04-6

Хартиялар мен қауымдастықтарға қатысу

Компания политикалық париялардың, саясаткерлердің және олармен байланысты ұйымдардың пайдасына жәрдем жинаудың ешқандай түрін, сондай-ақ қоғамдастықтарға қандай да болмасын инвестицияларды жүзеге асырмайды. Есептік кезеңде «Транстелеком» АҚ сыртқы тараптармен өзара әрекеттесу бойынша жұмыстар аясында экономика, экология және әлеуметтік ая саласында хартияларды немесе бастамаларды қолдаған жоқ және міндеттемелер қабылған жоқ.

Қоғам келесі ұйымдардың, көбінесе, байланыс операторының тиімді жұмыс істеуін анықтайтын мүшесі болып табылады:

  • Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
  • Ұлттық телекоммуникация қауымдастығы;
  • Интернет –трафикпен алмасу орталығы;
  • RIPE;
  • TM Forum.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы(ҰКП) - Қазақстан Республикасы Үкіметі мен мемлекеттік органдары арасында бизнестің келіссөздер күшін күшейту үшін құрылған коммерциялық емес ұйым. Кәсіпкерлер палатасы өзінің қызметімен ішкі және сыртқы сауданы қоса, кәсіпкерліктің барлық салаларын қамтып, шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін ұсынады.

Осы ұйымның негізі қаланған 2013 жылдан бері мүшесі болып келеміз.

Ұлттық телекоммуникация қауымдастығы (ҰТҚ) - негізгі қызметі телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну болып табылатын тиісті лицензиясы бар заңды тұлғаларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым. Бұл баламалы байланыс операторларының түрлі мүдделерін барынша толық көрсететін телекоммуникациялық нарықтың көшбасшылары боп танылған компанияларды ерікті түрде біріктіру. Бұл ұйымға мүшелік компанияларға бірінші қолдан басқа байланыс операторларының тәжірибесін алуға, телекоммуникация саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды құруға қатысуға, кадрлық құрамның біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар саласында көмек алуға, телекоммуникациялық құрал-жабдықтарға арналған бірыңғай техникалық стандарттарды дайындауға қатысуға мүмкіндік береді.

2003 жылдан бастап ҰТҚ-ның алғашқы мүшелерінің бірі болып табыламыз.

Интернет –трафикпен алмасу орталығы - интернет-қызметтің алғашқы қазақстандық провайдерлеріне қосылудың бірыңғай ережелері мен талаптары бойынша ІР-трафикпен алмасуға мүмкіндік беретін қауымдастық.

Қоғам 2010 жылдан бастап Интернет – трафикпен алмасу орталығының құрамында тұр.

RIPE (Réseaux IP Européens) - интернет-ресурстарды тарататын, сол сияқты, осыған қатысты Интернеттің жұмыс істеуін жаһандық қолдауға бағытталған қызметтің тіркелуі мен үйлестірілуін орындайтын интернет-тіркеушілердің халықаралық ұйымы.

2006 жылдан бастап RIPE мүшесі болып табыламыз.

TM Forum - бүкіл әлем бойынша цифрлық бизнестің индустриясын біріктіретін қауымдастық. Бұл қауымдастық TM Forum мүшелерінің табысты бизнес-үлгілерін трансформациялауды жеделдетуге арналған әртүрлі эко-жүйелерді, жетекші компаниялар мен талантты қатысушыларды біріктіреді. Қоғамдастық мүшелерінің топтастырылған тәжірибесі мен мүдделері, зерттеулер мен жарияланымдардан бастап, тәжірибелік анықтамалықтармен, ынтымақтастық бағдарламаларымен, құралдармен және ең жақсы тәжірибелермен, көкейкесті оқиғалармен және бизнес пен ІТ-индустрия жетекшілері үшін тренингтермен аяқталатын, TMForum-ның барлық бастауларының қозғаушы күші болып табылатын, 900 –ден астам жетекші ұйымдардың он мыңдаған кәсіпқойларымен жинақталған.

Қоғам 2013 жылдан бастап TM Forum коммерциялық емес ұйым қауымдастығының мүшесі.