03-2

Реттеуші ортаның үлгісі

«Транстелеком» АҚ қызметі телекоммуникация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министерлігі байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен (әрі қарай – ҚР ИДМ БААК) реттеледі.

ҚР ИДМ БААК өз құзіретінде байланыс, ақпараттандыру және «электронды үкімет» саласындағы қызметтерге мемлекеттік реттеу жүргізеді, мемлекеттік саясат және мемлекеттік реттеулерді және табиғи монополиялар саласын бақылауды, сондай-ақ телекоммуникация және т.б саладағы реттелетін нарықты іске асырады.