01-1
Кіріспе бөлім

Директорлар кеңесі Төрағасының жолдауы

Құрметті акционерлер, инвесторлар, серіктестер және клиенттер!
«Транстелеком» АҚ цифрлық қызметтер провайдерінде жоспарлы ауысуды жүргізеді және өзінің ұйымдық құрлымын және бизнес-процесстерін оңтайландырады. 2017 жылы біз Компанияның дамуына және Директорлар кеңесімен бекітілген стратегиялық мақсаттарға жетуге бағытталған бірнеше маңызды қадам жасадық.

Компанияны дамыту үшін таңдалған үлгінің тиімділігі өз кезегінде қазіргі сәтте қол жеткізілген операциялық және қаржы нәтижелерімен дәлелденді.

Сапаны және корпоративтік басқарудың тиімділігін жақсарту мақсатында Ішкі аудит қызметі құрылды.

Үлкен көлемде табыс әкелетін дәстүрлі операторлық қызметтер, көрсетілген сапалы қызметтердің, ішкі процесстерді оңтайландыру және пакеттік ұсыныстарды дамыту есебінен клиенттердің бейілдігін арттыру жағына өсіп жатыр. Сондай-ақ компанияның АТ интеграторға ауысуына байланысты, бұлттық қызмет көрсетулерді дамытудан басқа әлемдік деңгейдегі трендтерге сәйкес даму және өзге де инновациялық өнімдер шығарады.

Біздің бизнес-стратегияға біріктірілген тұрақты даму принциптері Қоғамның күнделікті қызметінде көрінеді. Компания қоршаған ортаға қолайсыз әсер етуді азайтуға, жұмыс орнында қауіпсіздіктің жоғары стандарттарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ барлық қызығушылық танытқан тараптармен сындарлы сұқбат жүргізуге тырысады.

Стратегияны әрі қарай дамыту Компанияға жаңа бағыттар бойынша бизнесті тұрақты дамуы, көрсетілетін сервистердің көбеюі мен клиенттерге қызмет көрсету сапасының жақсаруы есебінен, телекоммуникациялық нарықта көшбасшылық позициясы нығая түсті, нәтижесінде «Транстелеком» АҚ инвестициялық тартымдылығы артатын болады.

Корпоративтік стратегия шеңберінде 2017 жылғы жұмыстың лайықты нәтижесін көрсеткен Компанияның барлық қызметкерлеріне Директорлар кеңесі атынан алғысымды білдіремін. Біз активтеріміздің құнын арттыруға, Компанияның табысын және капиталдандыруды арттыруға арналған «Транстелеком» АҚ акционерлері мен клиенттерінің мүддесіне әрі қарай жұмыс жасауды жоспарлаудамыз.

ҚТЖ»ҰК» АҚ инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі Вице-президенті, 
«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
Бауыржан Пазылбекұлы Орынбасаров