06-6

Қоршаған ортаны қорғау

Экологиялық бастамалар және қоршаған ортаны қорғау тәсілдемесі

«Транстелеком» АҚ табиғатты қорғау қызметі қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және басқа да қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

«Транстелеком» АҚ өз қызметімен қоршаған ортаға тікелей зиянын тигізбейді және экология тұрғысынан ықтимал қауіпті салаларда бизнес жүргізбейді. Дегенмен Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейтін, телекоммуникация және ІТ-технология нарығындғы жетекші ойыншы ретінде Компания үшін қызметтің энерготиімділігін ұлғайту, ресурстарды үнемдеу, қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайту бойынша міндеттер өзекті деп түсінеміз.

Кез келген қызметті жүзеге асыру кезінде экологиялық фактордың маңыздылығы мен артықшылығын түсінеміз және болашақ ұрпақтар үшін салауатты өмірді қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосамыз. Жоғары технологиялы телекоммуникациялық оператордың барлық артықшылықтарына ие бола отырып, біз қоғамға энерготиімділікті ұлғайту, атмосфераға парниктік газдарды шығаруды азайту және ресурстардың шығындарын қысқарту бағыттарында жұмыс жасауына көмектесу үшін барлық алғышарттар мен жағдайларға иеміз.

2017 жылы қоршаған ортаны қорғау ұлттық заңнамалар мен қабылданған халықаралық міндеттемелердің талаптарын қадағалауға бағытталып құрастырылған және бекітілген стандарттар, ережелер және нұсқамалардың шеңберінде қамтамасыз етілді. «Транстелеком» АҚ қоршаған ортаға өзінің ықпалын ықшамдап отыруға ұмтылады және сол ықпалды басқару бойынша неғұрлым заманауи технологияларды қолданады.

Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында қоғамдық үдерістің барық кезеңдерінде экологиялық жауапкершілікті жоғарылату үшін Қоғамда экологиялық менеджменттің халықаралық стандарттары (ЭМС) ISO 14001 және энергетикалық менеджмент стандарттары (ЭнМС) ISO 50001 енгізілді.

Табиғатты қолдану және қоршаған ортаны қорғау басқармасымен экологиялық заңнаманы, Қоғамның ЭМС талаптарын жүзеге асыру айқындалады, осы жағдайға сәйкес бұл сала: табиғи ресурстармен иелік ету, табиғи ресурстардың тиімді пайдалануын және ұдайы өндірісті қамтамасыз ету жөнінде, қоршаған ортаны сақтау жөнінде, экологиялық құқықтары мен физикалық және заңды тұлғалардың заңды қызығушылықтарын қорғау жөнінде қарастырады.

Қоғам филиалдары басшыларының бұйрығы негізінде экологиялық қауіпсіздік және оны пайдалану бойынша жауапты қызметкер тағайындалады.

ЭМС жұмыс жағдайында сақтау үшін, сонымен қатар оның нәтижелігін тұрақты жақсарту үшін ЭМС бойынша ішкі нормативтік құжаттар дайындалды:

  • Экологиялық аспектілерді сәйкестендіру және бағалау (бұдан әрі – ЭА);
  • ЭА реестрі;
  • Маңызды ЭА реестрі;
  • Нормативтік талаптар реестрі;
  • Экологиялық менеджмент аясындағы мақсаттар, тапсырмалар және бағдарламалар;
  • ЭМС бойынша басшылық.

Қоғам 2017 жылғы 26 қыркүйекте қоршаған ортаны қорғау саласындағы ISO 14001 стандартына сәйкес қызметін қайта сертификаттаудан өтті.

Қоғам басшылығы Экология аясындағы саясатты жүзеге асыру жауапкершілігін алып отыр, міндеттемелерді қабылдап, экологиялық менеджмент жүйесі нәтижелігін әрдайым жоғарылатып және Қоғамның әрбір жұмыскері орнатылған экологиялық заңнама талаптары мен нормаларын пайдалану үшін дербес жауапкершілікті атқаратындығы куәландырылады. Қоғам өзінің телефонды және телеграфты байланыс қызметін, IP телефония қызметін; телекоммуникация қызметтерін; байланыс желілерін құру және оны пайдалануды ұсыну аясындағы әрекетін жүзеге асыра отырып, Қоғам әрекетінің қоршаған ортаға әсер ететінін аңғарады. Директорлар кеңесімен қарастырылған сұрақтар тізімі. Директорлар кеңесі отырысында қарастырылатын мәселелерге компания құрылымын бекіту барысында; қауіп-қатерді басқару бойынша есепті бекіту барысында қоршаған ортаға жағымсыз әсерді төмендету, қауіп-қатерді азайту бойынша бағдарламаны бекіту; ішкі құжаттарды бекіту, мысалы: өзекті көрсеткіштер әрекетінің әдістемесі жатады.

Қоғам экология саласындағы мақсаттарына жету үшін:
  • Қоғамның, қаланың және аймақтың экономикалық, экологиялық және саяси қызығушылықтарына негізделген принципімен Қоғамның даму стратегиясын дайындау барысында қолдану;
  • Қоғамның экологиялық менеджмент жүйесін өзінің қызметі саласында ерекшелікті құрайтын маңызды ретінде қарастырып, ИСО 14001:2004 МС талаптарына сәйкес қолдау және үздіксіз жетілдіру;
  • табиғат қорғау әрекетіне қажетті ресурстарды бөлу тәсілі арқылы қоршаған ортаның барлық жағымсыз түрлерінің алдын алу және оларды азайту, қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді азайту бойынша іс-шараларды құрастыру және енгізу;
  • потенциялдық апатпен және апаттық жағдайлармен байланысқан қоршаған ортаның ластануы қаупін азайту;
  • жеткізушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алу барысында экологиялық көрсеткіштерді қадағалау;
  • қалдықтарды қайта өңдеу немесе кәдеге жарату, тастау және жинау, жою барысында тазалау үшін жобаны жүзеге асыру барысында заманауи, тиімділігі жоғары құрылғыларды пайдалану;
  • табиғат қорғау әрекетін және де экологиялық көрсеткіштердің үзіліссіз жақсарып, дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қоғамның экологиялық менеджмент жүйесінің ішкі аудитін жүзеге асыру;
  • тараптармен Қоғам әрекетімен байланысқан, экологиялық мәселелер бойынша барлық қызығушылық танытқан тараптарға ашық түрде ақпаратты жариялай отырып, билік орындарымен, тұрғындар және қоғамдық ұйымдармен сындарлы диалог орнатуға ұмтылу;
  • Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын және осы экология саласындағы Саясаттың талаптарына сәйкес жұмыс орындарында оның сақталуын қамтамасыз ету үшін Қоғам басшылары мен қызметкерлерінің қоршаған орта саласындағы біліктілігін үнемі арттыру;
  • Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес әрекет ету.

Экологиялық талаптарға сәйкестілігі

Қоғамның барлық филиалдарында ШРШ нормативтерінің жобасы әзірленген, қоршаған ортаның эмиссиясына, атмосфералық ауаға ластанған заттардың шығарылу лимиті, 2017 жыл үшін қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем декларациясына рұқсаты бар. Өндірістік экологиялық қадағалау бағдарламасы және 2017 жылға қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары дайындалды.

Ұйғарушы қадағалаушы органдардан 2016-2017 жылдар мерзімі үшін шағымдар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

2017 жыл үшін экологиялық заңнаманың сақталмауы үшін салынған айып санкциясы және басқа да бейқаржылық санкциялар жоқ.

Энергетикалық ресурстарды және энергияны үнемдеуді қолдану

Телекоммуникациялық компанияның қызметі қоршаған ортаға ешқандай кері әсер етпейді. Қоғам кеңселеріндегі жұмыстар нәтижесінде пайда болған қалдықтар, компанияның автокөліктерінен атмосфераға тасталған қалдықтар, су нысандарына ластаушы заттарды тастау шамалы кері әсер етуі мүмкін. Бірақ «Транстелеком» АҚ барлық нысандары – кеңселік ғимараттар, сату кеңселері және байланыс орталықтары – электр -энергиясын тұтынады. Сондықтан комапния үшін негізгі міндеттердің бірі электр энергиясын тұтынуды төмендету, сондай-ақ энерготиімділікті технологияны енгізу болып табылады, Қоғам энерго үнемдеу және энерготиімділікті арттыру Бағдарламасын енгізеді. Бағдарлама аясында энергетикалық ресурстарды тұтынуға, телекоммуникация саласында қолданылатын үздік тәжірибені анықтауға, энерготиімділікті ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлау және мониторинг жүргізілді.

ВҚоғамның энерго үнемдеу саласындағы маңызды басымдылығы энергетикалық нәтижелікті жоғарылату мен энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады.

ЭнМС бұдан әрі дамыту және жақсарту мақсатында ішкі нормативтік құжаттар дайындалып, бекітілген:

  • 2015-2017 жылдар үшін Қоғамның Энергетикалық саясаты;
  • Энергетикалық тиімділікті арттыру аясындағы мақсаттар және тапсырмалар;
  • 2015-2020 жылдарға энергетикалық мақсаттар мен тапсырмаларға жету бойынша іс-шаралар жоспары;
  • Энергетикалық талдау, мониторинг және энергетикалық тиімділікті есептеу әдістемесі;
  • Энергияны (тұтыну) дұрыс пайдалану реестрі;
  • Энергияны пайдалануға қатты әсер ететін энергетикалық құрылғылардың тізімдемесі;
  • Энергоменеджмент саласындағы заңнамалық және басқа талаптардың реестрі.

2016 жылы Қоғамда «Русский Регистр» (20.05.2015жылғы № 154-1/10 шартқа сәйкес) сертификаттау бойынша Ассоциациясымен ЭнМС сертификаттау аудиті жүргізілді және ISО 50001:2011 (12.08.2015 ж. № 15.0975.026 сертификат) стандарт талаптарына сәйкес деп танылды.

Транстелеком» АҚ энергетикалық саясатының басты бағыты – энергетикалық нәтижелікті арттыру, тұтынушылардың талаптары мен үмітін қанағаттандыратын жоғары сапа деңгейінде қызмет түрлерін ұсыну, қуатты үнемдеу және қуат нәтижелігі аясындағы барлық заңнама талаптарын сақтай отырып, энергияның жұмсалуы мен оның өндірісінің тиесілі көрсеткіштерін төмендету.

Қоғам энергетикалық талдау жүргізді

Қоғамның энерготұтыну ерекшелігі компанияның өндірістік және әкімшілік қажеттіліктері үшін электрлік, жылу энергиясын тұрақты пайдалануға қабылдау қажеттілігі болып табылады. Сондай-ақ энергияның барлық түрлері энергетикалық тиімділікті жақсарту үшін мүмкіндік береді.

Қоғам филиалдарының энергетикалық жабыдықтар тізімінде ұсынылған деректері бойынша энергияны пайдалануға елеулі әсер ететін жабықтар мен персонал анықталды:

  1. кондиционерлер мен телекоммуникациялық жабдықтың электрмен қуаттаушы құрылғылары (1 кесте);
  2. әкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметкерлері, Қоғам филиалдарының сапа менеджменті жүйесінің, ОА «Шаруашылықты қамтамасыз ету» бағытының, «Телекоммуникациялық желілерді басқару» бағытының мамандары.

Сондай-ақ энергияны айтарлықтай пайдалану режиміне жанама әсере ететін – ауа райы.

Филиалдардың энергетикалық жабдықтар деректері
Филиалдар Жинақталған номинальная қуаты, кВт
Кондиционерлер ЭҚҚ
1 Ақтөбе 298,2 259,3
2 Алматы 721,1 214,3
3 Астана 552,2 873,5
4 Атырау 296,2 222,3
5 Қарағанды 344,7 158,6
6 Көкшетау 102,9 246,1
7 Қостанай 78,4 102,3
8 Қызылорда 221,5 101,3
9 Жамбыл 233,4 172,1
10 Өскемен 96,8 100,5
11 Павлодар 85,3 105,4
12 Семей 172,5 198,2
13 Шымкент 328,5 97,8
Жиыны: 3531,7 2851,7
Филиалдар Жинақталған номинальная қуаты, кВт
Кондиционерлер ЭҚҚ
2015-2017 жылдардағы «Транстелеком» АҚ ОЭР тұтынуы
Көрсеткіштер атауы Өлш.бір. 2015 жыл
12 айда
2016 жыл
12 айда
2017 жыл
12 айда
Тауарлық өнімнің валдық көлемі (ТӨВ) млн. тг. 22587,65 27368,828 71022,449
Электр энергиясын тұтыну көлемі млн. кВт.ч 9,723 10,383 10,072
Электр энергиясын сатып алуға кеткен шығынның көлемі млн. тг. 163,394 179,178 176,702
Э/энергиясына орташа сатып алу тарифі тг./кВт.ч 16804,31 17,26 17,54
Жылу энергиясын тұтыну көлемі тыс. Гкал 4,48235 3,951 4,586
Жылу энергиясын сатып алуға кеткен шығынның көлемі млн. тг. 34,796 31,371 37,641
Ж/энергиясына орташа сатып алу тарифі тг./Гкал 7762,9 7940,78 8208,35
Моторлық жанармайды тұтыну көлемі т.н.т. 567,69 623,790 648,595
Моторлық жанармайды сатып алуға кеткен шығынның көлемі млн. тг. 71,297 91,198 113,532
Моторлық жанармайды орташа сатып алу тарифі тг./т.н.т. 125 591 146 201 175 043
Дизельдік отынды тұтыну көлемі т.н.т. 178,554 163,102 138,707
Дизельдік отынды сатып алуға кеткен шығынның көлемі млн. тг. 20,843 18,579 20,455
Дизельдік отынды орташа сатып алу тарифі тг./т.н.т. 116 730 113 912 147 469
Көрсеткіштер атауы Өлш.бір. 2015 жыл
12 айда
2016 жыл
12 айда
2017 жыл
12 айда
ОЭР түрлері бойынша шығындар үлесі (%) теңгеде
ОЭР түрлері бойынша шығындар үлесі (%) теңгеде

Энергетикалық тиімділіктің негізгі индикаторы (энергетикалық нәтижеліктің көрсеткіші) болып К1мес и К1нак көрсеткіштері қабылданған, тиісінше қарастырылған ай үшін және жылдың басынан жинақталғанымен қоса отын-энергетикалық ресурстарды сатып алуға кеткен шығындар теңгеде, табыс теңгеде көрсетілген. Бұл көрсеткіш пайыз (%) болып белгіленеді және табыстың қандай үлесін отын-энергетикалық ресурстарға кеткен шығындар алатынын көрсетеді.

6.3-12-01 Ф ЖН сәйкес, Қоғам филиалдарынан әр талданған жыл үшін энергетикалық тиімділіктің индикаторы К1нак бойынша деректері:

Р.с. Ұйымның атауы Энергетикалық тиімділіктің Т индикаторы, К1нак, %
2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл
1 Ақтөбетранстелеком 1,68 1,73 1,8
2 Алматытранстелеком 4,14 3,26 3,2
3 Астанатранстелеком 1,08 1,02 0,76
4 Атыраутранстелеком 2,22 2,48 2,25
5 Жамбылтранстелеком 2,24 2,42 2,54
6 Қарағандытранстелеком 2,58 2,77 2,52
7 Көкшетаутранстелеком 2,89 3,1 3,2
8 Қостанайтранстелеком 2,17 2,47 2,78
9 Қызылордатранстелеком 1,54 1,76 1,89
10 Өскементранстелеком 1,83 2,52 2,86
11 Павлодартранстелеком 1,87 2,13 2,16
12 Семейтранстелеком 1,66 1,75 1,54
13 Шымкенттранстелеком 3,61 3,67 3,51
14 Транстелеком АҚ 1,29 1,17 0,49
Р.с. Ұйымның атауы Энергетикалық тиімділіктің Т индикаторы, К1нак, %
2015 жыл 2016 жыл 2017 жыл
ОЭР табысқа шыгыңы, %
ОЭР табысқа шыгыңы, %
  • Коэффициенті К1нак, 2015 жыл, %
  • Коэффициенті К1нак, 2016 жыл, %
  • Коэффициенті К1нак, 2017 жыл, %
Атауы Өлш. бір. 2015 2016 2017 Айырма
(+/-)
2017/2015
Ауытқу
(+/-)
2017/2015
Жинақтар бойынша шығындар теңге 290 329 308 320 326 586 348 330 054 58 000 746 19,98
Жинақтармен (кіріс) тауарлық өнімдердің валдық көлемі (ТӨВ) теңге 22 587 645 040 27 368 828 000 71 022 449 000 48 434 803 960 214,43
Индикатор, К1нак 1,29 1,17 0,49 -0,76 -61,84

Кестеден көрсетілгендей, 2017 жылы ОЭР сатып алуға кеткен шығындар мен «Транстелеком» АҚ табысы 2015 жылмен салыстырғанда тиісінше 19,98 % және 214,43 % өскен.

2017 жылы Қоғам бойынша энергетикалық тиімділіктің индикаторы 2015 жылмен салыстырғанда 61,84% азайған.

Көлемі бойынша ОЭР тұтынудың өзгеру динамикасы
ОЭР түрлері Өлш. бір. 2015 2016 2017 Айырма
(+/-)
2017/2015
Ауытқу
(+/-)
2017/2015
Электр энергиясы кВт*ч 9 723 331 10 383 117 10 072 138 348 807 3,59
Жылу Гкал 4 482 3 951 4 586 104 2,31
Диз. отын тонн 178 554 163 102 138 711 -39 843 -22,31
Бензин тонн 567 690 623 790 648 595 80 905 14,25
ОЭР түрлері
ОЭР түрлері
  • Электр энергиясы, тыс.квт/г
  • Жылу энергиясы, Гкал
  • Бензин, тонн
  • Дизель отын, тонн

Энергетикалық нәтижеліктің жақсару мүмкіндігі келесі үш жыл ішінде 2015 жылы базалық қуат тұтынуынан 3% -дан артық мөлшерді құрайды.

Болашақта электр энергиясын тұтыну жаңа жобалардың жүзеге асуына байланысты өсіп отырады. 2017-2020 жылдарға аппаратты-бағдарламалық кешеннің, темір жол торабы бойымен байланыс платформасының құрылысы жоспарланып отыр.

2018 жылы «Транстелеком» АҚ қосымша белсенді құрылғысының орнатылуы көзделген «Соңғы шақырым» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру жоспарлануда.

Аталмыш жобалар бойынша телекоммуникациялық құрылғының тұтынатын қуаты алдын ала есептемелер бойынша жылына шамамен 2 443 154 кВт құрайтын болады.

Зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы мен климаттың өзгеруі

«Транстелеком» АҚ тұрақты даму принциптерін басшылыққа ала отырып, зиянды заттардың атмосфераға шығарылу мөлшерін қадағалау мен оны азайтуға ерекше көңіл аударады. Компанияның барлық кәсіпорындары өндірістік әрекет шеңберіне сәйкес рұқсаттама алады, сонымен қатар қадағалау органдарына жылдық негіз бойынша статистикалық ақпаратты ұсынады.

2016 жылмен салыстырмалы түрде 2017 жылы зиянды заттардың атмосфераға шығарылуының жалпы көлемі азайды және 733,19 тоннаны құрады.

Филиалдар бойынша газ тәріздес зиянды заттардың ауаға шығарылуы, тоннамен
Филиалдар 2015 2016 2017
нақты
көлемі
сома нақты
көлемі
сома нақты
көлемі
сома
ОА 3,64 2 378,53 3,76 2 632,00 3,90 56 740,00
Астана 55,69 44 470,00 59,12 71 569,00 40,32 41 076,00
Алматы 134,02 225 616,39 114,75 212 155,00 165,56 178 612,00
Ақтөбе 58,77 74 339,00 66,80 92 608,00 63,09 93 753,00
Атырау 21,75 28 450,00 25,67 35 931,00 35,95 54 140,00
Жамбыл 21,93 90 468,00 67,87 103 795,00 68,42 113 405,00
Қарағанды 62,23 65 180,03 65,77 73 970,00 60,57 72 643,11
Қостанай 25,89 25 870,00 36,30 40 638,00 38,07 48 796,00
Көкшетау 62,12 53 268,00 68,79 62 648,00 68,92 67 730,00
Қызылорда 41,25 53 749,00 44,02 65 430,00 41,20 65 537,00
Өскемен 17,59 23 009,00 30,05 42 072,00 33,27 50 005,00
Павлодар 34,48 45 108,00 39,95 55 924,00 46,01 68 951,00
Семей 37,31 48 806,00 38,50 53 898,00 33,75 50 549,00
Шымкент 34,62 45 292,00 33,96 48 372,00 34,16 51 936,00
ТПЖД 74,32 63 833,00 62,81 61 821,00 0,00 0,00
685,61 889 836,95 758,12 1 023 463,00 733,19 1 013 873,11
Филиалдар 2015 2016 2017
нақты
көлемі
сома нақты
көлемі
сома нақты
көлемі
сома

Компанияның қызметі жануарлар әлемі мен өсімдіктер әлеміне зиянды әсер тигізбейді. Компанияның объектілері ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар немесе қорықтар аумағында орналасқан жоқ.

Ресурсты үнемдеу

Компания жыл сайын Компанияның бөлімшелері мен филиалдарындағы ресурстарды, атап айтқанда су және қағазды ақылға қонымды пайдалану арқылы өз қызметін табиғатқа әсерін төмендете беруді жалғастырады.

Электронды құжат айналымы жүйесі мен электронды қызметтік жазбаларына байланысты, қағазды тұтынуды азайту. Сонымен қатар, электронды құралдарды қағаздың орнына күнделікті жұмыста қолдануға, сондай-ақ басып шығару және көшіру құралдарының барлық баптауларын үнсіздік бойынша үнемді жұмыс режимінде пайдалануға шақырамыз.

Қоғамдағы адамдардың қоршаған ортаға асқан жауапкершілікпен қарауы үшін Компания экологиялық мәдениетті дамытуда. Компания жергілікті бірлестіктер өкілдерінің табиғатқа жауапкершілікпен қарым-қатынас жасау және табиғатты сақтауға, оны үйренуге және қалпына келтіруге бағытталған экологиялық бастамаларын белсенді түрде қолдайды. «Транстелеком» АҚ қызметкерлері аумақты абаттандыру, көшет отырғызу және тазалау бойынша жобаларға еріктілер ретінде қатысады: жыл сайын сәуірде біздің мыңдаған қызметкерлеріміз қатысатын сенбілік өтеді.

Сурет 1