02-1
Компанияның бағыты

Дамудың қысқаша тарихы

«Транстелеком» АҚ – Қазақстан Республикасындағы ірі байланыс опертаорларының бірі, телекоммуникациялық қызметтерді, АТ, байланыс автоматика және энергетика саласында цифрландыру және жүйелік интеграциялаудың кең спектрін ұсынуға мамандандырылған.

«Транстелеком» АҚ даму кезеңдері және тарихынан ұмытылмас оқиғалар

1998

«Қазақстан темiр жолы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның "Сигнал беру және байланыс шаруашылығын басқару жүйесін оңтайландыру" бұйрығы негізінде, еншілес мемлекеттік кәсіпорын - "Транстелеком" ЕМК (Еншілес Мемлекеттік Кәсіпорын) құрылды.

1999
Тамыз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан темір жолы" РМК ( Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынды) қайта құру және оның құрамынан 100% мемлекеттің қатысуымен «Транстелеком» ААҚ бөлу жөніндегі іс-шаралар туралы" Қаулысы шықты.

Қараша

Қараша. «Транстелеком» ААҚ-ның алғашқы мемлекеттік тіркеу күні.

2003

Автоматтандырылған биллинг жүйесі және техникалық есеп жүйесі енгізілді.

Жерсеріктік байланыс желісі құрылды.

Деректерді тарату желісінің тораптарын орнату мен іске қосу және клиенттерге жаңа қызметтердің кең спектрін ұсыну басталды, оның ішінде Интернет желісіне кіру.

Қыркүйек

Алматы стансасына цифрлы АТС ( Автоматтық телефонды стансасын) қосылды.

"Қазақтелеком" АҚ желісіне, байланыс операторы ретінде қосу туралы орталықтандырылған шартқа қол қойылды.

2004

«Транстелеком» Ашық Акционерлік Қоғамы «Транстелеком» АҚ болып өзгертілді.

30 аса жаңа цифрлы АТС (Автоматтық телефон стансасы) орнатылды.

2005
Наурыз

Алматы-Астана учаскесінде 1340 километрге созылған талшықты- оптикалық байланыс желісінің құрлысы аяқталды.

Сәуір

Алматы-Астана магистральді учаскесінде ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс жүйесі) байланыс желілерін басқару және мониторингі мен әкімшілік жүргізудің бірегей жүйесін қолданысқа қосу Орталығының ашылуы.

Қараша

"Транстелеком" АҚ ИСО 9001-2000 менеджмент сапасының Халықаралық стандартқа сәйкес болу сертификатын алды.

2006
Наурыз

"Транстелеком"АҚ Германияның Ганновер қаласындағы CEBIT Халықаралық телекоммуникациялық көрмесіне қатысуы.

«Транстелеком» АҚ "Іскерлік тәжірибедегі жоғары сапалығы үшін" атты Халықаралық фондының алтын медалімен марапатталды.

Қараша

Алматы қаласында екі қолданыстағы АПСК 120/120 және АТ-ПС-ПД 72/64 телеграф стансаларын «Вектор-2000» бірінші цифрлы ТКС (Телеграфтық Коммутациялық Серверіне) ауыстыру жүргізілді.

2007
Қыркүйек

«ПОТОК» АСР (автоматтандырылған есептеу жүйесі) енгізілді.

2008
Қаңтар

Астана (2 дана), Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Екібастұз қалалары бойынша 6 қолданыстағы АТ-ПС-ПД телеграф стансаларын «Вектор-2000» бір цифрлы ТКС (Телеграфтық Коммутациялық Серверіне) ауыстыру арқылы телеграф сансаларын жетілдірудің басталды.

Ақпан

Бастауыш магистральді желілер мен ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желісі) учәскелерінің жұмысын байланыстыру үшін "Бастауыш магистральды желі" Орталығы құрылды.

Наурыз

"Транстелеком" АҚ тарихында алғаш рет«Orange» компаниясы үшін сыйымдылығы 45Мбит Астана-Лондон арнасы ұйымдастырылды және пайдалануға берілді.

Сәуір

Алматы-Астана учаскесінде SDH ЖТБ ҚТЖ (Жедел- технологиялық байланыс) желісі құрылды (жабдықтарға үйлестіру, бағдарламалық қамтамасыз ету және тестілеу жүргізілді).

Шілде

Алматы, Шу, Көкшетау, Қарағанды, Астана қалаларында магистральды желілердің аумақтық учәскелері (МЖАУ) құрылды.

Тамыз

Қоғам ресурстарын орынды пайдалану үшін, сонымен қатар Қазақстан шегінен тысқары жердегі клиенттерге сервис қызметін көрсету жөніндегі жедел жұмыстар үшін Москва қаласында М9, сыйдылығы STM1 РОР виртуалды торап ұйымдастырылды.

Қазан

Атырау филиалын (телефониясын) Алматы, Қарағанды, Астана, Көкшетау филиалдарымен біріктіруге, сонымен қатар Атырау қ. клиенттері үшін арналарды жалға беру қызметін ұсынуға мүмкіндік беретін Астана-Петропавловск-Атырау STM1 деңгейдегі арнаны тестілеуі аяқталды.

«British Telecom» компаниясы үшін, Гонконг-Алматы–Москва екі VC3 тестілеу жүргізілді. «Транстелеком» АҚ-ның көлік желілері бойынша Қазақстанның басқа қалаларында «British Telecom» жобалары іске асырылуда.

2009
Желтоқсан

Ірі магистральдық көлік желісін орнатуға және құрастыруға Alcatel-Lucent шартына қол қойылды. Қайта құру және дамыту Еуропалық банкі жобаны қаржыландырды.

Бір жыл бұрын пайдалануға берілген 128 жерсеріктік байланыс жүйесінің, «РЦКС ЭМС РЭС» АҚ электр магниттік үйлесімділігі тексерілді және кейін радиожиілік спектрге рұқсат алумен Қазақстан Республикасының информатизация және байланыс жөніндегі Агенттігінде тіркелінді.

2010
Маусым

Астана – Алматы – Астана хабарлауымен «Тұлпар-1» и «Тұлпар-2» фирмалық пойыздар үшін деректерді тарату қызметін коммерциялық пайдалануға қосу жүргізілді (01.06.2010ж №174 -Б "Транстелеком" АҚ бұйрығы).

Алматының б/с транзиттік телефон трафигін жалпы қолданылатын телекоммуникациялар желісіне (ЖҚТЖ) және халықаралық бағыттар және ұялы операторлар желілері бойынша трафик өткізуді ұйымдастыру үшін «Транстелеком»АҚ желісіне «KazTransNet» ЖШС және «Space.KZ» ЖШС операторлар желісін қосу.

Шілде

Мемлекеттік комиссия Қаулысымен HUB (орталық басқару стансасы) ОП-39 пайдалануға берілді.

Тамыз

Деректер таратудың жердегі жерсеріктік желілерін және ЖЖЖҚ (Жоғарыжылдамдықты жолаушылар қозғалысы) даусын «Транстелеком» АҚ Астана қ. (ОП-39) басқару стансасына ауыстыру жүргізілді.

Қыркүйек

"ҚТЖ"ҰК" АҚ шешімі негізінде, БКБ, деректер мен дауыстарды таратуды ұйымдастыру үшін, №3 медициналық пойызына жерсеріктік терминал орнатылды.

2011

Ж және ДБ (Жобалау және дамыту басқармасы) Новоишимский б/с (Жалпы қолданылатын телекоммуникациялар желісіне ) ЖҚТЖ "Транстелеком" АҚ АТС қосу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қыркүйек

"ҚТЖ"ҰК" АҚ бөлімшелерін магистральды желілерге қосу және байланыс арнасын ұйымдастыру үшін, магистральды кәбілінен ұзындығы 3,9 мың км талшық бөлу жүзеге асырылды. Осы сәтте, ТОБЖ(Талшықты-оптикалық байланыс желісі) жалпы ұзындығы 6,6 мың км құрады.

2012

Ақтөбе-Қандыағаш учаскесінде ұзындығы 96 км ТОБЖ (Талшықты-оптикалық байланыс желісі) құрлысының бірінші кезеңі іске асырылды.

ТОБЖ (Талшықты-оптикалық байланыс желісі) трассасының бойында орналасқан, КЖ (Кәбілдік желі) мониторингін басқару жүйесі іске қосылды.

2013

"Астана - Щучинск ақылы жол" жобасы бойынша арна ұйымдастыру және "ЭнергоРемСервис"компаниясы үшін ақылы жолдарға арналған коммутатор жабдықтарына және маршрутизаторларға реттеу жүргізілді. ("Казсатнет" и "Астел" компаниялармен бірлесіп -Vlan-"мониторингке арналған сервер", "Казтелепорт" компаниямен бірлесіп "төлемді өндіріп алуға арналған сервис").

2014

20 т/ж стансаларында SkyEdge-1жерсеріктік байланыстың жаңа жер стансасын орнату жөнінде жұмыстар ұйымдастырылды.

ЭД ТАБЖ ("Энергодиспетчерлік тарту" автоматтандырылған басқару жүйесін) өнеркәсіптік пайдалануға қосу. 6 678 тепловоз секциясы және 8 476 электровоз секциясы жабдықталды, локомотивтерді ЭДК АБЖ бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықтау: 647 тепловоз жиынтығы және 341 электровоздар жиынтығы.

ТОБЖ (Талшықты-оптикалық байланыс желісі) ұзындығы 8 139 км құрады.

"Саламатты Қазақстан», «Жәрдем» және «Денсаулық» медициналық пойыздарға арналған телефония, интернет және бейнеконференцбайланыс (БКБ) қызметтерін көрсету бойынша тұрақты негізде жұмыстар ұйымдастырылды. ТОБЖ (Талшықты-оптикалық байланыс желісі) жалпы ұзындығы 6,6 мың км құрады.

2015

"Транстелеком" АҚ жекешелендіру басталды.

Қыркүйек

«Кайдзен / Үнемді өндiрiс» өндiрiсi мен басқаруын жетiлдiру жөнiндегi процесті өрістеді.

Желтоқсан

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1141 «2016-2020 жылдардағы жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, "Транстелеком" АҚ 26-1% акциялар пакетін ерекше тәртіпте бәсекелес ортаға беруге жататын активтер Тізіліміне енді.

Қоғам елдің барлық аумағын және Қытаймен шекараны қамтитын, оптикалық желідегі «Ekinops» компаниясының 100G DWDM оптикалық көліктік жабдығын Парижде өрістетті. Бұл Қытай және Батыс Еуропа арасында ең үлкен желі болып табылады.

«Транстелеком» АҚ Қазақстандық автоматтандыру және роботтехника қауымдастығына кірді.

ЭДТ АБЖ ("Энергодиспетчерлік тарту" автоматтандырылған басқару жүйесі): 11 951 тепловоз секциясы және 11 957 электровоз секциясы жабдықталды, локомотивтерді ЭДТ АБЖ бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықтау бөлігінде: 348 тепловоз жиынтығы және 46 электровоздар жиынтығы жабдықталды.

ТОБЖ (Талшықты-оптикалық байланыс желісі) ұзындығы 10 954,2 км. құрады.

"Магистраль" АБЖ (Автоматтандырылған басқару жүйесі) бойынша ҒЗжТҚЖ аяқталды. ҚР бойынша т/ж магистралі таралымын белгілеудің басталды.

2016
Ақпан

"Транстелеком " АҚ - Трансформация Жол картасы шеңберінде "ҚТЖ"ҰК" АҚ бір топ компаниясы үшін АТ шешімін және автоматтандыру және телекоммуникация жөніндегі шешімдерді енгізу бойынша бірегей интегратор.

"Транстелеком" Куәландыру орталығының жұмысын аккредитациялау және енгізілді.

Мамыр

Ресей мен ТМД елдеріндегі телекоммуникациялық көлік желілері нарығын дамытуға арналған, жыл сайынғы ең ірі іс-шараға - «Transport Networks Russia 2016» 7VII -ші Халықаралық конференциясына қатысты.

Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарына 12 лицензиясы ойнатылған, Астанадағы әйелдер арасындағы әлем чемпионатына ресми демеушілік етті.

Маусым

"Транстелеком " АҚ акциялар пакетінің 49% пайызынсату-сатып алу шарты күшіне енді.

Шілде

«Ұлттық бизнестің рейтингі» одағының хабарлауы бойынша «Транстелеком» АҚ «САЛА КӨШБАСШЫСЫ» мәртебесі берілді.

Тамыз

ОҚО-да уран өндіретін кәсіпорында «Цифрлы кеніш» ақпараттық жүйесі пайдалануға берілді.

«Транстелеком» АҚ тарихындағы 1-ші жазғы Спартакиада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда 16 спорттық командаларға өз есігін ашты.

Қараша

«Telecom Global Limited» және «Транстелеком» АҚ арасындағы екі жақты кездесу аясында «250-ден астам адам тұратын ауылдық елді мекендерге кең жолақты Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Транстелеком» АҚ «ASTEX-2016» ірі халықаралық көрме-конференциясының бас серіктесі болды.

ТОБЖ (Талшықты-оптикалық байланыс желісі) ұзындығы 15 000 км. асты.

2017

Акциялар пакетінің 26%-1 сатудың екі кезеңді ашық конкурсының қорытындысы шығарылды, жеңімпаз анықталды.

2026 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы бекітілді.

Кибер-қауіпсіздік, "SOC" - Security Operation Center қызметтерін іске қосылды.

Жаңа ұйымдық құрылым күшіне енді.

"АСТАНА ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің серіктесі.