03-1
Бөлімнің қысқаша мазмұны

Телекоммуникация нарығына талдау

IDC аналиткалық компаниясының мәліметі бойынша телекоммуникациялық қызметтің және ақылы ТВ-сервисінің әлемдік нарығы 2017 жылы 1,7% өсті және ақшалай есептегенде оның көлемі 1,67 трлн. долларды құрады. Аталған нарықтың ірі сегменті ұялы байланыс болып табылады, жинақталған түсімде оның үлесі 52% құрады, 2017 жылдан бастап 2021 жылды қоса алғанда ұялы байланыс категориясы орташа 2% өсетін болады. Өсу факторының арасында дыбысты байланыс пен СМС-хабарламаға кететін шығынның орнын толтыруға көмектесуші ұялы байланыс трафиігі көлемінің өсуі мен M2M-сервистерді тарату бар.

Worldwide Spending on Telecommunications and Pay TV Services (US$ Billions)

Маңызы бойынша екінші сегмент — тіркелген байланыс қызметтері — 2017 жылы жинақталған түсімнің 21% жуығын құрады. Осы бағыттағы жылдық орташа өсімнің көрсеткіші (CAGR) келесі бесжылдықта 4% жетеді деп күтілуде. Позитивті динамика мұнда жоғары жылдамдықты байланысқа қажеттіліктің өсуіне сәйкес келеді.

Тіркелген телефонияға қатысты, одан түсетін түсім келесі бесжылдықта жыл сайын 6% азайып отырады. 2021 жылға қарай бұл сегменттің үлесі телеком және ТВ қызметтер нарығының жинақталған табысының 10% аз мөлшерін құрайды деп болжайды IDC.

Қазақстанның телеком.нарығы (млрд. тг.)

+4.9%
684,30
677,70
710,90
2015
2016
2017

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша телекоммуникация нарығының көлемі 2017 жылы 710,9 млрд теңгені құрады. 2016 жылғы телекоммуникация нарығындағы құлдыраудан кейін нарық 4,9% өсті.

Қаларалық және халықаралық телефон байланысы қызметінен түскен табыс 2017 жылы 30 млрд. теңге құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 11,3% кем. Жергілікті телефон байланысынан түскен табыс 40,9 млрд. теңгені құрады 6,5% кем). Интернеттен түскен табыстың өскені байқалды — 228,6 млрд. теңге, алдыңғы жылға қарағанда 10,7% өскен; ұялы байланыс қызметінен түскен табыс — 223,4 млрд. теңге (1% кем).

Қазақстандағы байланыс қызметінен түскен табыстың құрылымы (2017 жылғы қаңтар-желтоқсан)

Қазақстандағы байланыс қызметінен түскен табыстың құрылымы (2017 жылғы қаңтар-желтоқсан)
  • 31.09
    Ұялы байланыс
  • 32.16
    Интернет
  • 18.01
    Басқа байланыс қызметтері
  • 5.76
    Жергілікті телефон қызметі
  • 4.23
    Қалааралық телефон қызметі
  • 4.16
    Деректерді беру
  • 4.59
    Бағдарламаларды тарату

Классикалық телекоммуникациялық сервистердің ену жиілігі

Атауы Саны 2017 ж. қарашадағы қатынас бойынша
Тіркелген телефон желісінің саны 3697,3 мың бірлік -0,4%
Ұялы байланыс абоненттерінің саны 26473 мың бірлік +0,05%
Тіркелген интернет абоненттерінің саны 2597,9 мың бірлік +0,01%

Сегменттер шамасындағы телекоммуникация нарығы

Тіркелген телефония

Тіркелген телефон байланысы біртіндеп өткенге кетіп бара жатыр: 2005-2016 жылдар аралығындабүкіл әлем бойынша абоненттер саны 1,243 млрд –тан 1,013 млрд-қа дейін азайды. Трафик ұялы байланысқа және VoIP-сервиске өтіп жатыр (Skype, WhatsApp және т.б.). GSMA Intelligence болжамы бойынша, әлемдегі ұялы байланыстың жинақталған абоненттер саны 4,7 млрд-тан асты, онжылдық аяқталар тұста абоненттер саны 5,6 млрд-тан асады. Халықаралық электр байланысы одағының мәліметінше (ITU), 7 млрд адам (жер тұрғындарының 95%) ұялы байланыс қамтыған аймақта өмір сүруде.

Қазақстанда тіркелген телефония сегменті жағмысыз да динамиканы көрсетеді. 2017 жылы тіркелген телефон желісінің саны 3,7 млн. бірлікті құрады, бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 5% төмен. Сондай-ақ қаларалық және халықаралық телефон байланысы қызметінен тұтыну көлемінің азаюына байланысты жалпы түсімнің төмендеуі байқалады. Бұл төмендеуге ұялы байланыс пен SIP-телефония үлесінің артуы себеп болды.

Интернет желісіне және ұялы байланысқа тіркелген қолжетімділік нарығы

КЖҚ технологиясы (кең жолақты технология 3G және 4G) бойынша ұялы байланыс планета тұрғындарының 84% қолжетімді. LTE жылдам дамушы желісі 4 млрд-қа (планета тұрғындарының 53%) жуық адамға қолжетімді. Әрбір екінші жер тұрғыны (47%), бірақ әр жетінші дамушы елдерде Интернетті қолданады. 2015 жылдың соңында әлем бойынша ұялы байланыс интернтетінің құны адам басына шаққанда ВҰТ 5,5% құрады, бұл ұсынылатын ITU деңгейге сәйкес келеді. Тіркелген қолжетімділікке арналған тарифтік жоспар орташа 2 есеге қымбат.

2017 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Қазақстанда интернет-байланыс қызметінің көлемі 228,6 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңінен 10,7% артық. Ең көп көлем Алматы (128,3 млрд. теңге, +11,2% жылына) және Астана (39,9 млрд. теңге, сразу +20,5% жылына) тиесілі.

ҚР интернеттеу – дамудың негізгі ерекшеліктерінің бірі. 2017 жылғы 12 желтоқсанда ҚР Үкіметі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бағдарламаның негізгі миссиясы цифрлық технологияларды қолдану және дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Бағдарламаны дамытудың екі векторы арқылы жүзеге асыру жоспарланған: орта мерзімді болашаққа «Қолданыстағы экономиканы цифрландыру» және ұзақ мерзімді болашаққа «Болашақтың цифрлық индустриясын құру». Бағдарламаның жоспарланған 120 іс-шарасы цифрлы сектордың негізін экономиканың жаңа саласы ретінде қалыптастырады және бес бағытта жүзеге асатын болады: «Экономика салаларын цифрландыру», «Цифрлық мемлекеттік көшу» «Цифрлық Жібек жолын жүзеге асыру» « Адам капиталын дамыту» және «Инновациялық экожүйені құру».

Жоба аясында қабылданған шаралардың нәтижесінде экономикалық сала бойынша еңбек өндірісі өсумен қатар, 2022 жылға қарай жалпы бөлшек сауда көлемінде электрондық сауда үлесін 2,6% дейін арттыру; цифрландыру есебінен 300 мыңға дейін жаңа жұмыс орындарын ашу;интернет желісін қолданушылар санын 82%; сондай-ақ халықтың цифрлық сауаттылығын 83% арттыру жоспарлануда.

Алдын ала есептеу бойынша 2025 жылға қарай цифрландырудан тікелей нәтиже 1,7-2,2 трлн теңге қосымша құн жасауға мүмкіндік береді.

АКТ қызметтер нарығы

Ақпараттық-коммуникациялық технология – пайдаланушылардың мүддесіне ақпараттарды жинау, өңдеу, сақтау, тарату, іріктеу және қолдану мақсатында біріктірілетін өндірістік процесстер және бағдарламалық-техникалық құралдар әдістерінің жиынтығы.

2018 жылғы қаңтарда Gartner аналитикалық компанияның есебінен ақпараттық технологияға (АТ) кететін әлемдік шығындар 2017 жылы 3,8% артып, $3,5 трлн. асып кеткені мәлім болды.

2017 жылғы әлемдік АТ шығындардың өсуі барлық бағыттарда байқалды, бірақ сарапшылар ең көбі корпоративтік БҚ категориясында тіркелгенін, онда шығындар 8,9% жетіп, $355 млрд.болған анықтады.

Тағы бір ерекшеленетін сегменттердің бірі құрылғылар, бұл жерде соңғы екі жылда бірінші рет өсу байқалды. 2017 жылы компьютерлер, смартфондар мен басқа да девайстарды сатып алуға $667 млрд. жұмсалды, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 5,7% көп. Gartner болжағандай, жаңа iPhone 8 және iPhone X смартфондары өткен жылы АТ жаһандық нарығына әсер ете қойған жоқ.

Дәстүрлі, ең көп тараған АТ-категория тұрғысынан шығындар 2017 жылы $1,39 трлн-ға жуық болған коммуникациялық сервистер болып табылды. Маңызы бойынша екінші АТ-сервисі бағыт болды ($933 млрд), ал ең аз шығындар ДӨО арналған жабдықтар сегментінде тіркелген ($178 млрд).

АТ Қазақстандық нарығы жұмыстар/қызметтер атауларын тура жіктеудің және осы салада зерттеулер жүргізуді қиындататын есептіліктің параметрлерін әртүрлі дереккөзден араластырудың жоқ екендігімен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты, зерртеуге әртүрлі сипаттағы ақпараттар тартылды: АКТ нарығы бойынша статистикалық мәліметтер, статистикалық мәліметтерден АТ бюджеттеу қорытындысы, дайын маркетингтік есептер және сатып алу қорытындылары.

2017 жылы ҚР АКТ саласында көрсетілген қызметтердің жинақталған сомасы 1 063 млрд.тг

2017 жылы ҚР АКТ саласында көрсетілген қызметтердің жинақталған сомасы 1 063 млрд.тг
Дереккөз: http://www.stat.gov.kz
  • 21
    Интернет; 228.6
  • 12
    Басқа байланыс қызметтері; 128
  • 4
    Жергілікті телефон қызметі; 40,9
  • 3
    Қалааралық телефон қызметі; 30,1
  • 3
    Деректерді беру; 29,5
  • 3
    РБағдарламаларды тарату; 32,7
  • 26
    Жабдық; 275,4
  • 3
    Бағдарламалық жасақтама; 33,6
  • 4
    Қызметтер; 40,9
  • 21
    Ұялы байланыс; 223,4

АТ секторға кеткен шығындар динамикасы көрсеткендей 2017 жылда 2016 жылмен салыстырғанда 29,83% өсу байқалған, бірақ 2015 жылғы көрсеткіш деңгейіне жеткен жоқ

Мұндай өсу ЭКСПО-2017 есебінен болғанына назар аударуымыз керек.

ҚР облыстары бойынша 2017 ж. АТ кеткен шығындар

Затраты на ИТ 2017 г. по областям РК
Дереккөз: http://www.stat.gov.kz
  • 1
    Ақмола облысы; 3 365,9
  • 2
    Ақтөбе облысы; 5 683,7
  • 1
    Алматы облысы; 4 244,8
  • 4
    Атырау облысы; 1 3464,1
  • 4
    Батыс Қазақстан облысы; 15 164,3
  • 1
    Жамбыл облысы; 2 191,8
  • 2
    Қарағанды облысы; 7 730,9
  • 1
    Қостанай облысы; 3 200,3
  • 1
    Қызылорда облысы; 3 290,5
  • 3
    Маңғыстау облысы, 11 639,9
  • 2
    Оңтүстік Қазақстан облысы; 6 253,8
  • 4
    Павлодар облысы; 13 687,6
  • 1
    Солтүстік Қазақстан облысы, 2 447,2
  • 4
    Шығыс Қазақстан облысы; 13 376,9
  • 21
    Астана қаласы; 71 930,2
  • 49
    Алматы қаласы; 172 271,6

IDC компаниясының дерегінше 2014 жылы АТ-нарық 8% құлдыраған. 2015 жылы — 30%. 2016 IDC оны тағы 7,7% төмендейді деп күткен. Егер АТ-нарық үшін өсудің соңғы жылы болған 2013 жылмен салыстыратын болсақ онда 41% құлдырағанын байқаймыз. Согымен қатар, IDC болжамы бойынша, компания 2016 ж.соңында берген, Қазақстанның АТ-нарығы 2017 жылы 10% өсуі мүмкін. 2017 жылы сектордағы компьютерлік бағдаламаландыру, сондай-ақ консультация және басқа да балама қызметтер бойынша қызметтер көлемі 160 миллиард теңгеден асты, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,2% көп *.

АТ-қызметтің 86% астамы астанада көрсетілген: 51,7% - Алматыда (83 млрд тг, +15% жылына), және 34,6% - Астанда (55,6 млрд тг, бірден +25,7% жылына).

Сауалнама нәтижесі бойынша:

  1. Қатысушылар АТ нарығы орташа 10-15% өскенін айтқан.
  2. Меморганның сервистік моделге бейімделуі.
  3. «Цифрлы Қазақтсан» бағдарламасы – АКТ секторды дамытудың тағы бір драйвері.
  4. АТ секторын дамыту тренді сұраныстың көптігіне оң динамика көрсетті және тиісінше шығындар бюджетіне.

Бәсекелестікті талдау

Қазақстандық телекоммуникация нарығында «Транстелеком» АҚ басқа «Қазақтелеком» АҚ, Beeline компаниялар тобы, «Kcell» АҚ, «KazTransCom» АҚ және «Astel» АҚ негізгі ойыншылар болып табылады.

«Қазақтелеком» АҚ еліміздің телекоммуникация нарығында көсбасшылық орынды алады және инфотелекоммуникациялық қызметті тұтынушылардың барлық негізгі мақсатты нарығын қамтиды.

Компания телефония (оның ішінде ISDN), деректер беру желісін, кең жолақты интернет-қолжетімділікті, IPTV, хостинг, SIP-телефония, бейне-жиналыс, телеграф, интеллектуальды байланыс қызметтерін ұсынады.

Компания байланыс қызметімен Қазақстан халқының көп бөлігін (70% аса үй шаруашылығы), бөлшектеп сату және абоненттерге қызмет көрсету нүктелерінің көптеген желісін, сондай-ақ тұрақты деп тануға болатын танымал брендті қамтиды. Қазақтелеком сондай-ақ операторлық қызметтер нарығында негізгі ойыншы болып табылады және Altel брендпен (Tele2 ынтымақтастықта) ұялы байланыс нарығында ұсынылған.

«QazCloud» ЖШС бірлескен сервистік компания, «Қазақтелеком» АҚ - 49% акциясы және «Самұрық – Қазына Бизнес-сервис» ЖШС - 51% акциясы тиесілі «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобына АТ қызмет көрсетуге бағытталған.

«Қазақтелеком» АҚ келешекке арналған жоспары компанияның АТ өнімдерін дамытуға, қаржы технологияларын, интернет порталдарды және ұялы қосымшаларды дамытуға бағытталған.

2018 жылдың басында «Chocomart» онлайн гипермаркетіндегі сатылым соның айғағы болып табылады, нәтижесінде «Қазақтелеком» АҚ жаңа нарыққа шығуды және бар клиенттік қорының арқасында компанияның табысын арттыруды жоспарлауда.

Технолгиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктен (НАТР) алынған 497 млн. теңге көлеміндегі грант бизнеске арналған цифрлық платформа жасауға бағытталатын болады: интернет-портал және цифрлық сервистердің көптеген жинынтығы бар ұялы байланыс қосымшасы.

2018 жылдың төртінші тоқсанында «Қазақтелеком» АҚ IPO-ға АХҚО биржасына шығуды жоспарлауда, сондай-ақ Kcell акцияларының 75% үлесін алу үшін табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне өтінім беріді.

Kcell және Beeline компаниялары ұялы байланыс операторлары болып табылады және телекоммуникациялық қызметтен түскен жалпы табыстың нарықтық үлесі бойынша тиісінше екінші және үшінші орындарын иемденеді. Beeline сондай-ақ интернеттке кеңжолақты қолжетімділік қызметін және ақылы теледидар қызметін ұсынады.

Beeline келешекке арналған жоспары LORA Wan технологиялық қорында IoT (Интернет заттарды) дамыту. 2018 жылы клиентке тарафикке шығынданбай теледидар қызметін қолдануға мүмкіндік беретін корпоративтік клиенттер үшін теледидар қызметі ұсынылды, сондай-ақ сол үшін жаңа өнім «Beeline» банк карточкасы дайындалған қаржы бағытын дамытады.

Жоғарыда аталған үш компания жиынтығы Қазақстан Республикасы телекоммуникация нарығының 80% жуық үлесін құрайды.

«KazTransCom» АҚ - негізінен мұнай газ саласындағы компанияларға телекоммуникация және ақпараттық технология саласындағы қызметтерді ұсынушы байланыс операторы. Өзінің жердегі жеті мың километрден асатын инфрақұрылымы, сондай-ақ 300 аса спутниктік станциясы бар.

«Astel» АҚ компаниясының негізгі қызметі - Қазнет жеке желісі қорында телекоммуникациялық қызметтер көрсету, деректер мен дыбыстар жіберу үшін (желілерді жобалау және жабдықтарды жеткізуден бастап, пайдалануға енгізу және тапсырысшының персоналдарын оқытудан аяқталады).

Операторлар бойынша 2016 жылдағы ҚР телекоммуникация нарығының құрылымы, нарықтағы үлесі:

«Транстелеком» АҚ тіркелген телефония сегментінің нарықтағы 4 % үлесін алады.

Операторлар бойынша 2016 жылдағы ҚР телекоммуникация нарығының құрылымы, нарықтағы үлесі
  • 31
    «Қазақтелеком» АҚ МКК
  • 22
    «Кселл» АҚ
  • 16
    GK Beeline
  • 13
    «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС
  • 4
    «Транстелеком» АҚ
  • 2
    «KazTransCom» АҚ
  • 3
    Алма ТВ
  • 3
    ASTEL АҚ
  • 1
    Otau TV
  • 7
    Басқа аймақтық операторлар
Дереккөз: ҚР Статистика комитетінің мәліметі бойынша есептік көрсеткіштер http://www.stat.gov.kz
Бәсекелестер "Транстелеком" АҚ "Казқателеком" АҚ "KazTransCom" АҚ "Kap Technology" ЖШС "Алма Телеком.
Казахстан" АҚ
"Казтелепорт" АҚ "КаР-Тел"
(Beeline) ЖШС
"Astel" АҚ "IT Grand" ЖШС "Softline
сауда" ЖШС
Қалаар./халықар. Байланыс қызметтері + + + + + + +
Жергілікті телефон байланысы + + + + + + +
Интернет + + + + + + + +
Спутниктік байланыс + + + + + +
Жалға беру (ТОБЖ) + + + +
Халықаралық транзит қызметі + + +
IP-телефония + + + + + + +
Service Desk +
Желіні ұйымдастыру сервисі + + + +
Бейнеконференцбайланыс + + + + +
Бұлт + + + + + + +
ДӨО + + + + + +
Электрондық құжат айналымы + + +
Куәландырушы орталық +
Электрондық мұрағат +
АЖ сүйемелдеу және енгізу + +
Байланыс орталығы +
Жабдықты сату және БҚ + + + + + +
Ақпараттық қауіпсіздік + + + + +
CRM жүйелер + + + +
Бейнебақылау + + + + +
АТ консалтинг /аудит + + + + +
АТ аутсорсинг + + + + +
TV + + + +
Ұялы байланыс + + +
Бәсекелестер "Транстелеком" АҚ "Казқателеком" АҚ "KazTransCom" АҚ "Kap Technology" ЖШС "Алма Телеком.
Казахстан" АҚ
"Казтелепорт" АҚ "КаР-Тел"
(Beeline) ЖШС
"Astel" АҚ "IT Grand" ЖШС "Softline
сауда" ЖШС
  • бизнестегі негізгі бағыттар;
  • қызмет ұсынады;
  • қызмет көрсетілген жоқ.