06-4

Жұмыс орнындағы қауіпсіздік

Денсаулықты қорғау

Қоғамдағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстар еңбекті қорғаудың ең басты мақсатына жетуге бағытталған - еңбек процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларын құру, өндірістегі жазатайым оқиғалардың пайда болу тәуекелін барынша азайту және Қоғам бөлімшелерін ең жоғары қауіпсіз технологиялық процесстер мен құрал-жабдықтарға бағдарлау.

Біздің жұмысымыздың маңызды бағыты еңбек қызметі процессінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың артықшылығын қамтамасыз ету.

Қоғам еңбек заңнамасының барлық талаптары мен нормаларын сақтауға ерекше көңіл бөледі.

«Транстелеком» АҚ қауіпсіз жұмыс орындарын құруды тұрақты инвестициялайды, типтік салалық нормаларға сәйкес қызметкерлерді қажетті арнайы киімдермен, аяқ киімдермен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етеді. Қоғам компанияда қауіпсіз еңбек мәдениетін дамыту және кәсіби өзін өзі дамыту үшін өте маңызды салауатты өмір салтын насихаттауға арналған барлық мүмкіндіктерді жасайды.

Еңбек қауіпсіздігін арттыруды инвестициялаймыз

«Транстелеком» АҚ жыл сайын негізгі шығындары жеке қорғаныш құралдарын, арнайы киімдерді және аяқ киімдерді, міндетті медициналық тексерулерді өткізуді, еңбек жағдайы бойынша жұмыс орындарын арнайы бағалауды, еңбекті қорғау бойынша оқытуды, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту құралдарын сатып алуға бағытталған еңбекті қорғау бойынша бағдарламаларды әзірлейді және қолданысқа енгізеді.

Еңбек қауіпсіздігі мәселелерін басқару жүйесін жетілдіру

Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға, өндірістік жарақат алудың алдын алуға, сондай-ақ қауіпсіз еңбек мәдениетін дамытуға және қызметкерлерге қауіпсіздік қағидаларын оқытуға бағытталған, заманауи еңбекті қорғауды басқару жүйесі жұмыс істейді.

Компанияның пайдалы және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша, қызметінің негізгі мақсаттарын, ұстанымдарын және бағыттарын анықтайтын «Транстелеком» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы Саясаты, сондай-ақ «Қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқару жүйесі» құжатталған процедурасы, «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша бақылауды ұйымдастыру Нұсқаулығы» ЖН, «Транстелеком» АҚ қызметкерлерін арнайы киімдермен, арнайы аяқ киімдермен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі туралы Нұсқаулық» ЖН әзіреніп, бекітілді және біріңғай еңбекті қорғауды басқару жүйесі тағайындалды.

Жарақаттану

Әуе байланыс желісін пайдалану жұмыстарын жасаушы (жоғарыдаға жұмыстар) – электромонтерлер және кабельші – дәнекерлеушілер (құдықтағы жұмыстар) жоғары тәуекелдермен, зиянды және қауіпті өндірістік факторлармен жұмыс жасайтын қызметкерлердің жарақат алу деңгейі жоғары болады. Біз оларды қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлеміз.

Өкінішке орай, шектен шыққан жарақат алу жағдайлары болды: 2017 жылы «Транстелеком» АҚ 4 жазатайым жағдай болып: 1-еуі өліммен аяқталды, 2-еуі ауыр дәрежеде, 1-еуі жеңіл дәрежеде жарақат алған. Әр жазатайым жағдай бойынша заңнамамен талап етілгенге қосымша ішкі тексеріс жүргізілді, жазатайым оқиғалардың себептері анықталды, болашақта мұндай жағдайларға жол бермес үшін іс-шаралар жоспары әзірленді.

Аталған жазатайым оқиғаларға байланысты, келтірілген залалдарға өтемақы ретінде 9,3 млн. тг төленді.

Өндірістік жағдайлардың себептерін талдау қорытындысы бойынша, қайталадан жарақаттануды болдымайтын іс-шаралар әзірленді:

  • жоғарыдағы, ЭТЖ жақын жұмыстарды орындауға қойылатын талаптарды, сондай-ақ қызметкердің еңбекке жарамдылығын ескеруді қамтитын қауіпсіздік бойынша нұсқаулық кеңсе қызметкерлеріне де өндірістік қызметкерлерге де өзекті етілді.
  • «Транстелеком» АҚ еңбек қауіпсіздігі саласындағы негізгі даму бағыттары әзірленді:
    1. Жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру (филиалдардың қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі инденерлерін орталық аппараттың қауіпсіздік және еңбекті қорғау Қызметіне тікелей бағынышты етіп ауыстыру, қауіпсіздік және еңбекті қорғау Қызметінің штаттық кестесін көбейту, еңбек қауіпсіздігі саласындағы штатты қайта ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігі көрсеткіштерін топ-менеджерлердің уәждеме жүйесіне енгізу).
    2. Техникалық жабдықтауды жақсарту (ЭТЖ-нен ТТК байланыс желілерін күту Жоспары).
    3. Жұмыстарды автоматтандыру (электрондық наряд-рұқсат беру жобасын әзірлеу және енгізу).
    4. Қауіпсіздік және еңбекті қорғауды насихаттау (ашық сұқбаттасулар жүргізу, интерактивті қарым-қатынас, вебинарлар, БКБ, Оқытулар өткізу).

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау жүйесін жақсарту және жарақаттанудың көбеюіне жол бермеу мақсатында Қоғамда бірінші кезектегі міндеттер бекітілді:

  • Оқытуды жетілдіру және еңбек қауіпсіздігін насихаттау.
  • Жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру.
  • Техникалық жабдықтауды жақсарту.
  • Күнделікті жұмыстарды автоматтандыру.

Қоғамның мақсаты – қауіпсіздік мәдениетін командалық рух деңгейіне дейін дамыту.

Комапнияның құныдылықтарына қосылатын және күн сайын компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуіне оңтайлы салым салатын өндірістік персоналдардың әрекетін сапалы өзгерту арқылы тиімділіктің жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік бар.

Жарақат алу деңгейі

Жарақат алу деңгейі

2017 жылғы өткізілген аттестация нәтижесі бойынша аттестация қорытындысы бойынша шараларға 64,7 млн. теңге игерілді, оның ішінде ас ішетін бөлмелер үшін құрал-жабдықтарды сатып алуға (электр шәйнегі, су қайнатқыш) 0,52 млн теңге, медициналық дәрі қобдишаларды, медкикаменттерді сатып алуға 2, 867 млн теңге жұмсалды.

2017 жылғы 12 ай үшін өндірістік нысандарды еңбек жағдайы бойынша аттестациялау қорытындысы бойынша «Транстелеком» АҚ СанПжН нормасымен рұқсат етілетін мөлшерге сәйкес келмейтін зиянды, ауыр және күш салатын еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерінің саны 2016 жылғы 950 адамнан 2017 жылы 658 адамға дейін қысқарды.

Шу деңгейі жоғары аймақта жұмыс істейтін қызметкерлер саны өзгеріссіз күйінде қалды: 136 адам.

2017 жылғы 9 айда діріл (вибрация) деңгейі жоғары аймақта жұмыс істейтін қызметкерлер саны 2016 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз күйінде қалды (30 адам).

Есепті кезеңде жоғары газдалған аймақта жұмыс істейтін қызметкерлер саны да өзгеріссіз күйінде қалды, Павлодартранстелеком және Қызылордатранстелеком филиалдары бойынша 7 адам.

Өндірістік нысандарды аттестациялау қорытындысы бойынша температура режимі қолайсыз аймақта жұмыс істейтін қызметкерлер саны 108 адамнан 78 адамға қысқарды.

Қызметкерлердің жұмыс орындарын қысқарту есебінен (телефоншылар, телеграфшылар), күш түсіретін еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер саны 444 адамнан 216 адамға дейін қысқарды.

Еңбек жағдайын жақсарту бойынша кешенді іс-шараларды орындауға кеткен нақты шығындар 64,7 млн тг. құрады. 2017 жылғы 12 айына 63,97 млн тг. жоспарланған болатын. Шығындардың артуы СанПжН сәйкес жайлардың санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсартуға және жарықтандыруға кеткен шығындармен, сондай-ақ басшылар мен орталық аппараттың жауапты тұлғаларын оқытуға кеткен шығындармен байланысты.

Есепті кезеңде қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша 589 адам, оның ішінде 13 филиалдың басшылары, құрылымдық бөлімшелердің 162 жетекшілері оқыды.

Электр қауіпсіздігі бойынша 524 қызметкер, оның ішінде 15 филиалдардың жетекшілері, құрылымдық бөлімшелердің 98 жетекшілері оқыды.

Еңбек қауіпсіздігін оқытуды жетілдіру және насихаттау бойынша іс-шаралар өткізуге есепті кезеңде 7223 мың тг. жоспарланған, Есепті кезеңдегі нақты шығын 7239 мың теңгені құрады (0,2 % көп). Шығындардың артуы басшылар мен орталық аппараттың жауапты тұлғаларын оқытуға кеткен шығындардың 16 мың тг. көп болуына байланысты.

Есепті кезеңде «Еңбек қауіпсіздігі» 2 айлығы өткізілді. Оған Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелері қатысты, жоспардан тыс тексерістер, жиналыстар өткізілді, қызметкерлер оқытылды.