01-4

2017 жылғы негізгі оқиғалар

Қаңтар

  • 2026 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы бекітілді.
  • Ішкі аудит қызметі құрылды.
  • «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасы мен Басқарма мүшелерінің құрамы, өкілеттік мерзімі және лауазымдық нұсқаулықтары бекітілді.

Ақпан

  • Жаңа ұйымдық құрылым күшіне енді.
  • «Транстелеком» АҚ ЭКСПО-2017 нысанына 6 жаңа жобаны енгізді:
    1. Smart Grid және EV зарядталған инфрақұрылым
    2. Көрме аумағындағы «Ұйымдастырушы кеңсесі» және ЭКСПО-2017 нысанындағы көрмелік павильондар мен ғимараттарды, кіру топтарын, дүңгіршектерді және уақыиша ғимараттарды жобалау аясында базистік телекоммуникация сервистерінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы.
    3. «Астана ЭКСПО-2017» және «Ұйымдастырушы кеңсесі» ғимараты үшін тұрақты басқарудың автоматтандырылған жүйесі.
    4. Көшені жарықтандырудың интеллектуальдық жүйесі.
    5. «Ұйымдастырушы кеңсесі» ғимараты үшін BMS ғимараттарды басқару жүйесі.
    6. «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аумағындағы «Ұйымдастырушы кеңсесі» ғимараты мен павильондарының кешенді қауіпсіздік жүйесі.
  • «Транстелеком» АҚ Астана қаласындағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) тегін интернет желісіне қолжетімділік қызметін көрсетеді.
  • «Транстелеком» АҚ акциялар пакетінің 26%-1 сатудың екі кезеңді ашық конкурсының қорытындысы шығарылды, жеңімпаз анықталды.

Сәуір

«Транстелеком» АҚ Аламтыда Деректер өңдеу орталығын (ДӨО) - жеке есептеуіш жабдығын орналастыруға арналған жоғары технологиялық дата-орталығын жаңартты.

Мамыр

  • «Транстелеком» АҚ өзінің жеке SOC жасады.
  • Ынтымақтасқан әрі қолайлы жағдайда БАҚ өкілдері және блогерлермен біздің бірінші пресс-іс-шарамыз өтті. Іс-шарада «Транстелеком» АҚ өкілдері Астана ЕХРО2017 нысанындағы жобалар туралы айтты.

Маусым

«Astana ЕХРО 2017» көрмесінде «Транстелеком» АҚ корпортативтік павильоны ашылды.

Тамыз

  • «Транстелеком» АҚ қызметкерлері арасында екінші жазғы спартакиада өтті. Аталған іс-шара Қарағанды қаласындағы филиалда өткізілді
  • «Транстелеком» АҚ-да «ВРК АБЖ жүйесін демонстрациялау және «Вагондар жөндеу» порталы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Қыркүйек

  • «Транстелеком» АҚ «ЭКСПО Қытай-Еуразия» 2017 халықаралық көрсемісіне қатысты.
  • «GCCM CIS 2017» форумы алаңында Транстелеком компаниясы еліміздің транзиттік потенциалын дамыту саласында келіссөздер жүргізді.
  • «Транстелеком» АҚ логотипінің өзгергенін хабарлады.

Қазан

  • «Транстелеком» АҚ Profit Government Day 2017 стратегиялық серіктесі болды.
  • «Транстелеком» АҚ марафонды жоғары сапалы байланыспен қамтамасыз ету арқылы, «Тур Алматы-2017» екі күндік вело жарысының демеушісі болды.

Қараша

  • «КРИС-Сервис» компаниясы және «Транстелеком» АҚ ресей өндірушілерімен тығыз ынтымақтастықта поездарда интернетке қолжетімділік ұсыну бойынша революциялық технология әзірледі.
  • «Транстелеком» АҚ ServiceNow АТ процесстерді автоматтандыру платформасын енгізуді аяқтады және қызмет көрсетуде болған оқиғалар мен сұраныстарды басқару процесін автоматтандырды.

Желтоқсан

  • «Транстелеком» АҚ «Час кода» бүкіл әлемдік акциясына қатысты.
  • Директорлар кеңесі Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында және Беларусь республикасының Минск қаласында «Транстелеком» АҚ өкілдіктерін ашу туралы шешім қабылдады.