04-3

2017 жылғы ірі және стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобалар

Транспорттық сектор үшін

«Магистраль» АБЖ

«Магистраль» АБЖ жобасы - темір жол саласындағы жол инфрақұрылымын автоматты басқару жүйесі.

Жоба аясында 2013-2015 жылдары ҒЗТКЖ базасында тәжірибелік-өндірістік нұсқа жасалды. Оны сәтті енгізгеннен кейін 2017 жылдан бастап т/ж жолдарының барлық магистральды желісін тираждау жүргізіледі.

Іске асырылатын «Магистраль» АБЖ инновациялық жобасы «Астана Бурабай курорты» сынамалық учаскесінде «диагностика және мониторинг» және «Жол шаруашылығын жүргізуді автоматтандыру» бағыттарында үздіксіз жұмыс жасауды қамтамасыз етті.

Жобаны енгізу нәтижесінде жөндеу жүргізу уақытын оңтайланыдру, т/ж көліктері қозғалысының техникалық жылдамдығын арттыру және қозғалыс қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету есебінен т/ж жолдарын күтіп-ұстауға кететін шығындар едәуір азайды.

Деректерді беру 30 күннен 3 сағатқа дейін, вагондарға қызмет көрсету штаты 28-ден 18-ге дейін азайды, жұмыс өнімділігі 30% артты, уақыт кетіру мен адам ресурстары кеміді, сондай-ақ т/ж нысандарын жөндеу нәтижесін орындау бойынша деректер енгізуге адами факторлар әсер етпейтін болды.

«Энергодиспетчерлік тарту» АБЖ

Енгізу кезеңі: 2012-2015 годы.
Сүйемелдеу кезеңі: 2013-2025 годы.

ЭДТ АБЖ – бұл теміржол көлігі саласындағы электроэнергия және дизель отынын тұтынуды есепке алу, бақылау және талдау бойынша бизнес-процестерді кешенді автоматтандыру және ақпараттық қолдау.

Жоба аясында тепловоздар мен электровоздар секциясы электроэнергия және дизель отынын тұтынуды есепке алушы жоғары сапалы жабдықпен қамтамасыз етілді, нақты уақыт режимінде есептік ақпараттарды жинау және талдау бойынша жүйе құрылды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде, жаңа қызмет түрлерін ұсынғандықтан тапсырысшының кірісі артып, дизель отынына кететін шығындар 13%, электроэнергияға кететін шығындар 7% азайды.

Бас сызба
ЭДТ АБЖ қамтамасыз етеді:
  • Отын аппаратурасының және дизель – генераторының технологиялық параметрлерін өлшеу;
  • Белгілі уақыт кезеңіндегі дизель отынына кеткен шығындарды және қалдықтарды нақты және тура есептеу;
  • Тепловоздың/электровоздың әртүрлі жұмыс режимінде дизель отынымен/электроэнергияның нақты шығынын бақылау және салыстыру;
  • Әртүрлі жұмыс режимі кезіндегі отынның жұмсалуы негізінде тепловоздардың отын аппаратураларының жанама диагностикасы;
  • Уақытша мерзім белгіленген ауысым үшін тепловоздың/электровоздың жұмыстарын талдау:
    1. тұрақтар мен қозғалысты;
    2. жүктемесі бар, бос жолдағы және тоқтатылған дизель жұмысын, тарту және қозғалыстан шыққан режимдегі тепловоз/электровоздар қозғалысының сипаттамасы;
    3. учаске бойынша орта техникалық жылдамдықпен жүруді;
    4. учаске бойынша, сапарға, кезеңге, ауысымға кететін отынның және электроэнергияның жалпы шығынын;
    5. тепловоздың/электровоздың орналасқан жерін;
    6. отын аппаратурасының және дизель – генераторының кейбір технологиялық параметрлерінің мағынасы туралы ақпараттар визуализациясын (тепловозда);
    7. машинисттің электрондық бағытын жасауды;
    8. локомотивтердің жөндеу аралық жүрісін;
    9. ақпарат алмасу жолымен іргелес жүйелер бойынша деректерді жасау және ұсынуды;
  • Локомотивтік бригаданың шеберлік деңгейін және тәртібін бағалаудың автоматтандырылған құралы;
  • Режимді және жұмыс учаскелерінде және бағыттарда қолдануға арналған шаралар қабылдау үшін әр локомативтің нақты жүктемелігін талдау құралы.

Локомотив деңгейі мен орталық сервер деңгейі жүйелерінің қолжетімділігін сүйемелдеу үшін call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Есепті 2017 жылы техникалық параметрлерді жинау және беру бойынша тепловоздарға 12 278,04 секция көлемінде және электровоздарға 10 657,57 секция көлемінде қызмет көрсетілді, жыл бойы Орталық серверге қол жеткізу қызметі көрсетілді.

2017 жылы 1 024 182 машинисттің электронды бағдары мақұлданды.

Кешенді қауіпсіздік

Кешенді қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесі қылмыстар санын азайтуға және адам көп жиналған жерлерде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жүргізуге бағытталған. Кешенді қауіпсіздік - тексеріп қарау құрылғысынан басқа, күзет бейнебақылау жүйесі, қолжетімділікті бақылау жүйесі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы, эвакуация жүргізу және басқару жүйесі, автотұрақтарды автоматтандыру жүйесі, орталықтандырылған ақпараттарныру жүйесі, билеттерді сатуды автоматтандыру жүйесі, автоматтандырылған кезек жүйесі және т.б. қамтиды.

Әуежайларда:
  • Астана қаласында ықтимал қауіп-қатердің әртүрлі аймақтары: күзетілетін периметр, қақпа және подъезд жолдары (100%), осал орынжайлар мен аймақтарға кіретін жерлер (100%), тұрақтағы автокөлік орындары (70% кем емес), қоғамдық орындар (60% кем емес), өтетін нүктелер (126 аса) әртүрлі типтегі 430 камерамен жабдықталды.
  • Астана, Шымкент, Қостанай қалаларында – тексеріп қарау құрылғылары: рентгендік-телевизиялық құрылғысы, тұрақты және қол металл іздегіш, жарылғыш заттарды іздеу детекторы және жолдаушыларды сканерлеуіш орнатылды.
Темір жол вокзалдарында:

2017 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстанның 16 теміржол вокзалында жолаушыларды, қол жүгін және жүктерді тексеру жүргізіліп жатыр. Жабдықтың бір жиынтығының сағатына 600 адамнан кем емес өткізгіштік қабілеті бар.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі үшін:
  • ЭКСПО-2017 нысандарында қауіпсіздік және дабыл саласындағы оқиғаларды орталықтандырылған басқару және үздіксіз тәулік бойы бейне бақылау.
    Жобаны енгізу нәтижесінде 2017 жылғы маусымнан бастап тамызды қоса алғанда Verint SMC (Situation Management Center) кешенді қауіпсіздік жүйесінде әртүрлі дәрежедегі 2100 оқиға анықталды (қауісіздік жүйесінің жұмысы, ІІМ операторларымен тіркелген).
  • Тұрақтағы орындары автоматтандыру, ұйымдастырушы кеңсесінің сыртқы және жер астандағы паркингі, аккредиттелген көліктердің арнайы нысандарға шығуын ұйымдастыру. Сондай-ақ бұл жүйе тұрақтағы орын үшін төленетін ақының ашықтығын қамтамасыз етеді және тұрақты пайдалануды жеңілдетеді.

«АҚБЖ»

Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі (АҚБЖ).

«АҚБЖ» – ақпараттық қауіпсіздіктегі оқиғаларды заманауи және функциональды құралдармен анықтауды және болдырмауды қамтамасыз ететін сервис.

Жүйе келесі кіші жүйелерден тұрады: желілер және сервистердің ақпаратты қорғау құралдарының қорғалуын тестілеу орталығы, Security Operations Center (ақпараттық қауіпсіздікті мониторингтеу орталығы) – ҚР SIEM технологиясы базасындағы цифрлық қауіпсіздік және оқиғаларды тексеру және құзіреттілік орталығының бірінші моделі.

Ақпараттық қауіпсіздік қызметін ұсыну тәуекелдердің болуын едәуір азайтты, ақпараттық активтерді қоғау деңгейі және біздің клиенттердің ақпараттық қауіпсіздік процестерінің кемелдену деңгейі артты.

Республикалық маңызы бар

«Астана ЭКСПО-2017» жобасы

Көрмені өткізу аясында, кешенді қауіпсіздік және интеллектуальды жарықтандыру жүйесінен бөлек, келесі жобалар іске асырылды:

  • Базистік телекоммуникацялық сервистер – көрмеге келушілер мен қатысушылар үшін интернет желісіне және ақпараттық қызметтерге қолжетімділік береді.
  • Пайдаланушылық және энергетикалық шаралар легі, оның ішінде интеллектуальды есептегіштер, энергияның жаңарартылатын көзінің және энерготиімділік саласындағы ресурстардың смарт-техникалары. Жобаны іске асыру аясында, Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің электромобилдері үшін барлығы 59 қуаттау станциясы және 57 энергонысаны қамтылды.
  • Инженерлік жүйелерді тиімді басқару жүйесі көрме павильондарындағы ыңғайлы климаттық ортаны қалыптастыру үшін жасалған. Аталған жүйені қолдану арқылы электрэнергиясын, желдетуді, жылуды және қызмет көрсетуші персоналдарды 30% дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Астана ЭКСПО-2017

Кешенді қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесі қылмыстар санын азайтуға және адам көп жиналған жердерде экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын жүргізуге бағытталған. Кешенді қауіпсіздік - тексеріп қарау құрылғысынан басқа, күзет бейнебақылау жүйесі, қолжетімділікті бақылау жүйесі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы, эвакуация жүргізу және басқару жүйесі, автотұрақтарды автоматтандыру жүйесі, орталықтандырылған ақпараттарныру жүйесі, билеттерді сатуды автоматтандыру жүйесі, автоматтандырылған кезек жүйесі және т.б. қамтиды.

  • Астана ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарындағы қауіпсіздік саласындағы оқиғаларды және дабылдарды орталықтан басқару және тәулік бойы үздіксіз бейне бақылау.
  • Жобаны енгізу нәтижесінде Verint 2017 жылғы маусымнан бастап тамызды қоса алғанда SMC (Situation Management Center) кешенді қауіпсіздік жүйесінде әртүрлі дәрежедегі 2100 оқиға анықталды (қауісіздік жүйесінің жұмысы, ІІМ операторлары тіркеген).
  • Инженерлік жүйелерді тиімді басқару жүйесі көрме павильондарындағы ыңғайлы климаттық ортаны қалыптастыру үшін жасалған. Аталған жүйені қолдану арқылы электрэнергиясын, желдетуді, жылуды және қызмет көрсетуші персоналдарды 30% дейін қысқартуға мүмкіндік берді.  Тұрақтағы орындары автоматтандыру, ұйымдастырушы кеңсесінің сыртқы және жер астандағы паркингі, аккредиттелген көліктердің арнайы нысандарға шығуын ұйымдастыру. Сондай-ақ бұл жүйе тұрақтағы орын үшін төленетін ақының ашықтығын қамтамасыз етеді және тұрақты пайдалануды жеңілдетеді
Мақсаты:

Жүйені әрі қарай пайдалану үшін жеткізуді, құрастыруды, іске қосу- жөндеуді үздіксіз қамтамасыз ету.

Қамту:

Астана ЭКСПО – 2017 аумағы
Орындау мерзімі – 2017 жыл

«Цифрлық кеніш»

«ҚазАтомПром» АҚ арналған «Цифрлық кеніш» - бұл жер қойнауын пайдалану саласындағы негізгі өндірістік процестерді автоматтандырудың толық кезеңін қамтамасыз етуге арналған MES (өндірістік процестерді басқару жүйесі) санатты өндірісті қолдау жүйесі.

Жоба аясында жер қойнауын пайдаланудың өндірістік процестерін басқарудың автоматтанылырған жүйесін енгізу және пайдалануға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар сериясы жасалды.

Жоба нәтижесінде KSU өндірістік көрсеткіштері артты: РВР диагностика жасау уақыты 14 күннен 2 күнге дейін қысқарды, өндірістің төмендеуі 3 есе қысқарды, қуатты қолдану 20% жақсарды, қағаз жұмыстары 80% азайды, ақапараттарды жоғалту 55% төмендеді, шұғыл ақпараттарды жинау уақыты 90% кеміді, бос тұру азайды және жөндеу жұмыстары оңтайландырылды.

SMART – жобалар

Smart city - Ақылды қала

«Smart-city – Ақылды қала» - бұл ыңғайлы әдістермен қалалық қызметтердің және инфрақұрылымның өте маңызды мәселелерін шешетін, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігн дамытуға және арттыруға бағытталған инновациялық жобалар жиынтығы.

Астана қ. аудандарының бірінде сынама жоба ретінде келесі жобалар енгізілді:

  • «Қауіпсіз қала» ТҚКЖ» – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді жобаны енгізу нәтижесінде, бұзушылықтар, қақтығыстар мен мүліктерді бүлдірудің саны едәуір азайғаны байқалды.
  • «Smart-көшені жарықтандыру». Интеллектуалды жарықтандыру жүйесін енгізу нәтижесінде электрэнергиясының 48% дейін үнемделгені, пайдалану шығындарының 40% дейін үнемделгені байқалды.

Сондай-ақ аталған технологияның 1000 бірліктен астамы Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағындағы жарық қосынына енгізілді.

  • «Smart-білім беру» – қоғамдағы білім беруді дамыту және ата-аналардың, оқушылар мен білім беру саласындағы қызметкерлердің өзара қарым - қатынас мәдениетін арттыру жүйесін енгізу нәтижесінде, жылына 1 сағатта 300 адамға үнемделгені тіркелді, білім беруді мониторингтеу тиімділігі және оны жылдамдату артты.
  • «Smart-Телеметрия» - есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу нәтижесінде, жабдықтарды қысқарту есебінен (ретрансляторларды, базалық станцияларды) телеметрия қызметінің құны, бағдарламалық қамтамасыз етуге, қызмет көрсетуші персоналдарға, байланысқа кететін шығындар төмендеді..
  • «Smart-ТКШ» – есепке алу және мониторингтеу интелектуальды жүйесін енгізу апаттық жағдайлардан, электр энергиясының және жылу энергиясының кемуінен немесе рұқсатсыз іріктеуден жоғалтуды 80% төмендетті.

Басқа жобалар

ТОБЖ АПК

Енгізілу кезеңі: 2013 - 2017 жылдар

Талшықты-оптикалық желіге (ТОБЖ) көшу мемлекеттің инфотелекоммуникациялық дамуында жаңа кезең болады және ИЖҚ-индустрациясын ерекше дамытуға мүмкіндік береді.

ТОБЖ өткізу қабілеттілігі, мәліметтер беру жылдамдығы, сенімділігі және ақпараттық қауіпсіздігі ұқсас мыс және радиорелелік байланыс жүйесі қасиеттерімен тең келмейді.

Бас сызба

Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК»АҚ енгізетінге сапалы және тоқсаусыз жұмыс жасау үшін жоғары жылдамдықты оптикалық транспорттық желі талап етіледі (SAP, АСУ ДКР, IP TC, TETRA, СИРДП және басқалар), ол әрекеттегі оптоталшықты желіні қажеттіліке байланысты күшейтеді.

Жобаның мақсаты:
  • станциялардағы жергілікті кәбіл инфрақұрылымын дамыту;
  • ұсынылатын қызмет көрсетулер спектрін кеңейту;
  • негізгі қызметтен түсетін кірістерді арттыру;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ біріңғай ақпараттық желісін құру;
  • Қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • резервтендірудің шеңбер кестесін құру есебінен магистральды желінің сенімділігін арттыру.

«Соңғы миль» учаскесінің құрылысы - 2017 жылы

5 бөлімше пайдалануға берілді:
  • Шымкент 72 км;
  • Қызылорда 21 км;
  • Жамбыл 62 км;
  • Ақтау 22 км;
  • Атырау 50 км.

12 айда магистарльды ТОБЖ келесі учаскелерінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізілді:

  • Шымкент – Ленгер – 29 км;
  • Луговая – Чалдовар – 68 км;
  • Ерейментау – Айсары – 220 км;
  • Бейнеу – Қарақалпакстан – 85 км;
  • Көкшетау – Қызылту – 195 км;
  • Қарағанды – Қарағайлы – 250,7 км;
  • Павлодар – Құлынды – 143 км;
  • Ақтоғай – Мойынты – 524 км;
  • Көксу – Текели – 77 км;
  • Астана – Атбасар – Тобыл – 671,6 км;
  • Петропавл – Исилькуль – 141 км;
  • Актөбе – Озинки – 574 км;
  • Никельтау – Орск – 81,5 км;
  • Қандыағаш – Атырау – 525 км;
  • Атырау – Ганюшкино – 287,9;
  • Костанай – Золотая Сопка – 166,7 км;
  • Тобыл – Жітікара – 113,2 км;
  • Пресногорьковская – Зерновая – 21,9 км;
  • Өскемен – Локоть – 246,9 км;
  • Өскемен – Лениногорск – 110,4 км;
  • Өскемен – Зыряновск – 186 км;
  • Семей – Локоть – 118,7 км.

2017 жылдың соңында – 4837,5 км.

Позиция бойынша 2017 жылы аяқтау мерзімі:
  • «Соңғы миль» учаскесінің құрылысы.
  • ТОБЖ учаскелерін тіркеу және паспорттау – 2017 жылғы 31 желтоқсан.
  • ТОБЖ жоспарланған құрылысы 710 км.

АТ - аутсорсинг - АТ-нарықтың жылдам дамушы және келешегі бар салаларының бірі.

Бизнестің дамуымен және бәсекелестіктің күшеюімен, бизнес профильді емес бағыттарды инвестициялаудан әлі де жиі бас тартады. Оның ішінде АТ-инфрақұрылымды өздігінен құрудан және қолдаудан. Кәсіби АТ – аутсорсинг ақпараттық технология ретінде бизнес үшін маңызды және көптеген жағынан сыни маңызды дамудың соңғы тәсілдерін қолдануға байланысты, күрделі және операциялық шығындарды, бизнес-процесстерді оңтайландыруға мүмкіндік береді, компания үшін бірегей бәсекелестікті артықшылық жасайды.

Электроэнергияның коммерциялық есебінің автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) — бұл энергетикалық ағыны және электр желісі туралы ақпаратты қашықтықтан жинау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін, аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені. ЭКЕАЖ міндеті берілген параметрлер мен тарифтар есебінен тұтынылған немесе берілген энергияның көлемін нақты өлшеу, сондай-ақ технологиялық деректерді талдау үшін ыңғайлы қалыпқа келтіру болып табылады.

Жобаның міндеті жүйенің жұмысқа қабілеттілігін дамыту және өлшеу-есептеу кешенінің қызметін жақсарту болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 23 электрмен жабдықтау дистанциясында сервистік қызмет көрсетіледі.

Сервистік қызмет көрсету жұмыстарына әр электрмен қамтамасыз ету дистанциясы әр есеп нүктесі бойынша, мәліметтерді жинау/беру құрылғысынан бастап (бақылауыштар, модемдер, аннтеналар және т.б), ЭКЕАЖ мәліметтер қорының орталық серверінен KEGOC жүйелік аппаратының FTP-серверіне хабарлама берумен аяқталатын жұмыстар кіреді.