01-2

Қоғамның Басқарма Төрағасының жолдауы

Құрметті акционерлер, серіктестер және әріптестер!
«Транстелеком» АҚ Басқармасының атынан сіздердің назарларыңызға 2017 жылғы Жылдық есепті ұсынып отырғаныма қуаныштымын.

2017 жыл біз үшін техникалық көшбасшылық пен қызметтердің әртараптандырылған портфелін қоса алғанда, тарихи бәсекелестіктің артықшылықтарын күшейтуге бағытталған, өзгерудің басталған жылы болды. Біз 2026 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіттік, бизнесті Телеком, АТ және Операциялық бөлім деп бөліп ұйымдық құрылымымызды жаңарттық, сондай-ақ жаңа стратегияның іске асуына жауапты команданы күшейттік.

2017 жылы «Транстелеком» АҚ дәстүрлі және цифрлық сегменттегі ұстанымын нығайттық, сондай-ақ компания үшін келешегі бар бағыттарды дамытуды жалғастырудамыз. Біздің Стратегиямызға сәйкес, «Транстелеком» АҚ АТ қызметтерді сатудан түсім үлесі осы жылы айтарлықтай өсіп, 87 % құрады. КЖҚ бойынша 1 порттан түскен табыс 7,4 % өсті. Егер түсімнің өсу динамикасын қамтамасыз етуші қызметтерге келетін болсақ, қала аралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін сату – 33 %, халықаралық транзит қызметтерін сату – 49 %, Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін сату – 56% артқаны байқалады.

Айта кететін жайт, «Транстелеком» АҚ мемлекеттік сенімді серіктесі болып қала береді: 2017 жылы «Транстелеком» АҚ Астана қаласының барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) тегін Интернет желісіне қолжетімділік берді. Жобаның басты мақсаты – адамдарға оларды қызықтырушы ақпараттарға жылдам қолжетімділік беру және азаматтар арасында АТ-сауаттылық деңгейін арттыру болып табылады.

Бүгінгі таңда «Транстелеком» АҚ ақылды цифрлық шешімдерді әзірлеуге және жасауға, еліміздің барлық өңірлерінде байланыс құралдарының үздік хай-тек инновациялары мен жаңғыртуды енгізуге кірісті.

«Транстелеком» АҚ киберқауіпсіздік саласындағы жобалармен айналысады. Компания SIEM тәжірибелі технология базасында жаңа цифрлық қауіпсіздік моделін жасады және Қазақстанда бірінші SOC ақпараттық қауіпсіздік мониторингі орталығын құрды.

«Транстелеком» АҚ тиімді компания болуға тырысады. 2017 жылы біз персоналдар санын оңтайландыруды қолға алдық, бизнес-процесстер мен еңбек өнімділігінің тиімділігін арттырдық. Нәтижесінде табыс жыл соңындағы жағдай бойынша 1 адамға шаққанда 23 801,1 мың теңгеге жетті.

Біз ашық және бәсекеге қабілетті сыйлық ақы жүйесін, лайықты әлеуметтік пакеттер мен кәсіби және жеке даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге жұмыс істейміз. Біз әр қызметкерге өз мүмкіндіктерін және шығармашық әлеуетін іске асыру және Компаниямен бірге табысқа қол жету үшін оқу және даму процесстерін бағыттаймыз.

«Транстелеком» АҚ қызметкерлерінде компанияға өзінің жеке меншігіндей қарайтын қатынасты қалыптастыратын, Компания стратегиясының маңызды бөлшегі корпоративтік мәдениетті құру болып табылады. Бұл үшін біз үнемді өндіріс ұстанымына негізделген, қызметкерлерге күнделікті даму мен жұмыс тиімділігін арттыру үшін жабдықтар беретін жүйені енгіземіз.

«Транстелеком» АҚ ыңғайлы телекоммуникациялық сервистер ұсыну, клиенттеріміздің бизнестерінің тиімділігін арттыру арқылы сапаны жақсарту және цифрлық қызметтердің интеграцияланған жеткізушісі болып стратегиялық міндеттерін орындауды жалғасытрады. Бұл күн өткен сайын ыңғайлы және клиентті бағдарлаушы, жылдам және инновациялық боламыз дегенді білдіреді.

Корпоративтік басқару жүйесін әрі қарай жақсартуға тырысып, біз үнемі корпоративтік саясат пен процедураларымызды жетілдіру үшін жаңа әдістерді іздейміз.

Біз кез келген қызметті жүзеге асыру кезінде экологиялық фактордың маңыздылығы мен артықшылығын түсінеміз және болашақ ұрпақтарды салауатты өмірмен қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосуға тырысамыз.

Сөз соңында, «Транстелеком» АҚ барлық қызметкерлеріне, серіктестеріне мен акционерлеріне алғысымды білдіремін және біздің команданың жоғары кәсіби сапасы, жасампаздығы және еңбексүйгіштігі әрі қарай да Комапниямыздың бизнесін сәтті дамытуға мүмкіндік береді.