04-1
Операциялық нәтижелері

Қызметтер

Бас сызба

Жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон байланысы

«Транстелеком» АҚ-ның темір жолды бойлай орналасқан, телефон байланысының тармақталған желісі бар. Бұл желі жетекші өндірушілердің жабдықтарын қолданып әлемдік технологияның соңғы жетістіктері негізінде салынған, сигнал берудің сенімділігін және қауіпсіздігін кепілдейді. Желі Астана және Алматы қалаларын және барлық облыс орталықтарын, сонымен бірге темір жол маңында орналасқан, аудандық маңыздағы көптеген қалалар мен ауылдарды қамтиды.

Бұл қызметтер келесі пайдаланушы топтары үшін ұсынылады:

  • жеке тұлғалар үшін – тұрғындарға көрсетілетін қызметтер;
  • заңды тұлғалар үшін - коммерциялық ұйымдарға (акционерлік қоғам, жаупкершілігі шектеулі серіктестер және басқалар), коммерциялық емес ұйымдарға (мемлекеттік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және басқа да заң акітлерімен анықталғандар) телекоммуникация қызметтері;
  • жеке кәсіпкерлер үшін – абоненттік терминалды тұрғын емес үй-жайларда, не тұрғын жайларда табыс табу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында қолданатын жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер;
  • байланыс операторлары үшін – лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген тәртіпте байланыс қызметін көрсетуге лицензия алған жеке және заңды тұлғаларға көрсететін қызметтер.

Қосымша қызмет көрсету түрлері (ҚҚТ)

Қосымша қызмет көрсету түрлері уақытты үнемдейді, шығындарды бақылауды қамтамасыз етеді, сіздің телефоныңызды тыйым салынған пайдалануды жол бермейді, шаруашылықта және жұмыста қосымша қолайлылық туғызады. Қосымша қызмет көрсету түрлері қызметін Қоғамның цифрлық АТС-қа қосылған абоненттері пайдалана алады.

Қосымша қызмет көрсету түрлері:
  • нөмірді қысқартып теру;
  • қайта бағыттау (барлық түрлері);
  • кіріс қоңырауын ескерту;
  • шығыс байланысын шектеу;
  • оятқыш;
  • тіркелген нөмірді теру;
  • күтуші шақыру;
  • кіріс байланысына уақытша тыйым қою (телефон үзілісі, «Мазаламаңыз!»);
  • конференц байланыс;
  • нөмір анықтағыш (НА);
  • нөмірді анти-анықтағыш (Анти-НА) және басқалары.

IP-телефония

ІР-телефония – Интернет желісі бойынша немесе қандай да бір ІР-желісі бойынша сөйлеу дабылын беруді қамтамасыз ететін байланыс жүйесі. Дабыл байланыс арнасы бойынша сандық түрде адамның тіліне тән артықшылықтарды алып тастау үшін, жіберер алдында өзгертіліп (қысылып) жіберіледі.

Сөлесу кезінде, дыбыс дабылдары (айтылған сөз) қысылған деректер пакетіне өзгертіледі. Осыдан кейін, осы деректер пакеттері Internet арқылы екінші жаққа жіберіледі. Деректер пакеттері адресатқа жеткенде, олар негізгі нұсқаның дыбыс дабылдарына қайта қодталады.

ІР-телефония Интернет-хаттамасы (ІР) пайдаланатын, желі үстінен дыбысты байланысын қамтамасыз етеді. Технология ұйымдардың көптеген бытырап орналасқан объектілерін, бейімделгіш қызметкерлерді қоса бірыңғай конвергентті желісіне біріктіруге мүмкіндік береді.

ІР-телефония шығындарды үнемдеу техникалық қолдауы орталықтану арқылы іске асырылатын бір желіге дыбыс байланысын және деректерді тарату қызметтерін біріктіру, сонымен бірге алыстағы объектілерге қоңыраулары кезінде қалааралық және халықаралық байланысқа шығындарды жою арқылы жетуіге мүмкіндік береді.

ІР-телефонияның әрекет ету принциптері – бұл дыбыс байланысын деректер пакетіне айырбастау. Телефон аппараттары ІР-желісінің деректер тарату портына қосылған. Бұл ретте телефон қызметтері желіге қосылған басқа қондырғылармен оңай атқарылады.

Бейнеконференцбайланыс

Қоғам бейнеконференцбайланысы қызметін сапалы жаңа деңгейде пайдалануды ұсынады. Қазіргі заманғы жабдықтар, жүйелер және технологиялар қосылудың әртүрлі түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен жоғары сапалы бейнені және дыбысты қамтамасыз етеді.

Бейнеконференцбайланыс мәжілістердің барлық түрлері үшін қолданылатын, дыбысты беруге қосымша бейнесі қажет болғанда, дыбыс, бейне және ұсынылған қосымшаларды беру үшін көп жақты байланысын ұсыну болып табылады. Сөйтіп, тіпті географиялық бөлінген конференция қатысушылары да бірін бірі көре және ести алады. Қазіргі таңда бейнеконференцбайланыс барлық әлемде үлкен танымалдыққа ие.

Біздің клиенттердің мүддесі үшін жұмыс істей отырып, біз сапалы жаңа деңгейдегі «Бейнеконференцбайланыс» қызметімен қамтамасыз етеміз. Қазіргі заманғы жабдықтар, жүйелер және технологиялар қосылудың әртүрлі түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен жоғары сапалы бейнені және дыбысты қамтамасыз етеді. Бейнеконфернецбайланысын өткізу әртүрлі келіссөздер, мәжілістер, тренингтерді жылдамдатады және жеңілдетеді, ақшаны және уақытты едәуір үнемдейді, іссапар шығындарын азайтады. Осы байланыс түрінің көмегімен корпоративті кеңестер және кездесулер, Қазақстан Республикасында және шетелдік серіктестермен келіссөздер, кадрларды және оқуды таңдау, заңды кеңестер, телемедицина және тағы басқалары кезінде дистанциялық сұхбат өткізу мүмкін болды.

Бейнеконфернецбайланыс қызметін жеке ТОБЖ магистралді желісі бойынша ҚР барлық қалаларында - облыс орталықтарында және темір жол жиегінде орналасқан елді-мекендерде ұйымдастырды:

  • Петропавль – Көкшетау – Астана;
  • Астана – Қостанай – Ақтөбе – Орал;
  • Астана – Павлодар – Семей – Өскемен;
  • Астана – Қараганды – Алматы;
  • Алматы – Тараз – Шымкент – Қызылорда;
  • Ақтөбе – Атырау.

Сондай-ақ 2017 жылдан бастап Атырау – Маңғышлақ аймағындағы елді – мекендерге қосты.

2017 жылғы алынған табыс, мың тг.

Қалааралық және халықаралық телефон байланысы: 1 683 783
Жергілікті телефон байланысы: 852 367

Бір 1 OTA үшін орташа табыс

4645,6
4299,7
4118,3
2015
2016
2017

Кеңжолақты қатынау үшін 1 портқа табыс, тг

5422
6604
7420
2015
2016
2017

Телеграф байланысы

«Транстелеком» АҚ телеграфтық желісі- технологиялық байланыстың ең негізгі түрлерінің бірі болып табылады, онда темір жол көлігі ұйымының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында құжатталған жедел ақпарат жіберуге арналған, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, барлық аудандарда тәулік бойы поездардың жол қозғалысының қауіпсіздігіне байланысты, сондай- ақ «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ құрылымдық бөлімшелердің қызметін жүзеге асыру үшін және де басқада заңды тұлғаларға телеграфтық қызмет көрсетеді.

2017 жылғы алынған табыс, мың тг.

Телеграф байланысы: 2 038 898

Интернет желісіне қолжетімділік

Қоғам Қазақстан Республикасы аумағында Интернет желісіне қолжетімділік қызметін ұсынатын ең үлкен алғашқы провайдерлердің біреуі болып табылады.

Біз Интернет желісіне қолжетімділік бөлінген цифрлық каналдар бойынша – әркеттегі немесе жаңа талшықты-оптикалық желісінің бос қорларын бөлу көмегімен ұйымдастырылатын, жоғары жылдамдыққа қосылудың сапалы және сенімді әдісін ұсынамыз. Желілерді бөлу бойынша жұмысы жергілікті желінің барлық пайдаланушыларына бір уақытта Интернет желісіне қол жеткізуді сонымен бірге қазақстандық және шетелдік сегмент желісіне және көп көлемді трафикті жоғары жылдамдықта таратуға тез қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Қоғам RIPE халықаралық ұйымында тіркелген және ADSL, SHDSL, Ethernet технологиясы арқылы Интернет желісіне жоғары жылдамдықта қатынауды ұсынады. «Транстелеком» АҚ «Интернет – трафигімен алмасу орталығы» Ассоциацияна кіреді. Бұл ұйымның мақсаты – «ішкі трафик үлесін жоғарылату, және сыртқы интернет – арналарын жалдауға қазақстандық провайдерлардың жалпы шығынын азайту» дамыту.

ADSL технологиясы бойынша Интернет желісіне қолжетімділікті ұсыну

Интернетке қол жетімділіктің кең жолақты жүйесі ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line – Асимметриялы цифрлық абоненттік желі) – стандартты телефон желісінің базасында кең жолақты өткізуді қамтамасыз ететін жаңа технология.

ADSL технологиясы телефонды ақпараттарды таратумен бір мезгілде пайдалануға мүмкіндік береді.

Дауыстық трафикті тарату деректерді таратумен қоса қамтамасыз етіледі. Деректерді тарату арнасы ассиметриялы:

  1. кірістер секундына 32 кбиттен – секундына 12 Мбит-ке дейін;
  2. шығыстар секундына 32 кбиттен – секундына 640 Мбит-ке дейін.

Абоненттің тарапында компьютерлік ADSL – картасы немесе ішкі ADSL модемі орнатылады.

Станция тарапында ADSL – DSL Access Module (DSLAM) модемдердің тіреулерінің қондырғысы орнатылады.

Қызметтердің негізгі артықшылықтары
  1. интернет желісіне қатынаудың жоғыры жылдамдығы;
  2. қосымша интернет-қызметтері (әр түрлі ақпараттық, музыкалық ресурстарға, онлайн-ойындарға, Интернет желісінің басқа да қызметтеріне қатынау);
  3. телефон сөйлесулері мен деректерді таратуды бір мезгілде жүзеге асыру;
  4. байланыстың тұрақтылығы, сенімділігі және жоғары сапалылығы;
  5. қызмет ақысын төлеудің ыңғайлы формасы;
  6. ай сайынғы шығындарға шектеуді орнатудың мүмкіндігі;
  7. тұтыныатын трафик мониторингін өз бетімен жүзеге асыру мүмкіндігі.

SHDSL технологиясы бойынша Интернет желісіне қолжетімділікті ұсыну

SHDSL (ағылшынша Single-pair High-speed + DSL) — XDSL технологиясының бірі, мыс өткізгіш жұбы бойынша сигнал деректерін сиимметриялы дуплексті таратуды қамтамасыз етеді. Провайдер (соңғы миля деп аталтын) қол жетімділік телімімен абоненттерді көбіне (айрықша) жалғау қолданылады. Бұл жұп сымын қолданатын SHDSL түрлері, аппараттық шығындары бойынша және соған сәйкес екі жұпты түрлерімен салыстырғанда өнім сенімділігінің елеулі ұтымдылығын қамтамасыз етеді. Әр жұп үшін HDSL қабылдап таратұыш, желілі тізбегі, қорғаныш элементі қажет болғандықтан, модемдар үшін 30% және регенераторлар үшін 40% құны азаяды. Әртүрлі деңгейдегі клиенттерді қолдау үшін сигналды тарту жылдамдығын таңдау мүмкіндігін жасау шешілді. Осының арқасында операторлар клиенттердің қажеттілігіне ең жақын маркетингті саясатын құра алады. Бұдан басқа, регенераторларды пайдаланбай жылдамдықты азайтып таратудың қашықтығын жоғарылатуына қол жеткізеді. Ең жоғарғы жылдамдықта (0,4 мм сымы үшін) жұмыс қашықтығы шамасы 3,5 км, ал ең аз қашықтығы- 6 км құрайды. Сондай-ақ ақырғы жылдамдықты екі есе арттыруға жағдай туғызатын бір уақытта екі жұпты қолдануға мүмкіндік береді.

Ethernet технологиясы бойынша Интернет желісіне қолжетімділікті ұсыну

Ethernet — деректерді тарату пакетті технологиясы. Ethernet стандарты сымның қосылуын және электр сигналдарын, кадр форматтарын, OSI моделінің арналық деңгейіндегі – ортаға қол жетімділікті басқару хаттамаларын физикалық деңгейде анықтайды. Ethernet негізінен, 802.3 тобының ІЕЕЕ стандарттарымен суреттеледі.

Коаксильді кәбілмен салыстырғанда шиыршықталған кабілді пайдаланудың артықшылығы:
  • дуплексті режімде жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • ең аз көлемдегі рұқсат етілген бұралыс радиусі азырақ;
  • дифференциалды синалды пайдалану арқылы кедергілерлен мықты қорғаныс;

Оптикалық кәбілге көшудің себебі сегменттің ұзындығын қайталаусыз ұзарту қажеттілігі болды.

2017 жылғы алынған табыс, мың тг.

Интернет желісіне қолжетімділік: 6 899 384

Тараптық сегментте корпоративтік клиент бойынша 1 абонентке шаққанда орташа ARPU (мың.)
3430
7125
9554
2015
2016
2017

2016 жылмен салыстырғанда жаңа клиенттерді тарту есебінен көбейгені байқалды.

Магистральді ТОБЖ және оның базасындағы қызметтер

Қоғамның Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Атырау, Семей, Қызылорда, Павлодар, Тараз, Ақтөбе сияқты Республиканың ірі қалаларын бір желіге біріктіретін өз жеке магистральды көлік желісі бар.

Үш сатылы желі DWDM базасында қолданыстағы магистральды талшықты-оптикалық байланыс желісінің үстінде салынған және келесі қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді:

  • E1 деңгейінен STM-16 дейін мөлдір кәбілді бөле отырып аймақішілік, қалааралық, халықаралық цифрлық каналдарды жалға ұсыну;
  • облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеде дауыс және деректерді тарату үшін IP VPN виртуалды корпоративті желілерн ұйымдастыру.
  • қазақстанда орналасқан абоненттің офисін басқа елдегі офиспен арнайы бөлінген жоғары жылдамдықты мөлдір және толықтай цифрлық (IPLC – International Private Leased Circuits) каналмен халықаралық жеке желі ұйымдастыру.

Қызмет заңды тұлғалар үшін жоғары өткізгіштік қабілетте уақытта аз шығындай тұра, ауқымды ақпаратты тарату/қабылдауға қажетті мүмкіндік береді. Канал барлық бағыттарға абоненттің таратуды қалаған жылдамдығымен ұйымдастырылады. Жеке желінің бағыты байланыстың жоғары сенімділігін қамтамасыз ететін коммутацияның ешқандай элементтерін қамтымайды.

IP VPN арналарын (VPN) жалға беру

IP VPN – декректер берудің виртуалды жеке желісі - бұл TCP/IP протоколы бойынша нысандар арасында дерекер беруге арналған жоғары жылдамдықты интернет бар болған жағдайда жария және жекенің үстінен логикалық желінің қорғалған байланысын (сыртқы қолжетімділікке жабық) қамтамасыз етуші технология.

IP/MPLS технологияға негізделген қорғалған корпоративтік ІР-желілерді ұйымдастыру. Қызмет ұйымның құрылымдық бөлімшелерін (кеңселерді біріктіру) немесе қала ішіндегі компания-серіктестерін, облыстардағы елді мекендерді, сондай-ақ Қазақстан барлық өңірлерін және шет елді өзара байланыстыруға мүмкіндік береді. «Транстелеком» АҚ желісі абоненттердің тараптары арасындағы IP-трафикті бағдарлауды қамтамасыз етеді (тікелей абоненттің барлық тораптарын байланыстырады). Абонентке ұсынылатын виртуальды желінің мекенжай кеңістігі толықтай тәуелсіз және өз еркімен таңдауға мүмкіндік бар.

IP VPN басты артықшылықтары:
  1. икемді және көп функциональды,
  2. виртуальды жеке желіге кететін шығын аз,
  3. IP-протокол қолданатын кез келген жүйенің функциональдығы.
Негізі міндеттері:
  • Абоненттер/Тапсырыс берушілер үшін аумақтық бөлінген және қорғалған корпоративтік деректер беру желісін жасау.
  • Абоненттердің/Тапсырыс берушілердің жаңа қашықта орналасқан өндірістік нысандарын қолданыстағы корпоративтік инфрақұрылымдарға біріктіру.
  • Кәсіпорынның қолданыстағы желілік инфрақұрылымдарын резервтеу.
Артықшылығы:
  • Корпоративтік желілерді жасаудың альтернативтік нұсқаларымен салыстырғанда экономикалық тартымдылық. Қызмет көрсету сапасы деңгейінде жоғалтусыз әртүрлі қосымшаларды (дауыс, бейне, корпоративтік IT жүйелер мәліметтері, Интернетке қол жетімділік) интеграциялауға мүмкіндік береді.
  • Максималды масштабтану мен иекмділік арқасында сервистің сапасы мен қауіпсіздік деңгейі жоғары.
  • Мәліметтер беру каналдарын екі рет резервтеу.
  • Құпиялықты, тұтастығын және аутентификацияны қамтамасыз ету.
  • Аумақты максималды қамту: қызмет ҚР 100 аса елді мекендерінде қолжетімді.
Қызмет құрамы:
  • Деректер беру жылдамдығын секундына 622 Мбит дейін жеткізетін жоғары жылдамдықты жердегі каналдар. Қазіргі сәтте қолжетімді кез келген ADSL, FR, ATM, Ethernet клиенттік порттары мен протоколдарының көмегімен IP VPN-ға қосу, бұл жағдайда клиенттік порттың жылдамдығы секундына 100 Мб (Ethernet) болуы мүмкін.
  • MPLS желісі базасында MPLS үстінен VPN Layer-2 және Layer-3 деңгейлі каналдарды жалдау.
  • бағыттар бойынша IPVPN:
    • Қалалық IP VPN.
    • Республикалық IP VPN.

Аутсорсингті қызмет көрсету

Қоғамның ақпараттық қызметін кеңейту және қызметінің келешегі бар бағытының бірі АТ – ұйымның ақпараттық-техникалық жүйесін жобалау, пайдалану және қызмет көрсетуге байланысты тапсырмаларды шешу аутсорсинг болып табылады.

АТ ақпараттық технологиялар нарығына қатысты емес ұйымдарды - қамтамасыз ету қосымша процесстер дәрежесіне кіреді. АТ – инфрақұрылымы және оны басқару қиындығының көбеуіне сонымен бірге мамандардың жетіспеушілігіне байланысты АТ – аутсорсингті жоғарыда айтылған мәселелердің нақты шешімі ретінде қарайды.

Қоғаммен жобаларды жүзеге асыру барысында ақпаратты-коммуникациялық жиынтығының барлық қызметтері және оның АКТ – құрылымдарын: дамыту тапсырмаларын орталықтандыру, ендіру, менджмент, пайдалану және ақпаратты-коммуникациялық жүйесін ақпаратты телекоммуникация операторларына сервисті қолдауды шоғырландыруын аутсорсингке шығару ұсынылады.

Осылайша, Қоғам өзіндегі түрлері бойынша ұқсас көптеген тапсырмаларды шоғырландырады, сөйтіп өнімділігін және оның жасалу сапасын жоғарылатады. Сервис компаниясының АТ-аутсорсингке мамандандырылуының әлеуметтік және экономикалық мәні осында болады. Ірі мекемелер үшін АТ-аутсорсинг ақпараттық технологияларды пайдалануға кететін шығындарды азайтады және оның сапасын жақсатады, АТ-процесстерді стандарттау ұйымдастырудың ашықтығын арттырып, құралдарды үнемдейді.

«Транстелеком» АҚ Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялық және АТ қызметтердің кең спектрін ұсынуға маманданған ең бірі байланыс операторларының бірі болып табылады, мысалы:

  • Кеңселер үшін: жұмыс орнын ұйымдастыру, service-desk, басып шығару сервисі, желіні ұйымдастыру бойынша сервис;
  • Құжат айналымы: электрондық құжат айналымы, куәландырушы орталық, электрондық мұрағат, ақпараттық қауіпсіздік;
  • Серверлер: бұлттық қызметтер, деректерді өңдеу орталығы, БҚ және жабдықтарды сату
  • Қосымша қызметтер: АТ жүйелерді енгізу және сүйемедеу, бейнеконференцбайланыс, байланыс орталығы, E-learning.

Деректерді өңдеу орталығы қызметін ұсыну

Деректерді өңдеу орталығы (бұдан әрі – ДӨО) ақпараттарды сақтау және өңдеу үшін арналған, сонымен бірге көрсетілетін қызмет жиынтығын белгіленген сегмент желісінде көрсету және байланыс арналарына қосылатын, ішіне ақпараттық телекоммуникациялық және инженерлік инфрақұрылымы жиынтығын орналастыру үшін арналған мамандандырылған көлік контейнері.

Деректерді өңдеу орталығы қызметін ұсыну: сервер және желілі жабдықтарын орналастыру үшін алаңдар жалдау, ақпараттарды сақтау және тарату, электронды пошта жәшіктерін немесе виртуалды пошта серверін қолдау, клиенттің жабдықтарын провайдер (колокация) алаңына орналастыру, бөлінген және (VPS, VDS) виртуалды серверлерін жалдау, корпоративті желілерін өңдеу және ұйымдастыру, бағдарламалық қамтуды өңдеу және қолдау, компьютерлі бағдарламалау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

«Транстелеком» бұлты:
  • Собственные ЦОДы в городах Астана, Алматы қалаларында жеке ДӨО. Жалпы алаңы 1700 м2 жуық;
  • «N+1»;
  • Күшейтілген салқындатқыш жүйесі бар сапалы коммуникациялық инфрақұрылым;
  • ҮЭҚК және қуатты дизельді генераторды қосу арқылы АВР қорындағы үздісіздікті қамтамасыз ету;
  • Ғимаратқа нақты кірудің екі деңгейлі жүйесі және тәулік бойы бейне бақылау бар, кепілді қауіпсіздік;
  • Деректерді өңдеуге және сақтауға арналған жоғары сапалы платформа - SAP HANA;

ҚР барлық аумағында ТОБЖ базасында 15 000 км. аса жеке желілік инфрақұрылымы бар.

Virtual Data Center

«Транстелеком» АҚ деректерді өңдеудің бұлттық орталығы қызметтері IaaS сервистік моделі бойынша беріледі.

Инфраструктура IaaS – оңай конфигурацияланатын АТ-инфрақұрылымның элементтер кешенін қолдануға мүмкіндік беретін шешімдер жиынтығы (талап етілетін ресурстар – серверлер, деректерді сақтауыш, желілік құрылғылар, бағдарламалық қамтамасыз ету), оған Интернет желісі арқылы кіруге болады, яғни сіздің орналасқан жеріңіздің қызмет көрсету нүктесіне қатты байланысы жоқ.

«Транстелеком» АҚ Дата-орталығы қызметінің артықшылығы:
  • Жабыққа кететін күрделі шығындар болмайды;
  • Жеке серверлік инфрақұрылым мен жайларға қызмет көрсетуге кететін шығындардан бас тарту мүмкіндігі;
  • Бұзылуға тұрақты бұлттық архитектура;
  • Сенімді қорғаныс және сервистерге қолжетімділік әлемдегі үздік өндірушілермен қамтамасыз етілген;
  • Геокластерді ұйымдастыру мүмкіндігі;
  • Резервтік көшіру мүмкіндігі;
Қызмет құрамы:
  • Қажетті конфигурацияның бір немесе бірнеше виртуальды серверлерін жалға беру;
  • Сақтауға арналған серверлік есептеуіш қуатын және кеңістігін ұсыну;
  • Виртуальды серверлердің өнімділігін басқару және мониторинг;
  • VMware vCloud базасындағы жек бұлт;
  • Жоғары жүктелімді жобалар;
  • Сервистік қолдау қызметі.

Хостинг (Co-location) - (ағылшын тілінен аударғанда co-location — қатар орналасқан) – бұл қажетті климеттық параметрлерді ұйымдастыру және үздіксіз қуаттауды қамтамасыз ету, байланыс каналдарын көп деңгейлі резервтеу көмегімен тапсырыс берушінің серверіне қызмет көрсетуді қолдау мақсатында «Транстелеком» АҚ арнайы алаңында клиенттің серверін орналастыру.

Мамандандырылған корпоративтік серверді, желілік сервистер кешенін, күрделі есептеуіш тапсырмаларға арналған компьютерді, деректер банкісін және т.б. орналастыру мүмкіндігі.

Артықшылығы:
  • Жүйені өрістетуге кететін шығындар жоқ болғандықтан, жылдам енгізіледі;
  • Магистральды желілерге тікелей қосылады;
  • БҚ қосу қарапайым браузер арқылы жүргізіледі;
  • Жеке қызмет көрсетіледі;
  • Техникалық қолдау мен кеңейтілген жүйені жаңартуға кететін шығындар қысқарады;
  • Ыңғайлы баға саясаты;
  • Жеке менеджер.

ITSM қызметі

Бизнестің тиімділігін арттыру мақсатында, тапсырыс берушінің қажеттілігін бағдарлауды және ресурстарды оңтайлы қолдану арқылы, ServiceNow біріңғай бұлттық платформа базасында кешені шаралар мен шешімдер шығару.

ServiceNow – негізгі бизнес процесстерді автоматтандыру базасында орта және ірі бизнеске арналған АТ инфрақұрылымды басқаруға арналған жүйе.

Жүйе ІТ-қызметтердің, жобаларды, персоналдарды, ресурстарды, тәуекелдерді және т.б. басқарудың тіршілік кезеңін автоматтаныруға арналған біріңғай бұлттық платформаны ұсынады. ServiceNow бір архитектурадан және деректер моделінен, ресурстардың жалпы базасынан және негізгі қызметтердің кеңнйтілген портфелінен сервистерді автоматтандырудың біріңғай платформасын ұсынады.

ServiceNow дайын шешімдері ITSM және компанияның қаржы, заң, кадр секторларын автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Негізгі қызметтері:
  • Ағымдық автоматтандыру.
  • Қолдаудың бірінші желісінің жұмысын оңтайландыру.
  • Тиімді эскалация.

Кибер-қауіпсіздік

«Транстелеком» АҚ ақпараттық кибер-қауіпсіздігі – корпоративтік деректердің қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.

Ұйымдастырушылық шаралар құжатталған процедураны және әр түрлі ақпараттармен жұмыс істеу қағидаларын, ІТ-сервистерді, қорғану құралдарын және т.б. қамтиды.

Техникалық шаралар қолжетімділікті, кему мониторингін, вирусқа қарсы қорғанысты және желі аралық экрандауды бақылаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарын қолданады.

Шешімдердің сервистік провайдері және ақ қызметтері (MSSP)

«Транстелеком» АҚ Қазақстан нарығына жаңа бірігей қызметтерді ұсынады: АҚ қызметтер провайдері – Managed Security Service Provider (MSSP).

MSSP қызметі:
  • сервистік модель бойынша АҚ аппараттық және бағдарламалық құралдарын ұсынады;
  • «толық аяқталған» қорғаныш құралдарымен басқару;
  • алыстан мониторингтеу және АҚ құралдарымен басқару;
  • АҚ басқару орталығы;
  • АҚ инфрақұрылым деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар және АҚ жүргізілген аудит негізінде немесе оқиғаларды тексеру нәтижесінде ұйымдастыру сервистерін әзірлеу;
  • Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін жасау;
  • клиенттің инфрақұрылым, бизнес және тапсырыс берушілер ерекшелігін ескере отырып әр клиентке жеке әзірленген тиімді ұсыныстар;
  • ақпараттың әр саласына тән АҚ өзекті қауіптілігі, алаяқтық техникалар, күдікті ресурстар туралы мәлімет беру.
Ақпараттық қауіпсіздіктің мониторинг орталығы Ақпараттық периметр мен қолжетімділікті бақылаудың қорғаныс сервисі АҚ инновациялық өнімдерін әзірлеу
Аудитті тестілеу және АҚ және АТ шешімдерін сертификаттау орталығы Трафикті тазалау орталығы АҚ оқиғаларының компьютерлік криминалистикасы
Сайттарға шабуыл жасаудан қорғайтын бұлттық қызметтер (DDOS. WAF және т.б.) Сервистік модель бойынша АҚ қызметтерін және өнімдерін ұсыну АҚ оқиғаларына тексеру жүргізу және енуді тестілеу қызметтері

MSSP қызметтерді көрсету үшін тек қазақстандық АҚ шешімдер қолданылады!

Куәландырушы орталық

«Транстелеком» АҚ Куәландырушы орталығының электронды цифрлы қолтаңбасы - электронды қолтаңба қалыптасқан сәттен бастап электронды құжаттағы бұрмалануды болдырмауға және ЭЦҚ иеленушісіне тиесілі екендігін растауға мүмкіндік беретін құжаттың ерекше реквизиті:

  • түпнұсқалылығы – құжаттың авторлығын растау;
  • тұтастылығы – құжат қол қойылғаннан кейін өзгертілмейді;
  • қайтарылмайтындығы – автор кейін өз қолынан бас тарта алмйды.

ЭЦҚ пайдалану өзектілігі, электронды құжат алмасу процесінде электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану үшін құқықтық талаптарды қамтамасыз ету мәселелері шешімінің негізін қамтитын 2003 жылы 7 қаңтарда күшіне енген «Электронды құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы» Заңмен расталады және оларды сақтаған уақытта электронды цифрлық қолтаңба адамның қағаз жүзіндегі құжаттағы қолтаңбасына тең заңды болып табылады.

«Транстелеком» АҚ Куәландырушы орталығы ҚР аккредиттеу туралы ережелеріне сәйкес аккредиттелген және қазақстандық объектілік сәйкестендіргіш сегменттерін жүргізу куәлігіне ие. ҚР СТ 1073-2007 «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары» стандарты бойынша криптографиялық кітапханаларды екінші деңгейде сертификаттау.

  1. USB брелок форм-фактордағы KAZTOKEN құрылғысы.
  2. Смарт-карта форм-фактордағы KAZTOKEN құрылғысы.
«Транстелеком» АҚ Куәландырушы орталығының дайындығы
  • ҚР заңнамасына сәйкес аккредиттеу.
  • АКИ (ИОК) саласындағы сертификатталған мамандар штаты.
  • Қажетті АТ инфрқұрылымы және АҚ регламенттелген процесстері.
Қызмет құрамы:
  • Заңды және жеке тұлғалар, резиденттер мен Қазақстан Республикасының резиденттері еместер үшін ЭЦҚ шығару және кері алу;
  • ЭЦҚ дұрыс жұмыс істеуі үшін барлық тиісті клиенттік қосымшаларды ұсыну;
  • Клиенттің ақпараттық жүйесімен ЭЦҚ жүйесін біріктіру;
  • Пайдаланушылар тарапында электрондық құжаттарға толық қол қойғанға дейін АЖ біріктіруден куәландырушы орталықты техникалық сүйемелдеу.

Электронды құжат айналымы

Автоматтандырылған көп пайдаланылатын «Эвридок» электронды құжат айналымы иерархиялық ұйымның өз қызметтерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында сол ұйымның жұмысын басқару процесін сүйемелдейді.

Қызмет құрамы:
  • ЭҚА енгізу және техникалық қызмет көрсету.
  • Құрал-жабдықты бабына келтіру және Тапсырыс берушінің серверлеріндегі іске қосу-баптау жұмыстары.
  • Негізгі және қосымша БҚ (ПО) орнату және бабына келтіру.
  • Ұйымның жіктегіштері мен анықтамаларын толтыру.
  • Нысандарды, ҚБ, тіркеу нөмірлерді және басқа да тиегіш механизмдерді бабына келтіру.
  • Бекітілген әдістеме бойынша қабылдағыш сынауларды өткізу.
  • Пайдаланушыларды оқытып-үйрету.
  • Жүйелерді өндірістік қолданысқа тапсыру.
  • 12 ай кепілдік қолдау көрсету.

E-Learning

Онлайн оқытып-үйрету, оқу материалдарына кез келген жерден емін-еркін қолжетімдікті қамтамасыз ететін, қызметкерлерді оқыту және қайта оқыту мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу шарттарындағы ең өзектісі, бұл көптеген қызметкерлерді оқыту көбіне елеулі шығындармен байланысты. Компанияның алыста филиалдары бар болса, сол орында дәстүрлі тренингтерді ұйымдастыру, оқыту құнын ғана барынша жоғарылатып қоймай, сонымен бірге сол жерде керекті мамандардың болмауы салдарынан техникалық тұрғыдан да өте қиынға соққан жағдайда е-learning қажеттілігі арта түседі.

«E-learning» қашықтан оқыту және тестілеу жүйесі – компания қызметкерлерін өндірістен үзбей-ақ кәсіби оқыту мен білімдерін жүйелі бақылауды қамтамасыз ететін виртуалды оқу-әдістемелік орталықты пайдалану.

Қызмет құрамы:
  • Платформа (Learning management system).
  • Талапқа сәйкес платформаны күйге келтіру және қолжетімділік беру.
  • ЦБР кітапханасын басқару (ЦБР жүктеу, ЦБР карточкаларын енгізу) және т.б.
  • Интерактивті цифрлық білім беретін ресурстар.
  • Талапқа сәйкес цифрлық білім беретін контентті әзірлеу.
  • Цифрлық білім беретін контенттің графикалық интерфейсін және т.б. әзірлеу.
  • Кешенді тексеру.
  • Жобаларды басқару.
  • Өзгерістер енгізуді жобалау және жобадағы сәтсіздіктердің аса танымал себептерін азайту.
  • Өзгерістерді басқару.
  • Интеграция, координация және жобаның мақсатына жету үшін барлық қатысушылардың өзара әрекеттестігі.

Корпоративтік желілерді ұйымдастыру

Қоғам өз клиенттеріне талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы үнемі жоғары жылдамдықты жалғануды қамтамасыз ететін, дыбысты, видео және деректерді интегрланған таратумен аумақтық-тарату корпоративті желілері (Intranet) құрылымы қызметін ұсынады.

Филиалдың желісі бар кәсіпорындарда, деректердің жалпы базасына, сонымен бірге өз филиалдарымен жедел және құпия байланысына әрқашан қажеттілігі бар. Мұндай жағдайда өте нәтижелі шешім компания филиалдарын бөлінген цифрлық каналдар көмегімен біріңғай құрылымға біріктіру болып табылады.

Қызмет көрсетудің кепілденген деңгейімен бөлінген байланыс каналдарымен қашықталған алаңдарын біріктіру компанияға кәсіпорынды басқарудың орталықтандырылған жүйесін енгізу, электронды құжат айналымын ұйымдастыруға және кеңселердің өзара әрекеті нәтижелілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Деректердің және дыбыстардың халықаралық транзиті

Қоғам шетелдік серіктестері-байланыс операторларымен бірігіп ТОБЖ базасында Еуропа және Азия арасындағы деректерді және дыбыстарды тарату қызметін ұсынады.

Бұл қызмет өз ара құрылымдық бөлімшелері байланыстыруға және шетел аумағында серіктес-компания желісін біріктіру, сонымен бірге деректерді таратудың ғаламдық желісіне қосылуға мүмкіндік береді.

Сигналды тарату ортасы ретінде сонымен сигналды аралық күшейтусіз үлкен қашықтыққа деректерді тарату мүмкіндігін беретін, жоғары өткізгіш қабілеті және төмен шығын сипатты ерекшелігі болатын оптикалық талшықтары қолданылады.

Желінің жоғары сенімділігі географиялық таратылған маршрут пен желілі-кабельдік құрылғыларды пайдаланудың жөнделген жүйесі бойынша талшықты оптикалық байланыс желілерін резервте сақтаумен қамтамасыз етіледі. Басқа мемлекеттердің желі операторларымен қосылу нүктесі халықаралық операторлар трафигін тарату (Ресей,Қытай,Өзбекстан, Қырғызстан) үшін нәтижелі ортаны құруға және Еуропа-Ресей-Қазақстан-Қытай (Еуропа-Азия) және (Еуропа-Ресей-Қазақстан-Өзбекстан-Қырғызыстан) (Еуропа-Орта Азия) халықаралық коридорының жердегі магистралды желілеріне шығу кезінде байланыс қызметінің кепілді сапасын қамтамасыз етеді.

2017 жылғы алынған табыс, мың тг.

Спутниктік байланыс және мәліметтер беру қызметі : 2 586 225
ТОБЖ канлдарын жалдау: 12 179 355
Халықаралық транзиті қызметі: 2 945 019

Шеттегі табыс динамикасы

2017 жылғы кірістердің өсу қарқыны 119,2% құрады, 2018 жылы кірісті 118,7 % -ға арттыруды жоспарланып отыр (2018 жылғы жоспар – ҚҚС есептемегенде 17 882 890 мың теңге).

Өзбектелеком АҚ, China Telecom, "Қазтелепорт" АҚ сияқты ірі клиеннтердің көлемі артты. Novakor Universal LTD, TNS-Plus ЖШС сияқты ірі клиеннтерді қосу 2017 жылғы табыс көлемін арттырды.

1 абонентке шаққанда орташа ARPU, ТОБЖ каналдарын жалдау (мың)
5812
11256
12637
2015
2016
2017

Динамика доходов по услуге международный транзит

2017 жылы халықаралық транзитта табыс өсімі 148,6% құрады. Қоғам 2018 жылы Тәжікстан, Қытай, Ауғанстан және Түркіменстан бағыттары бойынша транзит көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

2018 жылы Интернеттен түсетін табысты 46,2% немесе 3,2 млрд. теңгеге арттыру жоспарлануда.

Халықаралық транзиттік қызметінің табыс динамикасы

Халықаралық транзиттік қызметінің табыс динамикасы
  • АТ қызметтері
  • БААО
  • Халықаралық транзиті қызметі
  • ТОБЖ канлдарын жалдау
  • Спутниктік байланыс және мәліметтер беру қызметі
  • Интернет желісіне қолжетімділік
  • >Телеграф байланысы
  • Жергілікті телефон байланысы
  • Қалааралық және халықаралық телефон байланысы
1 абонентке шаққанда орташа ARPU
Халықаралық транзит
6866
11012
15339
2015
2016
2017

IPLS қызметтер

IPLC Каналдарын жалға беру.

Анық цифрлық каналды қосу технологиясы жез парын учаскеде оператордың тораптары мен абоненттің құрылғысының арасында байланыс желісі ретінде, ал оператордың тораптары арасында абонентті қосу нүктесінде талшықты-байланыс желісін транспорт ортасы ретінде қолдануды ұсынады. Бұл технология деректер берудің стандартты емес әдісін қолданатын, дыбыс пен деректерді беру үшін кез келген протоколды көтереді.

Аталған канал:
  1. локальды желілерді және қала ішіндегі абоненттің қашықтағы кеңесіндегі телефон станцияларын біріктіреді;
  2. IP протоколы бойынша сияқты, кез келген протоколды қолдану арқылы кеңселерді біріктіреді;
  3. Телефониямен деректер беруді біріктіреді;
  4. қашықтағы кеңсеге мини-АТС телефон нөмерлерін немесе абоненттің қалалық нөмерін ұсынады.

Біріңғай анықтамалық-ақпараттық орталығының (БААО)

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі А.К.Жұмағалиевтің 2012 жылы 24 ақпанда 2012 -2014 жылдарға арналған темір жол жолаушылар тасмалдау сапасын жақсартуды іске асыру жөнінде жоспары бекітілді, онда Біріңғай анықтамалық-ақпараттық орталығының (БААО).

Осымен, «Транстелеком» АҚ жоспарды жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық-анықтама қызметін көрсету операторы болып анықталды.

«105» біріңғай қоңырау шалу нөмері бар БААО 2012 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумағында пайдалануға енгізілді.

Орталық халыққа тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы жолаушылар және қала маңы тасымалы поездарының қозғалыс кестесін, жолаушылар және қала маңы тасымалы поездарын жүргізетін тасымалдаушылар туралы, жолаушылар және қала маңы тасымалы поездарының қағидаларын, поездардың нақты келу, жөнелту немесе кешігу уақыттары туралы ақпараттар, жолдаушылар поездының құны туралы ақпараттар, поездарда бос орындарының болуы және басқа да ақпараттар беру сияқты анықтамалық -ақпараттық қызметтердің кең көлемін ұсынады.

БААО еліміздің барлық өңірінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «105» біріңғай нөмерін пайдалана отырып географиялық аймақтарға байланысыз, соның ішінде барлық шағын станцияларда, темір жол бойындағы елді мекендерде қажетті ақпаратты алуды жеңілдетті.

БААО өзіне тән темір жолда жолаушылар тасымалдауға ғана анықтама береді.

БААО қолданысқа енгізу арқылы халыққа қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарды.

Түскен және қызмет көрсетілген қоңыраулар
2 146 895
2 006 706
2 032 089
2015
2016
2017
Кіріс қоңырау саны
1 661 235
1 984 447
1 940 720
2015
2016
2017
Өңделген қоңырау саны
485 645
58 251
91 369
2015
2016
2017
Жойылған қоңырау саны

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алған аралықта анықтама қызметіне 2 032 089 қоңырау түсті, оның 1 940 720 қоңырауына қызмет көрсетілді, жалпы келіп түскен қаңыраулардың қызмет көрсетілмей қалғаны 91 369 қоңырауды немесе 4,50% құрады.

Жойылған қоңыраулардың көп болу себебі, 2017 жылғы маусымнан бастап БААО ұялы байланыс абоненттері үшін (Билайн) анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсетеді. Анықтамалық-ақпараттық қызметтер көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады, байланысу құны минутына 112 теңге. Нәтижесінде абоненттер ақылы байланыс туралы естіп, оператормен байланысты болдырмайды.

БААО жаңғырту жоспарына сәйкес, ұсынылатын қызметтер сапасын қадағалайтын «Verint» жүйесі енгізілді. Осыған байланысты, БААО диспетчерлеріне қосымша ұсынылатын қызметтердің сапасын бағалау және БААО жұмысын жақсарту бойынша жұмыстар жүктелген.

LTE

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, «Транстелеком» АҚ LTE желісімен барлық темір жол желісін жаулап алуды жоспарлап отыр. 2016 жылы барлық облыстардан радиожиілікті спектрды (РЖС) қолдануға рұқсат алынды.

«Транстелеком» АҚ LTE желісінің мобильді операторлар ұйымдастырған желіден айырмашылығы болады, жылжымалы нысанды секундына 70 Мбитке дейін Интернет желісіне қолжетімділікті ұсыну үшін барлық темір жол бойына екі қабатты жабын технологиясын пайдалануға мүмкіндік беретін, арнайы станцияларды салу және вагондарды тиісті модемдермен жабдықтау қажет. Аталған технология барлық жол бойындағы негізгі және апаттық антенналарды қолдануды ұйғарды. Негізгі секторлық антенна бұзылған кезде екінші антанна іске қосылады және үздіксіз мәліметтер беруді ұсынатын байланысты қамтиды.

Аталған жобаның тағы бір маңыздылығы, ол темір жол көлігімен тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз етеді. Поездардағы бейне бақылау камералары мен датчикті дабыл беру сигналдары ұмытылған жүк туралы ескертеді және тасымалдау кезінде тиым салынған затты табады. Жүк вагондарындағы электрондық кілттер немесе индикаторлар ашу кезінде арасы үзіледі және ол туралы белгі береді. Бұл сымсыз жүйе үшін белгілі жиілік белгіленеді, бұл дыбыстық белгі емес, сіздің жүгіңіз ашылды деп диспетчерге немесе тіпті жүктің егесіне ҚХҚ (СМС) түрінде түсетін жәй ақпарат болып табылады.

Аталған жобаны іске асырудың жолаушылар үшін артықшылығына қарамай, оның негізгі мақсаты темір жол саласын технологиялық қайта жарақтандыру үшін негіз болып табылады.

Қоғам LTE заманауи желісін темір жол бойында ұйымдастыру арқылы жолаушыларды қауіпсіздік пен Интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамассыз ете отырып, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда белсенді қатысады.

«Транстелеком» АҚ инфотелекоммуникациялық технологиялар саласында әлемдік трендтерге сәйкес жоғары технологиялы және сапалы қызметтер көрсетеді.