06-5

Сатып алуларды ұйымдастыру

«Транстелеком» АҚ-да тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің 28.01.2016 жылғы № 126 шешімімен бекітілген, «Самұрық-Қазына» АҚ-на акцияларының елу және одан да көп пайызы (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдармен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алулар ережелерімен (бұдан әрі – Ереже) регламенттеледі.

Сатып алуларды басқару

Материалдық ресурстардағы қажеттілік қызметтік және өндірістік қажеттілікке байланысты, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің жасаған өтініштері бойынша, Қоғамның өндірістік бағдарламасының және (немесе) инвестициялық бағдарламасының және (немесе) бюджетінің және (немесе) дамыту жоспарының және (немесе) бизнес-жоспарынңың және сатып алулар жоспарының негізінде белгіленеді.

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің баға нарығын зерттеу аясында «Транстелеком» АҚ сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің объективті нарықтық бағасын анықтауға және «Самұрық-Қазына» АҚ үлгісіне сәйкес ТЖҚ БНА кодтарын сәйкестендіру мен стандарттауға мүмкіндік беретін, «ҚТЖ» ҰК» АҚ сатып алу бағасы департаментіне сұраным жіберіледі.

Жеткізушіні таңдау Ережемен регламенттелетін, өткізілген сатып алу процедураларының нәтижесі бойынша анықталады.

Ережеге сәйкес, тендер немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жеткізушілерді таңдау бойынша сатып алу процедуралары http://tender.sk.kz веб-сайтында орналасқан, электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде өткізіледі.

Бір көзден алу тәсілімен сатып алу бойынша жеткізушілерді таңдау процедуралары сапалы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді, оңтайлы қолайлы бағаны және адал бәсекелестікті есептеумен сатып алу мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы өткізіледі.

Сатып алудың жылпы көлемі
Сатып алудың жылпы көлемі
  • 75
    орындалған жұмыс бойынша
  • 15
    көрсетілген қызмет бойынша
  • 10
    сатып алынған тауарлар бойынша

2017 жылы Қоғамның жалпы сатып алу көлемі 44 369 297,73 мың теңгені құрады, оның ішінде тауарлар 4 424 142 мың теңгеге, жұмыстар 33 492 341 мың теңгеге және қызметтер 6 452 815 мың теңгеге сатып алынды.

2017 жылғы «Транстелеком» АҚ сатып алудағы жергілікті қамту

17%
83%
82%
Тауарлар
Жұмыстар
Қызметтер

Жергілікті қамту жалпы сатып алу көлемнің 77% құрады, оның ішінде:

  • сатып алынған тауарлар бойынша – 17%,
  • орындалған жұмыстар бойынша – 83% ,
  • көрсетілген қызметтер бойынша – 82%.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесіне мониторинг жүргізу Қордың уәкілетті органының http://www.kmks.kz веб-сайтындағы сатып алу мәселелеріне арналған «Сатып алудағы қазақстандық қамту мониторингінің картасы» порталында жүзеге асырылады.

«Транстелеком» АҚ сатып алуларындағы жергілікті қамтуды ұлғайтуға бағытталған, іс-шаралар бағдарламасы келесі бағыттарды қамтиды:

  • Ұзақ мерзімді шарттарды жасасу.
  • Барлық әлеуетті жеткізушілерге Холдингтің мүгедектер ұйымдары Тізілімінде тұрған (жеке тұлғалар-кәсіпкерлік қызметті жүзе асыратын мүгедектер) мүгедектер ұйымдарын қолдау (жеке тұлғалар-кәсіпкерлік қызметті жүзе асыратын мүгедектер) шартымен сатып алу процесіне қатысу үшін бірдей мүмкіндік беру.
  • Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қажеттілігіне сәйкес кәсіпкерлерді ақпараттандыру.

Тұтастай алғанда «Транстелеком» АҚ сатып алу қызметін оңтайландыру, жергілікті өндірушілерді дамыту және стратегиялық мақсаттарға жету үшін қажетті барлық іс-шараларды жасайды.