03-4

Даму стратегиясы

2017 жылғы қаңтарда Директорлар кеңесі Компанияның (капиталдандыру) нарықтық құнын арттыруға бағытталған, 2026 жылға дейінгі «Транстелеком» АҚ Даму стратегиясын (Даму стратегиясы) бекітті.

Компанияның Даму стратегиясы телекоммуникациялық саланы дамытудың заманауи жағдайы мен келешегіне сәйкес, компанияны дамытудың миссиясын, елестетуді, стратегиялық мақсаты мен стратегиялық бағытын анықтайды. Даму стратегиясында тұрақты даму мен қызметттің тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.

Миссия, елестету және құндылықтар

Миссия

Клиенттер мен серіктестердің күткенінен асып түсіп, инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді және бірегей ІТ шешімдер жасау.

Миссияны талдау

«Инфрақұрылымдық мүмкіндіктерді талдау...» - Компания мақсаты- еліміздің әр түкпіріне және қалың бұқараға жету арналаған инфрақұрылымды кеңейту болып табылатын жобалармен жұмысты ерекше ынтамен жасайтын болады. «Транстелеком» АҚ – Қазақстандықтарға цифрлық әлемге және жоғары технологиялы қызметтерге қолжетімділік беретін жобаларды жүзе асырушы, жоғары деңгейдегі корпоративтік жауапкершілігі бар қазақстандық компания.

«...және қажетті АТ шешімдер…» - Компания сатып алатын және сататын технологиялық шешімдерін объективті түрде бағалау үшін жеке сараптамасын дамытатын және жинақтайтын болады. Клиенттермен жұмыс жасаудың жаңа қыры шешімдерге және сапасы жоғары өнімдерге сәйкестілігіне қамқорлық туралы ғана емес, Компанияның қызметтерін пайдалану нәтижесінде клиенттерге тікелей экономикалық тиімді болады.

«...серіктестер мен клиенттердің күткенінен асып түсу» - көрсетілетін сервистерді сапалы деңгейге жеткізу үшін Компания клиенттері мен серіктестерінің қанағаттану деңгейін үнемі бағалаушы институт қолданысқа енгізілетін болады (мысалы, NPS көрсеткішін қолдану). Жұмыстың қанағаттану деңгейін арттыру Компанияның барлық құрылымдарында өзара әрекет ететін клиенттермен және серіктестермен қандай да бір шарада тиімділіктің негізгі көрсеткіші болып табылады.

Елестету

«Транстелеком» АҚ – бұл озық технологиялар мен қызметтер жасау үшін ұйымдасқан және нәтижеге бағдарланған мамандар командасын біріктіруші, процестерді жоғары ұйымдастырушы динамикалық компания. Нарықтың көшбасшылары ынтымақтастық жасауға тырысатын тұрақты және сенімді серіктес.

Құндылықтар

  • Үздіксіз шыңдау
    Біз бір орында тұрмаймыз, күнделікті практикамызаға үздік алдыңғы қатарлы шешімдер мен технологияны енгізе отырып, қызметіміздің барлық саласында үнемі үздік болуға тырысамыз.
  • Бейімдік
    Біз кез келген жағдайда өзімізді және клиенттерімізді қамтамасыз ете отырып, кез келген өзгерістерге дайынбыз және үлкен жетістіктерге жетеміз.
  • Әлеуметтік жауапкершілік
    Қоғам алдындағы жауапкершілігімізді сезіне отырып, біз өз шешімдеріміз бен қызметтеріміздің сенімділігіне, қауіпсіздігіне және сапасына кепілдік береміз.
  • Клиентке бағдарланған
    Біз жоғары сапа мен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орната отырып, клиенттеріміз бен серіктестеріміздің қажеттіліктерін түсінуге тырысамыз.
  • Тиімділік
    Талап етілетін ресурстар мен күтілетін тиімділіктің байланысын бағалау арқылы біз нақты нәтижелерге жетуге бағытталғанбыз.
  • Өзара жауапкершілік
    Біз өзімізге жауапкершілік алуға қорықпаймыз және оны бірлескен жетістікке жету арқылы саналы түрде жасаймыз.
  • Адами әлеует
    Біздің қызметкерлердің әлеуетін ашуға және дамытуға Мы тырысамыз, оларды компанияны жақсарту процессіне қатысуға тартамыз.

Қоғамның ұстанымын және оның даму болашағын бағалау

Қазақстан Республикасы аумағында алғашқы провайдерлердің бірі болып табылатын «Транстелеком» АҚ республиканың 11 ірі қаласын бір желігі біріктіретін, жеке талшықты-оптикалық байланыс желісінің магистарльды желісі бар.

Компанияның негізгі қызметтері телекоммуникациялық және АТ-қызметтердің кең спектрін және:

  • жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон байланысын;
  • интернет желісіне қолжетімділікті;
  • телеграф байланысын;
  • байланыс каналдарын жалға беру және деректер беруді;
  • АТ-қызметтерді және жобаларды ұсыну болып табылады.

Қоғам есепті кезеңде ұзақ мерзімді тұрақты дамуға жетуге толықтай бағытталған, Қоғамның даму Стратегиясында белгіленген іс-шараларды жүзеге асырады.

Қоғам құрайтын стратегияның және операцияның өзара әрекеттесуі үшін ішкі процесстер үздіксіз жетіліп отырады және корпоративті басқару жүйесі дамиды.

Қоғам жетістіктерінің бірі деп Компанияның NB500 рейтингіне кіруін айтуға болады. NB500 – Қазақстанның ірі компанияларын, олардың еншілес компанияларын көрсетумен түсім көлемі бойынша сараптап анықтайтын National Business және McKinsey & Compan бірлескен жобасы, сондай-ақ мұнайгаз кешені, қаржылар, металлургиялық кешен, құрылыс, транспорт, ІТ және телеком, өңдеуші өнеркәсіп, сауда, FMCG, ауыл шаруашылығы және энергетика сияқты экономиканың 11 саласына толық аналитикалық шолу жасалады.

NB500 нұсқасы бойынша 2016 жылы «Транстелеком» АҚ жылына - 32,7 млрд. теңге табыспен екінші орынды иемденіп, «Саланың өте жылдам дамушы компаниялары» үштігіне кірді.

Дамудың жеткен деңгейін сақтап қалу үшін Компания бастамаларды, жаңа қызметтер мен сервистерді әзірлеу мен енгізуді іске асыруды жалғастыруға ниетті. Бұрынғыдай айырықша болып клиентке бағдарлану, бәсекелестікті арттыру міндеттерін шешу, өзгеріске бейімдік ұстанымдарын қолдану қалады, бірақ саладағы үздік дәстүрлі сақтау, өзекті трендтерді қолдану керек.

Сыртқы және ішкі ортадағы ағымдағы жағдайдың жүргізілген талдауы, сондай-ақ Компанияның миссиясы мен елестетуін тұжырымдау алдағы 10 жылдықта стратегияны елестетуге мүмкіндік берді. Стратегия өзіне негізгі үш бағытты іске асыруды қамтиды:

  1. Телекоммуникациялық қызметтерді дамыту;
  2. АТ-қызметтерді дамыту;
  3. Ішкі өзгерту.

Әр бағыт өз кезегінде ПӘК мен негізгі міндеттерден тұратын бірнеше мақсаттарды қамтиды.

Стратегиялық мақсаттарға жету Қоғамда қабылданған тиімділіктің негізгі көрсеткіштері жүйесімен бағаланады, оны орындау сыйлық ақы бөлігін ауыстыру көлеміне тікелей байланысты.

Стратегия B2B және B2G есебінен позицияларды тіркелген байланыс нарығында күшейтуге, IP-телеграфияға өту арқылы телеграф желісі топологиясын жаңарту бойынша қызметті ұсыну бағытында дамуға, мобильдік бизнесті дамытуға, АКТ қызметтерін, АТ аутсорсингі мен АТ саласындағы ірі халықаралық компаниялармен одақтаса жүйелік интеграция қызметтерін көрсетуге, сондай-ақ күрделі және кешенді АТ жобаларды іске асыруға бағытталған.

Қоғамда бизнестің операциялық тиімділікті сақтау, капиталды инвестициялардың тиімділігін арттыру, ішкі процесстерді үздіксіз шыңдау және басқарудың корпоративтік жүйесін дамыту бойынша міндеттер қойылған.