, тәжірибиеден өту және көптеген басқа іс-шаралар қамтылған.

2017 жылы оқыған және біліктілік арттырған қызметкерлер саны
2017 жылы оқыған және біліктілік арттырған қызметкерлер саны
  • 677
    Міндетті түрде
  • 456
    Арнайы
  • 106
    Сертификатталған
  • 507
    Құзыреттгерін дамыту бойынша

2017 жылы оқыған және біліктілік арттырған қызметкерлер саны 1 118 адамды құрады, оның ішінде өндірістік персонал - 670 адам, әкімшілік персонал - 448 адам.

Ұзақ мерзімді келешегі бар Қоғам бизнес-процесстерін жүзеге асыру шешімдерінің жаңа тәсілдерін іздеу мақсатында, Қоғамда басқа қызметкерлерге білім беру үшін қажетті құзіреті, икемі мен дағдылары бар, өз кәсіби қызметіндегі қызметкерлер (сарапшылар) ішінен ішкі жаттықтырушыларды, нұсқаушыларды және жетекшілерді енгізу және қолдау бойынша жұмыстар жоспарлануда.

2017 жылы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі, сатып алу бойынша тендерлерге қатысу бағыттары бойынша, жаңа міндеттерді, құныдылықтарды тарату және басқа тақырыптарда Қоғам қызметкерлеріне қашықтан оқыту әдісін қолданып, біліктілігі жоғары мамандардың күшімен бірнеше ішкі оқытулар өткізілді. Әрі қарай өтінімдерді іріктеу және құзіретін бағалау нәтижелері бойынша, жұмыс уақытында өзінің негізгі қызметіне зиянын тигізбей, бекітілген кестеге сәйкес келесі іс-шараларды: семинарлар, тренингтер, шеберлік-кластарын, коучингтер, консультациялар және т.б. өткізетін ішкі жаттықтырушылар тізімін жасау жоспарлануда.

ЖОО мен ынтымақтастық

«Транстелеком» АҚ талантты жас мамандарды тартуға қызығушылық танытады. Қоғамды жас білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында жоғары және орта мамандандырылған оқу орындарымен өзара әрекет жасап келеді. 2016 жылы Қоғам Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен(ХАТУ), «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» ШЖҚ РМК, «С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» АҚ ынтымақтастық туралы шарт жасады. 2017 жылы барлығы 180 студент практикадан өтті.

Ынталандыру

«Транстелеком» АҚ қызметкерлерді ынталандыру үшін материалдық және материалдық емес ынталандыру жүйесін қолданады.

Қоғамда еңбек төлемі жүйесі қызметкерлерді сапалы және нәтижелі еңбек етуге ынталандыруға бағытталған. 2017 жылы жалақы төлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда өсті.

Атауы 2015ж 2016ж 2016ж 2017ж 2017ж 2017ж 2016ж
Орташа жалақы төлемі 135 701 140 570 103,6% 164 290 116,9%
Еңбек төлемі қоры 4 495 977 5 283 276 117,5% 5 882 898 111,4%

Сәйкестендіру еңбек төлемі және сыйақы беру жүйесіне сәйкес барлық қызметкерлерге: Қоғамда істеген жұмыс өтіліне қарай 3 лауазымдық жалақыдан аспайтын көлемде сыйлық ақы, тоқсан сайын 1 лауазымдық жалақыдан аспайтын көлемде сыйақы, байланыс және ақпараттандыру күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай сыйақы беріледі. Қосымша төлем егер қызметкер лауазымдық қызметті араластырса, «Кәсібі бойынша үздік» басты қызметкерге үстеме, уақыттан тыс жұмыс істегені үшін және т.б жүргізіледі.

Қызметкерлердің жұмысын тиімділікке ынталандыру мақсатында, Қоғам тұрақты негізде персоналды материалдық емес дамытуға көп көңіл бөледі. Сонымен, Қоғамда мемлекеттік және салалық марапаттар алған қызметкерлер саны 202 адамды құрайды. Қоғам қызметкерлері «Құрметті теміржолшы», «Үздік байланысшы» атағымен, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Кәсібі бойынша үздік» және «Үздік маман» атағын иеленумен, «ҚТЖ»ҰК» АҚ Президентінің Құрмет және Алғыс хатымен және басқа да моральдік ынталандыру түрлерімен марапатталды.

Әлеуметтік саясат, төлемдер мен жеңілдіктер

Персоналға сыйақы беру жүйесінің ажырамас бөлігі Қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдер және жеңілдіктер беру болып табылады. Қоғамның әлеуметтік саясаты қызметкерлер өмірінің жалпы деңгейін жоғарылату және әлеуметтік көмекке мұқтаждарға қолдау көрсету (зейнеткерлер, ҰОС ардагерлер және оларға теңестірілгендер). Қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік жеңілдіктер пакетін және кепілдік ұсынады. Оларды қамтамасыз ету мінддетері Ұжымдық шартта көрсетілген.

Материалдық көмек қызметкердің емделуіне және оңалуына, бала тууына, некеге тіркелгенде, зейнетке шыққанда, мүгедек баласы болса, көпбалалы отбасы болса, жалғызбасты ана болса, сондай-ақ қызметкердің мерейтой күніне орай беріледі. 2017 жылы әлеуеттік төлемдер бойынша жұмсалған қаражат 183 735 мың теңгені құрады.

2017 жылы әлеуметтік шығындар
  • 19
    қызметкерлердің балаларының жазғы демалыстарына; 34 457
  • 3
    қызметкерлердің мерейтойына; 5 342
  • 1
    қосымша демалыстарға төлем; 1 612
  • 5
    зейнетке шығуға байланысты; 9 487
  • 10
    қызметкерлердің балаларына мерекелік әс-шаралар өткізу, сыйлықтар; 18 000
  • 8
    жұмыс істемейтін зейнеткерлерді қолдау; 15 804
  • 13
    жерлеу рәсімдеріне; ; 23 488
  • 7
    бала тууға байланысты; 12 504
  • 2
    некеге тұруына байланысты; 4 130
  • 4
    емделуге; 7 171
  • 4
    қысқарту кезінде өтемақы төлеу; 7 135
  • 21
    мәдени бұқаралық іс-шараларды өткізу; 38 157
  • 3
    әлеуметтік салықтарды аудару; 6 430

2017 жылы алынған салалық, ведомствалық және «ҚТЖ» ҰК» АҚ марапаттары

Өндірістік және әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуге белсенді қатысқаны үшін, еңбектің жоғары нәтижиелігі үшін, команияның дамуына үлес қосқаны үшін «Транстелеком» АҚ 15 қызметкері ҚР көлік қызметкерлері күніне орай, «ҚТЖ»ҰК» АҚ мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мадақтарымен марапатталды.

  1. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің иесі атаулы сағатымен «Транстелеком» АҚ президентінің кеңесшісі Абдиев Тульбай Кнатович;
  2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің алғыс хатымен «Астанатранстелеком» филиалының директоры – атқарушы директор Кудрявцев Игорь Вадимович;
  3. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Президентінің Құрмет грамотасы» (Почетная грамота Президента АО «НК «КТЖ») марапаты - «Транстелеком» АҚ ОА «Телекоммуникация, сату алды» бағытының сарапшысы Құрбанова Гүлмира Хасановна;
  4. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Президентінің Алғыс хаты» (Благодарственное письмо Президента АО «НК «КТЖ») марапаты - «Транстелеком» АҚ ОА «Жедел басқару» бағытының бас сарапшысы Туреханова Динара Жанзаковна;
  5. «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі - «Атыраутранстелеком» филиалының Бейнеу станциясындағы участок басшысы Ибрашева Рахила;
  6. «Кәсібі бойынша үздік» атағы - «Шымкенттранстелеком» филиалының Арыс станциясындағы желілік-кабелдік бригаданың 1 топтағы ТОБЖ электромеханигі Мырзакұлов Маратжан Сапарбекұлы және «Астанатранстелеком» филиалының жергілікті желісінің 1 топтағы электромеханигі Балқыбеков Қасым Ақпарұлы;
  7. «Үздік маман» атағы - «Қарағандатранстелеком» филиалының бас бухгалтері Мақаева Бибіғайша Қазкенқызы және «Алматытранстелеком» филиалының кадрлар бөлімінің басшысы Жаниязова Клара Лепесқызы;
  8. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Президентінің Құрмет грамотасы» марапатымен:
    • «Семейтранстелеком» филиалының Аягоз станциясындағы ЦАТС аға электромеханигі Ысқақов Нұрболат Наурызханұлы;
    • «Қостанайтранстелеком» филиалының Қостанай торабының басшысы Баландина Ирина Викторовна;
    • «Қызылордатранстелеком» филиалының Сексеуіл станциясындағы 2 топтағы электромеханик Есмамбетов Баймұрат Әбжанұлы;
  9. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Президентінің Алғыс хаты» марапатымен:
    • «Көкшетаутранстелеком» филиалының сату бөлімінің басшысы Чеснаков Василий Николаевич;
    • «Ақтөбетранстелеком» филиалының Қандыағаш торабының басшысы Төлепбергенов Нұрбек Тұрымбекұлы;
    • «Өскементранстелеком» филиалының 1 дәрежелі бухгалтері Күдерова Қанышай Шайхиновна.

Марапаттар Қоғам орталық аппаратының және филиалдардың қызметкерлерінің қатысуымен, салтанатты түрде табысталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні ұлттық мейрамын тойлауға байланысты, еңбекте үлкен табыстарға жеткені үшін «ҚТЖ»ҰК» АҚ және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрмет грамотасы мен төс белгілерімен Қоғамның 6 қызметкері марапатталды:

  1. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрмет грамотасымен: Коммерция жөніндегі Вице-президент Байтуганов Сәкен Мадиханұлы;
  2. 2) «Адал еңбегі үшін» төс белгімен:
    • «Өскементранстелеком» филиалының 5 разрядты телеграфшысы Сектерева Наталья Ивановна;
    • «Қарағандытранстелеком» филиалының цифрлық телефон станциясы және техникалық телеграф цехінің басшысы Телегина Оксана Александровна;
  3. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Президентінің Құрмет грамотасы» (Почетная грамота Президента АО «НК КТЖ») марапатымен:
    • «Қарағандытранстелеком» филиалының Анар ст. ЦАТС және МС цехінің 2 топтағы аға электромеханигі Литвяков Геннадий Георгиевич;
    • «Астанатранстелеком» филиалының техникалық телеграф цехінің басшысы Жанетова Сәуле Тоқтарқызы;
  4. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Президентінің Алғыс хаты» (Благодарственное письмо Президента АО «НК «КТЖ») марапатымен - Джұмағалиева Қарлығаш Сарбалақызы.

Әлеуметтік-мәдени және дене шынықтыру-сауықтыру шаралары

Жастар ісі жөніндегі кеңес пен Қоғамның корпоративтік блогы кәсіподақ комитетімен бірлесіп 2017 жылғы 17 тамызда компания қызметкерлеріне спорттық ойындар өткізді. «Транстелеком» АҚ тарихындағы екінші жаздық Спартакиада Қарағанды қаласында 16 спорт командасының қатысуымен өтті. Жетекшілердің сөзінше, спартакиада Ел басының Қазақстан халқына жолдауын, қызметкерлерді дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыруға және халық арасында салауатты өмір салтының құндылықтарын, спорттық іс-шараларды насихаттауға іске асыруға бағытталды.

Спартакиада нәтижиесі бойынша, жеңімпаздар құнды сыйлықтармен және үш сынамалы медальдармен марапатталды. Жалпы командалық біріншілік команданың әр мүшесінің жеке нәтижиесінің баллдарын есептеу арқылы жүргізілді.

«Транстелеком» АҚ екінші жаздық Спартакиадасының жалпы командадалық бірінші орыны «Көкшетаутранстелеком» филиалына берілді.

2 орынды Астана қаласындағы «Инфотелекоммуникациялық технологиялар дирекциясы» филиалы алды. Ал, үшінші орынды «Көкшетаутранстелеком» филиалы еншіледі.

Бұрын айтып өткеніміздей, жеңімпаз – команда келесі Спартакиаданы өз қаласында өткізуге мүмкіндік алады. Енді үшінші жаздық Спартакиада 2018 жылы Көкшетау қаласында өтетін болады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің арасында өткізілген, Спартакиадада біздің волейболшылар дайындығының жоғары деңгейін көрсетіп 4-ші орынды, ал жалпы командалық 7-ші орынды иемденді.

«Транстелеком» АҚ футболшылары әуесқой футболдан Қазақстан Лигасына қатысты және 2017 жылдың қорытындысы бойынша 9-шы орынды иемденді.

Жастар ісі жөніндегі кеңес

Қоғамда жастар ісі жөніндегі Кеңес жұмыс жасап келеді, олардың негізгі мақсаты Қоғамдағы жас әрі келешегі зор қызметкерлердің кәсіби және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу болып табылады.

«Транстелеком» АҚ қоғамдық және өндірістік қызметіндегі жастардың рөлін арттыру мақсатында, Жастар саясаты бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2017 жылы келесі іс-шаралар өткізілді:

  • Мамыр айында Астана қаласында жастардың күшімен ағаштар отырғызылды;
  • 2017 жылғы қыркүйекте Қоғамның 3 жаса маманы «Жоба-менеджмент» және «Будущие управленцы» бағдарламалары бойынша өңірлік инновациялық білім беру тренингіне қатысты;
  • Жас қызметкерлер есепті кезеңде Қоғамның спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларына белсенді атсалысты;
  • 2017 жылда жасалған жұмыстардың қорытындысы бойынша Жастар саясаты бағдарламасы аясында өткізілген іс-шараға қатысушы Қоғамның үш белсенді жас қызметкеріне 20 АЕК көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Кәсіподақ комитеттері

31.12.2017 жылғы жағдай бойынша Қоғамда жұмыс істейтін 3267 адамның 3057-сі яғни 94 % кәсіподақ комитеттерінің мүшелері болып табылады.

Кәсіподақтың басты міндеті кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін қорғау.

Кәсіподақтың өткен жылғы қызметінің негізгі бағыты:

  • еңбек шартының бөлімдерін өзгерту, толықтыру бойынша ұсыныстарды қарастыру, оның орындалуына қадағалау жасау;
  • қызметкерлер мен олардың еңбек кепілдіктерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты құжаттарды әзірлеу және сараптама жасау;
  • коллективтік іс-шараларға және кәсіподақтың акцияларына қатысу және ұйымдастыру;
  • еңбекті қорғау шарттарын сақтауды қадағалау;
  • сауықтыру жұмыстары, қызметкерлер мен олардың балалары үшін демалыс және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру;
  • кәсіподақ мүшелерін материалдық қолдау.

Бүгінде Қоғам қызметкерлері мәдени және спорттық іс-шаралар, мейрамдар, мерейтойлар, жарыстар, экскурсия, табиғатқа қыдыруға шығу сияқты іс-шараларға белесене атсалысады, жұмыстан тыс уақытта тек демалып қана қоймай, жақын танысуға және мерзімі жеткен мәселені талқылауға мүмкіндік болады. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыруда Қоғамның кәсіподақ белсенділерінің еңбегі зор.

Есептік кезеңде кәсіподақ комитеті келесі мәдени- көпшілік шаралары өткізді:

  • 8 наурыз мерекесіне барлық қыздарға-кәсіп одақ мүшелеріне косметика мен парфюмерия алуға сертификат-сыйлық берілді;
  • «Наурыз Мейрамы» тойлау қызметкерлер ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерді қолданып концерт ұйымдастырды;
  • 7 мамырда конкурстар ұйымдастырылып, мерекелік дастарқан жайылды;
  • «9 мамыр» Жеңіс күнімен ҰОС ардагерлерін, тыл еңбекшілерін және еңбек ардагерлерін (және оларға теңестірілгендер Ауғанстандағы соғысқа қатысқандар)құттықтап, қайырымдылық көмек көрсетілді (азық-түлік себеті мен материалдық көмек);
  • 1 маусым балаларды қорғау күнін тойлау, Қоғам қызметкерлерінің балалары «Золотое перо» үздік шығармалар конкурсына және "ЭКПО-2017 балалар көзімен» тақырыбына арналған "Балауса Болашақ" балалар суреті конкурсына қатысты;
  • Аяз ата мен Ақша қар кәсіп одақ мүшелерінің үйлерін аралап, балаларын құттықтады (әр үйде мереке ұйымдастырып, кәдесыйлар мен сыйлықтар таратты). Кәсіп одақ есебінен Зүбаржат орамының үш қабатында фотобудкалар орнатылып, Жаңа жылмен қызметкерлерді құттықтауға аниматорлар шақырылды;
  • «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне» орай тимбилдинг өткізілді. Онда «Точь в точь» конкурсы, бөлімдер бойынша фотоколлаж, командаларды таныстыру және т.б. ұйымдастырылды.

Қоғаммен Адам құқығының сақталуы

Қоғамның персоналға қатысты тұрақты даму саласындағы басты мақсаты еңбекке адам құқығын іске асыру болып табылады. Қоғам өз қызметкерлерінің діни көзқарастары мен саяси пайымдауларын сыйлайды, егер олар қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңына қайшы келмесе. Сондай-ақ Қоғам өз қызметкерлерінің жұмыстан тыс уақытта жеке тұлға ретінде саясатқа, дінге және қоғамдық қызметтерге араласуына кедергі келтірмейді.

2017 жылы «Транстелеком» АҚ іргелі және саны аз халықтардың құқығын таптайтын бір де бір бұзушылық орын алған жоқ. Қоғам құқық пен мүмкіншілік теңдігі принципін мойындайды. Қызметкерлер еркіндікте ассоцацияға бірігуге және қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұжымдық келіссөздер жүргізуге құқығы бар.

2017 жыл бойы Қоғам 18 жасқа дейінгі тұлғаларды зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыс орнына қабылдамау талабын қатал орындады, сондай-ақ қызметкерлер мен іскери серіктестерге қатысты кемсітушіліктердің кез келгеніне жол бермеді.

Қоғамда қызметкерлердің ішкі шағымдарын тіркеу үшін «жедел желі» жұмысы практикаға енгізілді, жолдаулар мен шағымдар үшін арнай жәшік орнатылды және Қоғам басшысының (Президенттің) жеке блогы жұмыс жасайды.